Атырау, 19 желтоқсан 19:37
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Мұнайшылар наразылығын «сыртқы күштерден» көреді", "Сирия дағдарысының Қазақстанға сабағы", "«Арбаға таңылған адамды соққыға жыққан» елде әдiлеттiлiктi қайдан табасың?", "Шулы карикатура авторы: Болмановтан кешірім сұрамаймын"

2 066 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Мұнайшылар наразылығын «сыртқы күштерден» көреді" - Ақтаудағы мұнайшылардың аштық жариялауын Қазақстандағы бірнеше БАҚ «сыртқы күштер әсері» деп түсіндіруге тырысты. БАҚ өкілдері «ақпаратты қайдан алдыңыздар?» деген сауалға жауап бере алмады.

"Әлеуметтік желілерді жабу тәсілі" - Қазақстанда байланыс туралы заңға жасалған өзгерістер күшіне енді. Енді арнайы қызметтер өз беттерінше, сот шешімінсіз телефон байланысы мен әлеуметтік желілерді өшіре алады. Мұны экстремизммен күрес тәсілдерінің бірі ретінде түсіндіреді. "Настоящее Время" бағдарламасының сюжеті.

"«Жиһадшылардың» жақындары Астанадағы келіссөзден үміттенеді" - Балалары «Сирияға жиһадқа кеткен» ата-аналар Астанада өтіп жатқан Сирия дағдарысын бейбіт реттеу жөніндегі келіссөзге үмітпен қарайды. «Тым болмаса сәбилерін Қазақстанға қайтарар ма еді» деп армандаушылар да бар.

ZHASALASH.KZ. "Сирия дағдарысының Қазақстанға сабағы" - Көкпарға түскен Сирия мемлекетiн тақымдап тартқылаған жақтың бiрi – Ресей мен Түркия билiгi 2016 жылғы желтоқсан айында Сирия келiссөздерiн Астанада өткiзуге ұсыныс жасаған едi. Оу баста келiссөз алаңы ретiнде ашылған Женеваға өкiлiн жiбергiсi келмей, бұлтаңдап жүрген Сирия президентi Башар Асад АҚШ пен Еуроодақ қыспағынан өзiне қорған болған Ресей, соңғы кездерi қабағы ашыла қалған Түркия басшыларының айтқанына көнiп, Астана келiссөзiн қолдады. Башар Асадты бауырындай көретiн Иран билiгi де Астанада отырып сөйлескендi жөн көрдi. Башар Асадқа қару кезеп, алты жыл табандап соғысқан оппозициялық күштердiң барлығы болмаса да жартысына жуығының өкiлдерi келiссөзден қашпады. 

"Аштық жариялағандарды айыптау – отпен ойнау" - Маңғыстау мұнайшыларының наразылығы билiктiң ұйқысын қашырды. Бұлай деуiмiзге себеп – өткен аптада екi бiрдей телеарнадан аштық жариялаған мұнайшыларды айыптаған, оларды әлдебiреулердiң айтағына ергендерге балаған хабар берiлдi. КТК арнасының “Портрет недели” бағдарламасы осы тақырыпты кезектi санына өзек етiп алса, “Қазақстан” арнасы да наразы мұнайшылардың әрекетiне жеделдетiп “журналистiк зерттеу” жасап жiберiптi. Алдымен аштық жариялап, ас-судан бас тартқан жұмысшылардан билiк неге қаймыға бастады деген сауалға жауап iздейiк. 

