Атырау, 19 желтоқсан 20:21
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Өкілеттігін беріп, жеке меншікті қорғау", "«Құпия қызметтiң» кезектi жорығы", "Биліктің біраз мәселесі "Трамптың көмегімен" шешілетін болды", "Назарбаевтан кейін кім келеді?", "Зерттеуші ОА-дағы радикализм жайын айтты"

2 546 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Құпия қызметтiң» кезектi жорығы" - Астанада Ресей және Түркияның бастамасымен Сирия дағдарысын бейбiт реттеу келiссөздерi басталған тұста түрiк елiнде БТА банктiң бұрынғы басшыларының бiрi Жақсылық Жарымбетовтiң ұсталғаны және белгiсiз жаққа әкетiлгенi туралы ақпар тарады. “Ашық Диалог” Фундациясы деп аталатын құқық қорғаушы ұйымның сайтында 21 қаңтар күнi қуғындағы оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовтiң әрiптесi, Ұлыбританияда саяси баспана алған Ж.Жарымбетовтi қазақстандық арнайы қызмет орындары түрiк әрiптестерiмен бiрге Стамбұл әуежайынан ұрлап кеткенi туралы хабарлама пайда болды.

AZATTYQ.ORG. "Зерттеуші ОА-дағы радикализм жайын айтты" - ОА-дағы діни проблемаларды зерттейтін бір топ ғалым халықаралық дағдарыс тобының (ICG) «аймақта ислам діні радикалданып барады» деген баяндамасының кей тармақтарымен келіспейтінін мәлімдеді. Олар ашық үндеуін The Diplomat басылымында жариялаған.

"Өкілеттігін беріп, жеке меншікті қорғау" - Нұрсұлтан Назарбаевтың президент, парламент пен үкімет арасында билікті қайта бөлу жайлы бастамасына қатысты батыс баспасөзіндегі комментарийлерден біршама пессимистік сарын байқалады.

"Ростов шахтерлері 18 айдың жалақысын ала алмай отыр" - Ростов облысы шахтерлері бір жарым жылдың жалақысын ала алмай жүр. Түрлі есеп бойынша, Kingcoal кәсіпорнының жалпы қарызы 320-350 миллион рубльге жетті. Көптеген отбасылар қарт әке-шешесінің зейнетақысы мен әлеуметтік төлемдер арқасында ғана күн көріп отыр.

365INFO.KZ. "Қазақстан халқы неге 20 миллионға жете алмай отыр?" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысымен Ішкі істер министрлігінің ішінен көші-қон комитеті құрылды. Сондай-ақ алдағы 5 жылға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасы әзірленетін болды.

Бір әйелмен ғана тұра алмаймын» – төрт әйел алған қазақтың шындығы" - Қарағанды облысының Шет ауданында тұратын Қуаныш Хантөре – төрт әйелі бар қазақ. «Мен бір әйелмен ғана тұра алмаймын, менің жүрегімнің кеңдігі көп әйелге жетеді дейді өзі.

ABAI.KZ. "Елбасының рақымшылығын «саудалайтындарды» жазалауыңызды сұраймын, Асанов мырза!" - 2016 жылдың 16 қазанында Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылындағы үйімізден алаңсыз жұмысқа бет алған анам Күлдари Әбілқайырованы жол үстінде көлік қағып, ажал құшты. Шешемді 40 км/сағат жылдамдықпен жүруге тиісті жерден 90 км жылдамдықпен қарсы бағытпен келе жатқан kz 717 ZKA 05 мемлекеттік нөмірлі БМВ көлігі соғып, 25 метр жерге дейін сүйреп әкеткен.

"Биліктің біраз мәселесі "Трамптың көмегімен" шешілетін болды" - Өткен аптада Ақорда жақта орын алған саяси өзгерістер туралы өз сайтымызда жаздық. Нұрсұлтан Назарбаев ширек ғасыр шегінде қалыптасқан президенттік билікті Үкімет пен Парламенттің құзырларына бөліп беріп, өзі «жоғарғы арбитр» болатынын айтты. Парламент пәрменсіз деуші едік. Енді пәрмен берілетін болды. Үкіметті тағайындайтын – Парламент болмақ. Ал Президент Назарбаев тек 2 министрді ғана тікелей өз әмірімен тағайындай алады-мыс. Телеарнадан тікелей эфирде өткен тоғыз минуттық жолдаудан кейін түрлі пікірлер айтылды.

QAMSHY.KZ. "В.К.Божко нені көксейді?" - Қазақстандағы казактар ағымының қашандағы түпкі мақсатының астарында- казак-орыстардың ұлттық, мәдени ерекшеліктеріне сай шаруашылық жүргізу нысандарын (кәсіпкерлік) құрып, ірілендіру; тұрғылықты жерлердің табиғи ресурстарына ие болу; жер нарығы, құқықтық қатынастарын қалыптастыру арқылы - аумақтық әкімшілік басқару органдарын құру; Жарғыға сәйкес жеке байланыстары, меншігі, банкте есебі, мемлекеттік ерекшелік белгілері бар субъектіге айналу жолымен казактар қоғамының құқықтық негізін жасау; кемеліне келтірген соң келесі кезекте республикамызда шашырай орналасқан «казак ұлтының» этникалық және географиялық аумағын белгілеу, өзін-өзі билеу туралы талаптарын заңдастыру, оларды мемлекеттік саяси қатынастардың құқықтық субъектісі ретінде таныту тұр.

"Тасмағамбетов Париждегі Шоқай мұрасына да қамқор болған еді" - 2017 жылы 27 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов Алматы қаласындағы Алаш қайраткері, ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлының мұражай үйіне арнайы барып, тарих және мәдениет ескерткіші саналатын музей үйінің жылдар бойы қордаланған мәселелерінің шешілуіне себепші болғаны туралы хабарларды оқып, Имекеңнің осыдан 16 жыл бұрын Париждегі Мұстафа Шоқайдың мұрасына да қамқор болғаны есіме түсті. Тасмағамбетовтің тарихқа, тарихи тұлғаларға деген осынау құрметін әрқашан байқап алғысымды айтып отырамын.

QAZAQUNI.KZ. "Астана процесіне Сирия тарапынан қатысқан этникалық қазақ кім?!." - Сириядағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында елордада өткен ірі жиынға Сирия тарапынан этникалық қазақ қатысты. Оның есімі – Әнуар Бадыр. Әнуар Түркияның Айдын провинциясында туып, Алеппода өскен. Дереккөзге сүйенсек, ол Сириядағы 28 мың қолдан тұратын қыпшақ қарулы тобының басшысы.

DALANEWS.KZ. "Назарбаевтан кейін кім келеді?" - Танымал қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев президент, үкімет және парламент арасында билікті қайта бөлу жөніндегі Қазақстанда басталған саяси реформаға пікір білдіріп, сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың орнын кім басуы мүмкін деген адамдардың есімін атады.

AIKYN.KZ. "«Ресеймен абайлап сөйлесу керек»" - АҚШ-қа ресми сапармен барған Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй Америка басшылығын Ресеймен, әсіресе Владимир Путинмен абайлап сөйлесуге шақырды.


30 қаңтар 2017, 14:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.