Атырау, 19 желтоқсан 19:35
 бұлттыВ Атырау -5
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Билiк бөлiсу ойыны", "Үйі мен құжаты жоқтар қалай тіркеледі?", "«Қоғамның мықтылары емес, «шлактары» бастық болуда» – Айдос Сарым. Неге солай?", "Бyгінгі саясат һәм Авгейдің ат қорасы", "Қайта құрылған комитеттен не күтеміз?"

2 790 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Зейнетке бейнет қосқандар" - Өткен жылдың соңынан берi елдi шулатып жатқан Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығына Нұрбибi Наурызбаева тағайындалды. “Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi" АҚ басқарма төрайымы болған кезiнде Нұрбибiнiң басы дауға қалғанын ел бiледi. 2003 жылы ол банк басшыларының пәтерлердi өзара заңсыз бөлiске салуына байланысты қызметiнен кеткен едi. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев бұл “келеңсiздiктi тоқтатуды" тапсырып, “Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингi" АҚ-ның сол кездегi басқарма бастығы Қуандық Бишiмбаевты әлгi пәтерлердi қайтаруға жауапты еттi. Сөйткен Бишiмбаев қазiр қамауға алынды, ал жақын-жуықтарына пәтер үлестiрушi ханым қайтадан басқа жерге басшылыққа келдi.

"Билiк бөлiсу ойыны" - Президент билiгiн үкiмет пен парламентке бөлiп беретiн жұмыс тобы қаңтардың 13-i күнi алғашқы отырысын өткiздi. Жиын Ақорда ғимаратында тiлшi, қоғам белсендiлерiнiң қатысуынсыз оңашада өтсе керек. Мұндай жиын болғанын қысқа ғана хабарлаған akorda.kz сайтының жазуынша, жұмыс тобы мүшелерi ұйымдастыру мәселелерiн ғана талқылаған. Алдағы уақытта билiк өкiлеттiлiгiн қайта бөлуге ұсыныс әзiрлеу үшiн отандық және шетелдiк тәжiрибе мен заңнамалардың қолдануын зерделеп, талдау жасалмақ. Ақорда қалауымен он екi адамнан құралған жұмыс тобы мүшелерiнiң тiзiмiне қарасақ, зерделеу мен талдау ғылым саласында жүрген төрт адамға қалып, жоғарғы жақтың қалауымен жасалатын “төрттiктiң" жобасын алға сүйреу қалған сегiз шенеунiкке бұйыратындай көрiнедi.

AZATTYQ.ORG. "Үйі мен құжаты жоқтар қалай тіркеледі?" - Қазақстанда кейбір тұрғындар уақытша тіркелу туралы жаңа ережені білгенімен, оны орындауға келгенді тығырыққа тірелді. Қала маңындағы елді мекендерде жерге берілген құжат негізінде үй салып алған, бірақ оны заңдастырып үлгермеген тұрғындар қайда тіркеуге тұратындарын біле алмай жүр.

"Ұшақ құлағанда бала-шағасынан айырылған Сағынбек" - Қырғызстан астанасы Бішкекке таяу орналасқан Манас әуежайы маңындағы саяжайға ұшақ құлағанда Сағынбектің Рахмановтың отбасы опат болды. Қаңтардың 17-сі күні оның әйелі мен екі баласын жерледі.

365INFO.KZ. "«Қоғамның мықтылары емес, «шлактары» бастық болуда» – Айдос Сарым. Неге солай?" - Енді биліктің кез-келген ойластырылмаған шешімі халықтың наразылығы мен дүмпулерге әкелуі мүмкін, дейді сарапшы.

"Әй, Әкежан, бәрін бүлдірдің! Ақорданың сенімінен шыққан серкелердің тізімі жарияланды" - Төмендегі тізімге қарап отырып, ойланасың. Біз барып тұрған «Жемқорлар мемлекеті» екенбіз. Жоқ, рас. Мемлекетіміздің бейресми атауы болса, әлгі сөз соған сай келеді екен.

ABAI.KZ. "Бyгінгі саясат һәм Авгейдің ат қорасы" - Көне герек мифологиясындағы алып батыр Гераклдің алтыншы ерлігі - Авгей патшаның ат қорасын тазалаумен әйгіленетіні есте. Жырда Геракл ат қораны күреп, тазалап жатпайды, Алфей мен Пеней өзендерін бұрып әкеліп, қораның қос қапталынан есік ашады да, қаптатып қоя береді. Герклдің осы ерлігі мен қоса сол қадым заманнан бері Авгейдің ат қорасы қосарлана аталып келеді. Қандай да бір тазалық, тазару туралы сөз бола қалса, ескілікті жырдан хабары бар адам «бәрін Авгейдің ат қорасынан бастайық» дейді. «Авгейдің ат қорасынан бастайықты» соноу бір жылдары әдебиеттегі тіл тазалығы жөнінде толғанған ұлы Ғабит Мүсірепов те айтқан еді. Біз де бүгін «Авгейдің қорасына» соғуды ойлап отырмыз. Біздікі, бірақ, әдебиеттің емес, осы күні сасып, мүңкіп, қолқаны қауып, күлімсі иісімен дүниені алып бара жатқан саясаттың әңгімесі. Және бұл өзіміздің саясаттың, өзіміздің «Авгейдің ат қорасындағы» саясаттың әңгімесі болғалы тұр.

"Қытай Қазақстанға экономикалық «шаңды жорығын» бастады" - Қытай Қазақстан экономикасының әлсіз тұстарын іздестіріп, қолайлы тұсынан кіруге тырысуда. Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайы Қытайдың 51 кәсіпорнының (зауыттары) қазақ жеріне жасағалы отырған «шаңды жорығы» олардың әу бастан жоспарлаған экономикалық экспансиясына аса қолайлы шарттар туғызып берді.

QAMSHY.KZ. "Жанұзақ Әкім: Сирия шиеленісіне бітімгер болу – елге ДАИШ-ты шақыру болмасын" - 23 қаңтар күні Астанада «Сириядағы шиеленіс» бойынша көпжақты бітімгерлік жиын өткізу жоспарланған. Астана төрін ұсынған келісім алаңына тараптар Сирия билігі мен оппозициясы, қарулы топтары, Ресей, Түркия, Иран өкілдері қатысады деп күтілген. Сирия оппозициясы мен қарулы күштері Астанаға келісім жасау үшін келетіндерін кеше ғана мәлімдеді.

QAZAQUNI.KZ. "Өзге ұлттар неге өз тілін ұмытып қалмайды, министр мырза?" - Кеше ғана тағайындалған Ұлттық экономика министрі ұлтының тілін білмейтін болып шықты…

"Айсұлтан Назарбаев: Президент айналасындағы жемқорларды тазарту жалғаса береді" - Президенттің немересі өзекті мәселелерге қатысты пікірін өз Facebook парақшасында жария еткен.

AIKYN.KZ. "Қайта құрылған комитеттен не күтеміз?" - Елімізде Көші-қон қызметі комитеті қайта құрылды. Елбасы қаулысымен Ішкі істер министрлігі құрамында құрылған комитет оралмандар квотасы мен шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны реттейтін болады. Бұл комитет бұрын Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің құрамында болғаны белгілі.

"Еуропаға НАТО-дан басқа әскери одақ керек" - Америкалық президент Дональд Трамптың бір-бірінен асып түсетін қарама-қайшы пікірлері Еуропадағы біраз атқамінерлерге де ой салса керек. Қазір «қарт құрлық» жақтан президенттікке түспек болған кандидаттардың пікірі де қызу естіле бастады.


18 қаңтар 2017, 15:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.