Атырау, 19 желтоқсан 23:00
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Тәжин саяси менеджменттің шамасы жетпеген хаостың алдын алуы керек — саясаттанушы", "Тәжин оралды. Саяси реформа бастала ма?", "Қонаев қалай бағаланып жүр?", "Бүгін – Чайна, ертең – Shina !!!", "Түркіменстанның бейтарап саясатының «жемісі»"

3 335 просмотра

INFORM.KZ. "Данияр Елеусіновтің салмағында енді жастарға жол ашылады - Мырзағали Айтжанов" - Бүгін БАҚ өкілдері Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің ресми түрде кәсіпқой боксқа ауысқанын жарыса жазып жатыр. Осыған орай таралған ақпараттың анық-қанығын білу мақсатында бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжановқа қоңырау шалып, мән-жайді сұрадық.

AZATTYQ.ORG. "Түркіменстанның бейтарап саясатының «жемісі»" - Түркіменстан үкіметі БҰҰ мойындаған «бейтарап ел» мәртебесін 20 жылдан бері мақтанышпен насихаттап келеді. 2016 жылдың қыркүйегінде Ашхабаттың «тату бейтараптық» саясаты елдің конституциясына да жазылды. Бірақ Түркіменстанға бұл саясаты көмектесіп жатыр ма?

"Трамп "компромат" хабарын "жалған" дейді" - АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп өзіне қатысты Ресейдің "компромат" материал жинауы мүмкін деген хабарламаны "ауру адамдар" таратқан "жалған ақпарат" деп сипаттады.

"Қонаев қалай бағаланып жүр?" - 12 қаңтар - Дінмұхаммед Қонаевтың туған күні. Қазақ ССР-ін ширек ғасырдай уақыт басқарған басшының бүгінгі насихаты туралы қоғамда түрлі пікір қайшылығы бар. Саясаткер Серікболсын Әбділдин «Қонаев есімінің көп айтыла бермеуі - бүгінгі билікке жағынудың көрінісі» десе, басқа сарапшылар насихат шараларына ешқандай кедергі жоқ дейді.

ZHASALASH.KZ. "Ұлтын сүйген ұлы тұлға" - Бүгiн – халқымыздың ұлы перзенттерiнiң бiрi Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туған күнi. “Көрнектi адамдар өз елiнiң не бағына, не сорына туады" деген көне мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған елiнiң бағына туған адам және бiздiң әрқайсымыз үшiн айрықша ыстық" деген екен кезiнде Iлияс Есенберлин.

"Тек пен тест" - Бұл қазақтың шығармайтыны жоқ. Әнеукүнi бiр әрiптесiмiз әлеуметтiк желiде “Тест атаулының тек бiреуi ғана ақиқатты дәл ажыратады, ол – әйелдердiң жүктiлiгiн анықтайтын тест" дептi. Күлесiз және шындығын мойындайсыз. Бiрақ солай екен деп өзге тест түрлерiн түгел ысырып тастауға болмайды ғой. Өйткенi үкiмет қазiр оқушыларға тиiстi сынақты былай қойғанда, мемлекеттiк қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн де осы әдiспен анықтап жүр. Алайда оның дәлдiгi қай шамада боларына болжам жасау қиын. Ең негiзгiсi, сұрақтың сүйекке жететiндей “терең" әрi “мағыналы" болғаны. Байқасаңыз, билiк бiртiндеп осыған келе жатқан сияқты.

"Маңғыстаулық 400 мұнайшы бiр апта бойы нәр татпады" - Биылғы жыл маңғыстаулықтар үшiн жайсыз басталды. “Маңғыстаумұнайгаз" компаниясына қызмет көрсететiн Oil Constraction Company (ОСС) компаниясының 400-ге жуық мұнайшысы қаңтардың 5-iнен берi аштық жариялап жатыр. Олар өздерi құрамына кiрген Қазақстан Республикалық тәуелсiз кәсiподақтар конфедерациясын тiркеудi талап еттi. Қаңтардың 5-iнен берi нәр сызбаған мұнайшылардың арасында асқазан жарасы, жүрек, қан тамырлары ауруы сырқатына шалдыққандар жетерлiк. Бiр апта iшiнде олардың бiрсыпырасының басы айналып, жүректерi айнып, құлай бастады. Бiрақ сонда да оларға “бұларың не, сендерге не керек, қалай көмектесе аламыз?" деген жан табылмады.

