AZATTYQ.ORG. "Майлыбаевтың қамалуы нені білдіреді?" - Майлыбаевтың қамалуы нені білдіреді? Қамалғандар билік кландары арасындағы қақтығыс құрбандары емес пе? Неге соңғы кезде жоғары лауазымды адамдардың қамауға алынуы көбейді? Осы және өзге де сұрақтарға AzattyqLIVE хабарында саясаткер Әміржан Қосанов жауап берді.
"Террорға қарсы заңның даулы тұстары" - Қазақстан ішкі істер министрлігі жедел-профилактикалық шаралардың жетістіктері жайлы рапорт беріп жатыр, ал қоғамда «террорға қарсы түзетулерді» қолдану практикасын сынайды. Кейбіреулер заңдарға енгізілген жаңа нормаларды тіпті минаға теңейді.
"Түркіменстан Иранға газ құбырын жапқаннан ұта ма?" - Түркіменстанның Иранға табиғи газ бермей қойғанына жарты ай болды. Иран ұлттық газ компаниясы қаңтардың 1-і күні Түркіменстанның газбен қамтамасыз етуді тоқтатқанын айтқан.
365INFO.KZ. "Қазақ қызын қытайға саудалау қашан басталған?" - Қазір қоғамда қытайдан келетін «күйеу балалар», оларға тұрмысқа шықпақ болып жатқан қазақ қыздары жөнінде әңгіме гулеп тұр.
"Тіркеу екі адамның өмірін «жалмады». Депутаттар неге бейқам?.." - Халыққа қызмет көрсету орталықтарында екі адамның өлімі тіркелуіне қатысты депутаттарға сауал қойылды.
ZHASALASH.KZ. "Шежiре шығару – ерiккеннiң ермегi емес" - Ескермес Әбдiқасұлы ру шежiресiн шығарғалы жатқанын өткен жылы естiгенмiн. Құрбан айттың алғашқы күнi осы өңiрдегi иiсi қазақ қатты қадiрлейтiн Құлмұхаммед ишан ұрпағы Ұлт-азаттық көтерiлiсiнде Аманкелдi сарбаздары серттескен “Дулығалы" мешiтiнде аруақтарға арнап ас бердi. Тура сол күнi Сәтбаев қаласында мейрамханада Ескермес шежiренiң тұсаукесерiн жасапты. Шежiре құрастырудың машақатын мен бiр адамдай бiлемiн. Бар саналы ғұмырын жас ұрпақ тәрбиесiне арнаған қарт ұстаз, сол кездiң өзiнде жасы сексеннiң сеңгiрiне шыққан ардақты ақсақал Қожа Қалиев бiрде: “Кеңестiк кезеңде қаймықтық. Солай үркiп жүргенде көнекөздер өмiрден озды. Егемендiк алып, ендi-ендi ес жиып, ел аралап шежiре жинауға бел буғанда нарықтың қыспағына килiктiк. Оның үстiне жас та ұлғайды.
ABAI.KZ. "Саяси топтар арасында ашық айқас бастала ма?" - Өткен аптада ҚР Президент Әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметінен босатылған Бағлан Майлыбаевтың тұтқындалғаны туралы ресми ақпарат шықты.
"Қазақтардың норвегтерден несі кем?" - Иә, қазақтардың норвегтерден несі кем? Еш кемдігі жоқ. Екеуі де Хақ Тағаланың сүйіп жаратқан пендесі. Бірі Орта Азияның Ұлы дала өлкесінде, бірі Еуропаның солтүстігінде өмір сүріп жатыр. Norðrvegr – «солтүстікке сапар» дегенді білдіреді. Алайда, екі халықтың арасындағы айырмашылық географиялық тұрғыдан орналасуында ғана ма? - Жоқ. Әлеуметтік тұрмысында. Норвегия – сыртқа мұнай мен газ экспорттайтын Еуропадағы бірден бір ел. Қазақстан да мұнай мен газ өндіреді. Қазақ жерінде мұнай мен газдан өзге де толып жатқан қазына-байлық жетерлік. Қазақстан қазір дүниежүзінде уран өндіретін елге де айналды. Менделеев жарықтықтың кестесінде түзілген өзге де химиялық элементтерді "шикілі-пісілі" етіп сатып жатыр.
QAMSHY.KZ. "Облыс әкімдерінің бірінші орынбасарлары. Ең мықтысы кім?" - Қазіргі күні Президенттің шешімімен құрылған Мемлекеттік биліктің тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелесі күн тәртібінде. «Билік өкілеттіктерін қайта бөлу жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу барысында жинақталған отандық және шетелдік тәжірибе, қолданыстағы заңнаманың және Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларын қолдану практикасы зерделеніп, талдау жасалады. Жұмыс тобының қызметіне заңгер, ғылыми-сараптамалық қауымдастығы, сондай-ақ қалың жұртшылық белсене тартылатын болады», делінген Ақорда таратқан хабарда.
"Қытай билігі ұлты қытай еместерге террорист сияқты қарайды" - «Қамшы» порталына Қытайдан Әлімбек Нұғыман(аты-жөні өзгертіліп алынды) есімді этникалық қазақ хабарласты. Ол Гуан Джоу қаласында тұрады. Кәсіпкерлікпен айналысатын Әлімбек өз басындағы мәселесін былай деп түсіндіреді.
TURKYSTAN.KZ. "«Ұятың боп тұр бетте…»" - Өзіміздің ұлттық құндылықтарымызды менсінбей жан-жағымызға алақтап, өзгеге көбірек еліктеуіміздің салдарынан күтімсіз, баптаусыз жерге шыққан арам шөптей, кеудемізге имансыздық рухы себілді. Мұндай рухы төмендеген халық біртіндеп өмірге деген сенімі мен құлшынысын жоғалтып, бейұлтқа айналып, құлдық психологияға бой ұрады.
"Қазақ хандығының көркем тарихы" - Жақында «Қазақ хандығы. Алмас қылыш» фильмі көрерменге жол тартты. Көп ұзамай аталмыш фильмнің кеңейтілген нұсқасы – сериалы қазақ хандығының құрылу тұсындағы тарихи оқиғаларды қалың жұрттың назарына ұсынады. Ілияс Есенберлиннің осы аттас романының желісі бойынша жарыққа шыққан туынды Жәнібек пен Керей сұлтан бастаған ұлы көш қарсаңындағы тарихи тұлғалар мен оқиғаларды қамтиды. Бұған дейін ата-баба тарихынан сыр шертетін, бүгінгі жас ұрпаққа үлгі боларлық қазақ хандары мен сұлтандары, батырлары мен жыраулары, ақылды аналары туралы әдемі баяндалған хикаяның болмағаны рас. Олай болса, осы туынды қарапайым көрерменнің жүрегіне ұлттық рух пен елдік намыс сыйлайды деп сенеміз. Осы орайда сценарий авторларының бірі жазушы, драматург Смағұл Елубаевты әңгімеге тартқан едік.
DALANEWS.KZ. "Қайдағы тәуелсіздік, біз қазір құлға айналып барамыз" - Жазушы, аудармашы марқұм Герольд Бельгердің осыдан бірнеше жыл бұрын БАҚ-қа берген сұхбаты керемет екен. Өткір, әрі әлі де өзекті сұхбат. “Біздің үлкен кемшілігіміз анау шенеуніктерді өте жоғары көтереміз. Ол әкім екен, бастық екен деп, олардың алдында дірілдеп-қалшылдап жұмсақ сөйлеп, биязы бола қаламыз" дейді Гер-аға. Рас қой иә?!