TENGRINEWS.KZ. "Уақытша тіркеу әлемде қалай жүзеге асырылады?" - ҚР ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымов үкімет отырысы кезінде әлемдік тәжірибеде мемлекеттік қызмет көрсету үшін тұрғылықты жері бойынша тіркелу міндетті екенін атап өтті. Ол Ресей, Грузия, Молдова, Латвия, Литва және Эстония елдері тұрғындарына бірыңғай тіркеу жүргізіліп жатқанын мысал етті. Оның айтуынша, мұндай процедуралар Еуроодақта да бар.
ZHASALASH.KZ. "Қойынға қолды салғаның..." - Азаматтардың тiркелуi туралы жаңа заң мен қазақстандық қыздарды жылына 90 мың доллар табысы бар қытайлық бай жiгiттермен көңiл жарастырғызбақ болған Ольга Самаринаның әрекетi елдiң ашу-ызасын туғызды. “Gimeney" агенттiгiнiң хабарлауынша, 15 қытай жiгiтi Қазақстанға қыз таңдау үшiн ақпан айында 4 күнге аялдамақ. Олар еуропалық бiлiмдi, ағылшын және бiрнеше шет тiлдерiн бiледi, орыс тiлiн де меңгерген, өте ауқатты. 18-40 жастағылардан таңдап алынатын қыздар да осы талғам-талапқа сәйкес келуi керек. Аз уақыттың iшiнде қытайдың бай жiгiттерiне күйеуге тимек болған 20 қыз да табыла кеттi. Осы ақпарат өткен аптаның соңында әлеуметтiк желiлерде жаппай жұрттың ашу-ызасын туғызды. Оның үстiне ЭКСПО-ға 350 мың қытайлықтың “Эйр Астанаға" билет алса болды тегiн кiре алатыны, өткен жылдың желтоқсанындағы Кәрiм Мәсiмовтiң Пекинде қытайлықтардың Қазақстанға топтық сапарын ұйымдастыруына қол жеткiзiп келуi – қоғамдық көңiл-күй қызуын тiптi көтерiп жiбердi.
"Отбасындағы озбырлық" - Бiр шаңырақтың астында өмiр сүретiн ерi мен әйелiнiң бiр-бiрiне дауыс көтерiп, тiптi қол жұмсауы, яғни отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесi – адамзатты алаңдатып отырған мәселелердiң бiрi. Мұндай кездерi көп жағдайда таяқ жеп, қорлық көретiн – әйел заты. Әлемде әрбiр бесiншi әйел ерiнен таяқ жейдi. Ал бiздiң елiмiздегi айымдардың 60 пайызы отбасында ерiнен зорлық-зомбылық көредi екен. Заман өзгерiп, уақыт зымырап алға басқанмен, еркек әйелге әлiмжеттiк жасауын қояр емес. Мұның себебi неде? Еркек неге есiредi? Әйел неге таяқ жейдi? Осы сауалдарға жауап iздеп көрейiкшi.
AZATTYQ.ORG. "Мирзияевтың үкіметіне кімдер енді?" - Өзбекстан қаңтардың 4-інде жемқорлықпен күресте жаңа шараларды қолға алды. Бұл – президент Шавкат Мирзияевтың үкіметінің бастамасы.
"«Қазинвестбанк» салымшылары банкті лицензиядан айыруға қарсы" - Алматыда «Қазинвестбанктің» 20 шақты салымшысы бастамашыл топқа бірікті. Олардың депозиттерінің көлемі банк банкрот болған жағдайда мемлекет қайтаруға кепілдік беретін сомадан асады. Салымшылар банкті лицензиядан айыру себептерін түсіндіруді сұрап, Ұлттық банкке жүгінді.
"Қайта құрылған көші-қон комитеті не шешеді?" - Қазақстанда президент қаулысымен көші-қон қызметі комитеті ішкі істер министрлігі құрамында қайта құрылып, алдағы бес жылға арналған көші-қон саясаты тұжырымдамасы әзірленетін болды. AzattyqLIVE-тің бүгінгі қонағы - қоғам белсендісі Ауыт Мұқибек.
365INFO.KZ. "«Прайм Плазаны» талқандағанда орыстілді жастар қатты шошыды». Сарым не дейді?" - Билік неге қазақ ұлты деген қағиданы бірінші орынға қоймайды? Ұлтшылдықты шовинизммен шатастыру орыстан жұққан ба?
"Данияр Ақышев қызметтен өзі қуған қызметкердің дұрыс айтқанын мойындады" - Ұлттық қорды аман алып қалу бойынша Қазақстан үкіметі пен Ұлттық банкі қолданып жатқан шараларға талдау жасаған The Wall Street Journal басылымы былай депті: «банк басшысы былтыр өз қуып жіберген Берік Өтемұраттың айтқанын орындай бастады».