365INFO.KZ. "Тәжин саяси менеджменттің шамасы жетпеген хаостың алдын алуы керек — саясаттанушы" - Бүгін Елбасының Жарлығымен Марат Тәжин Ресей Федерациясындағы Қазақстанның төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босап, ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Марат Тәжин — істі түлкі бүлкекпен бастап, ақырын қасқыр әлпетпен аяқтайтын шебер әрі әккі саясаткер. Саясаттағы осындай салмақты тұлғаның елге оралуы нені білдіреді? Кaz.365info.kz медиа-порталы бұл сауалды саясаттанушыларға жолдады.

"Трамп Қырымды орыстікі деп мойындар ма екен? – The Diplomat" - Трампқа қойылатын көптеген сұрақтардың арасында екі маңызды мәселе бар – ол Қырымды Ресей аумағының бір бөлігі деп тани ма, әлде Ақ үйдің алдыңғы әкімшілігі сияқты мұны аннексия ретінде қабылдауды жалғастыра ма екен? Бұл туралы АҚШ саясаттанушысы Кейси Мичел ой толғайды, деп жазады порталымыздың орыс редакциясы.

ABAI.KZ. "Тәжин оралды. Саяси реформа бастала ма?" - Астанада тағы да ауыс-түйіс. Осы уақытқа дейін Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі болып қызмет еткен Марат Тәжин Президент жарлығымен қайтып оралды.

"«Тіл ажалының» айтқаны келді" - Сөйтіп, 2017 жылы бүкіл білім саласы үш тілге көшетін болды. Қаратабан жәй қазақтан бастап игі жақсы атаулы «Ау, бұл – қазақты бұратола жоюдың жолы ғой» деп қанша қарсылық білдіргеніне билік пысқырып та қарамады. Кемеңгер (ұлы демей-ақ қоялық) жазушы Мұхтар Әуезов өзінің өкшесін басын келе жатқан қаламгерлерге «осы сендер, ой, айттық қой, жаздық қой» дейсіңдер, қайталап айтып отыру керек, үйдің төбесінен тамшылап аққан су-екеш су да іргеде жатқан қара тасты тесіп өтеді, қайталап айтып отырыңдар» дейді екен. Сонда бүгінгі Қазақстан билігі қазақ ұлтының амандығы төңірегінде қазақтардың сан қайталап айтқан пікіріне құлақ салуға келгенде сол қара тастан да қатты болғаны ма? Әлде, сонау Ұлыбританияның Уэльс атты уәлаятында жатып алып ғалым Д. Кристал өзінің «Тіл ажалы» деген кітабында «Бір ұлтты жоқ қып жіберу үшін оларға қостілділікті үйретудің өзі-ақ жетіп жатыр. Сонда олардың тілін екінші үстем ұлттың тілі шұбарландырып бүлдіреді де, ақыры тілі бүлінген ұлт өз-өзінен жойылып кетеді» дегенін біздің «русскоязычный билік» білмейді деп ойлайсыз ба? Білгенде қандай! Олар Д. Кристал айтқан қостілділік деп аталатын қасірет аз болғандай қазақтың маңдайына енді «үштілді ұлт» деген қап-қара мөрді басып қойды.

DALANEWS.KZ. "Бәріне қазақ қыздары кінәлі ме?" - Ел-жұрт үш күннен бері қазақ қыздарын қытайға бермеуге ұран тастап, этносты барынша саф қалпында сақтап қалуға үндеп жатыр екен. «Шанжархан бұған қандай реакция танытады» дейсіздер ғой енді? Бұл жерде ұраншылдық дәртке аспайды. Мұндайда салқын ақыл ғана жол көрсетеді.

QAZAQUNI.KZ. "Бүгін – Чайна, ертең – Shina !!!" - Фейсбук парақшасында Айгүл Қажыбек: «Қытайда туып өскен азамат ретінде білерім, олар еш нәрсені тегін жасамайды. Көрші деген ұғымға біз сияқты қарамайды. Баяғыда, бір қытайға аудармашы болып, әңгімесін естігенде жағамды ұстағам: «Қытайда шешеме қарап отырған әйел, балам бар. Бірақ, Қазақстаннан тұрмысы төмен қыз тауып берсеңдер, жағыдайын өзім жасаймын. Басты талабым – тұрмысы төмен болсын» деген. Олар ең жансыз жерді біледі. Мемелекеттіміздің әлсіз тұсын ұстап алмаса болғаны…»-деп жазыпты.


12 қаңтар 2017, 15:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.