Арбаға таңылған адамды соққыға жыққан» елде әдiлеттiлiктi қайдан табасың?" - Ақтөбе облысында заңсыз мұнай өндiрумен, ұрлаумен және оны заңсыз тасымалдап, сатумен айналысты, осы мақсатта ұйымдасқан қылмыстық топ құрып оған жетекшiлiк еттi деп айыпталған Еркiн Iзбасардың адвокаты Серiк Сәрсенов өзiнiң қорғауындағы азаматты кiнәсiз деп санайды. Оның айтуынша, елiмiзде спортшылардың қамқоршысы, мүгедектер ұйымының белсендi мүшесi, кей ортада қылмыс әлемiнiң беделдi тұлғасы ретiнде көрсетiлген Е.Iзбасар абақтыда дәлелсiз айыптармен заңсыз отыр. С.Сәрсеновпен сұхбатымызда айыпталушылардың құқығы туралы сөз болды.

365INFO.KZ. "Астана процесіне Ресей сарапшылары пікір білдірді" - Ресей шығыстанушысы, экономист, Таяу Шығыс бойынша бас маман Евгений Сатановский Астана келіссөздеріне баға берді.

ABAI.KZ. "Ғұламалар кеңесінде ғұламалар бар ма?" - Ғұламалар кеңесі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы діни-ғылыми мәселелерді шешумен айналысатын консультативтік-кеңесші орган болып саналады. Бұл Кеңеске неліктен "Ғұламалар кеңесі" деген ат берілген, аты дардай осы бір кеңеске шынында ғұламалар мүше ме?

"Усама Абу Зейд: Тyркия vен Ресейдің талаптары бізге тиімсіз" - Сирия оппозициясының өкілі, әскери қаруланған құрылым мүшесі Усама Абу Зейд Астана келіссөздері төңірегінде пікір білдірді.

AIKYN.KZ. "Путин пен Tрамптың ортақ жауы кім?" - Бүкіл әлем алдағы уақытта қалай болады деп алаңдап отырғанының жөні бар. Өйткені ғаламдағы жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Сирия дағдарысы әлі шешілген жоқ. Сондықтан бүкіл әлем «АҚШ президентінің халықаралық саясаттағы алғашқы қадамы қалай болмақ?» деп мазасызданып отырғаны да жасырын емес.

"Өзбекстан өзгере ала ма?" - Билік  тізгінін қолына алған Шавкат Мирзиёев қысқа уақыт ішінде  елді алға  сүйрер ілкі қадам жасады. Өйткені Мирзиёев өзбек халқының Кәрімовтың кезіндегідей  пұшайман күн  кешіп, шөре-шөре  тірлік жасағанын  қаламайды. Ол Кәрімовтың  қалқасында 13  жыл премьер -министр  бола  жүріп,  халықты  қалай  басқару  керек екенін таразыға салғанға  ұқсайды. Ал бүгінгі  жасап  жатқан   тірлігін «өзбекті мұратқа  жеткізем» деген игі ниеттен  туған қарбалас деп  ұққан  жөн. Желтоқсанда  өтетін  президенттік сайлауды  күтпей-ақ Мирзиёев, қыркүйектен  бастап  уақытша  ел  билігін  ұстай  жүріп,  мемлекеттік құрылымға  біраз  өзгерту  енгізді. Ал  желтоқсанда  өткен президенттік  сайлауда жеңіске  жеткен соң,  алға  қойған  мақсатын  толықтай  жүзеге асыруға кірісті.

QAMSHY.KZ. "Шулы карикатура авторы: Болмановтан кешірім сұрамаймын" - Суретші, иллюстратор Мұрат Дильманов әнші Қыдырәлі Болмановқа жасаған карикатурасында оны қорлайтын ештеңе жоқ екенін айтады.

TURKYSTAN.KZ. "Шекаралық елді мекендер мәселесі мәз емес" - Егемендіктің қазаққа берген сыйы – кең байтақ даласын жат көздің сұғынан қорғап, шекарасын дер кезінде сызып, іргесін бекітуі. Себебі кез келген мемлекеттің берік болуы шекарасының шегенделуінен басталады. Бұл жағынан алғанда, ел үшін маңызды шаралар Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қабылданып, бекітілген болатын. Алайда бүгінде шекаралық аймақтардың халі нешік? 


24 қаңтар 2017, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.