ABAI.KZ. "Қырғыз ақындары қазақты қырына алды. Неге?" - Азамат Болғонбаев пен Аалы Туткычев. Екеуі де қырғыз ақыны. Қазақстанға талай келіп, Жүрсін Ерман жүргізетін Халықаралық айтыстарға қатысқан. Тіпті жүлдеден қанжығалары бос қайтқан емес.
"Айдос Сарым. Ұлт ісінде ұсақ-түйек жоқ немесе қазақ тәуелсіздігінің екінші кезеңі басталды" - Бүгінгі күні дүние жүзі бойынша этникалық факторлар өзектілене түсуде. Бұл ең алдымен жаһандану үдерістеріне, әлем елдерінің интеграциялануына, геосаяси мүдделерден туындаған миграциялық үдерістердің күрделі сипат алуына және т.б. этникалық негіздегі мәселелерге тығыз байланысты. Ұлттық сананың өсуі нақты іс-әрекеттерге себеп болып, жаһанның географиялық картасына өзгерістер енгізілуі тоқтайтын емес. Мұның бәрі ұлттық үрдістердің әрбір мемлекет үшін маңыздылығын көрсетеді. Өйткені, кезінде ұлтшылдық қасиеттерін жоғалтуы, оған қоса элитаның космополиттігі кейбір ұлттардың тарих сахнасынан жойылып кетуіне әкеп соққаны мәлім. Сондықтан ұлттық үрдістерді жандандырудың басты мақсаты - біртұтас ұлттық мемлекеттің ұстындарын нығайту. Қазақстанның бүгінгі күнгі нақты жағдайы да ұлттық үрдістерді жаңғыртуды, ұлттық біртектілену үдерісін мақсатты түрде жүзеге асыруды талап етеді. Ұлттық мемлекетте барлық сала ұлттық мүддеге негізделіп жүргізілуі тиіс. Сонда ғана заманауи ұлттық мемлекеттің үлгісіне қол жеткізуге болады және бұл қазақтың қазақ болып сақталып қалуының бір шарты. Қазақстандағы ұлттандыру үдерісі, өзекті мәселелері мен одан шығу жолдары жайында танымал қоғам қайраткері, саясаттанушы, Алтынбек Сәрсенбайұлы қорының президенті Айдос Сарым мырзамен сұхбаттасқан едік.
QAMSHY.KZ. "Екіге бөлінген Кипр мәселесін шешуге мүмкіндік бар ма?" - Еуропада 1974 жылдан бері уақыт тоқтап қалғандай көрінетін бір жер бар. Елсіз жерде бос қалған үйлер біртіндеп құлауға айналған, кезінде жап-жаңа жылтыраған автомобильдер шаң басқан автосалондарда тот басып жатыр. Бұрын халықаралық әуежайда тұрған ұшақтар күн сайын туристерді таситын, енді ешқашан ұшпайды.
"Уақытша тіркеу – жемқорлықтың жаңа түрі" - Жұрт дұрыс айтады. Қазақтарға туған жерінде тіркелудің қажеті жоқ. Зейнеткер һәм жағымпаз, білімсіз һәм жаныашымас депутатардың ұйықтап отырып, қабылдай салған заңының күшін жою керек!
BAQ.KZ. "Тамаданың тағдырын ойлағанда..." - «Есек кәртейсе жорға болады, ұры кәртейсе молда болады» демекші, осы мені үнемі ТАМАДА қартайса кім болады деген сұрақ мазалайды. Бір қарағанда мәнсіз ой секілді. Бірақ түбіне тереңірек бойласаң, әсіресе бүгінгі қазақ қоғамы үшін аса маңызды екенін аңғарасың. Сол үшін бұл жазбаны сабырмен оқуларыңызды сұраймын. Бұған біраз тамада достарым ренжуі мүмкін, өкпелесе өкперелі түс...песін. Біздікі талқыға салу...
"Тіркеу туралы: Олар қайда тіркеледі?" - Қазіргі қазақтың бас ауруына айналған дүние уақытша тіркеу мәселесі. Еліміздің кез келген қаласындағы ХҚКО (ЦОН) жыл басталғалы бері нөпірге тола бастады. Жалпы, тіркеу бізге не береді? Оған кімдер тіркелуі керек? Кімге қандай талап қойылуы керек деген сұрақтарға әлі ешкім де толық жауап алған жоқ.
AIKYN.KZ. "Уақыт тоқтап қалмай ма?" - Әлем уақытпен өлшенеді және соған бағынады. Бес күндік мына әлем уақытқа құралған. Кеңістік біткен уақыт жетегінде.