Атырау, 19 желтоқсан 22:49
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Қазақты қаладан кетiру амалы", "Бәрін бүлдірген Қасымов екен! Депутаттар ат-тонын ала қашты", "Қытай туристерiне экспо билетi неге тегiн?", "Қытай қызын жар еткен танымал қазақтар", "Ақ үй: саясатта сабақтастық бар ма?"

2 385 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Қытай туристерiне экспо билетi неге тегiн?" - ЭКСПО өзiн ақтайды деп халықты ал¬дар¬қатып келген Ақорданың “арты ашыла" бастады. Өйткенi жасырып-жабуға ендiгi жерде еш мүмкiндiк жоқ. Көрменiң ашылуына санаулы ай ғана қалды. Ал халықтың қыруар дәулетiн жұтқан ЭКСПО-ға ен¬телеген мейманың қайсы? Келе жатыр. Қытайдан 250 мың турист маусым туа берi қарай ағылады. Оларға ЭКСПО-ның билетi тегiн. Сонда бiз мұндай машақаты көп шараны не үшiн қолға алдық? Қытайға қызық жасап беру үшiн бе? Әлде қызығын өзгелерге сыйлап, шыжығын өзiмiз тарту үшiн бе?

"Қазақты қаладан кетiру амалы" - Алматы қаласының тұрғыны, II топ мүгедегi Амангелдi Жақсылықовтың қаламен iргелес жатқан “Қайрат" ауылында үш бөлмелi шағын үйi бар. Осы үйдi, ауладағы тағы екi жаздық баспананы ол жалға бередi. Асып тұрған жағдайы болмағандықтан (ауыз су аулада, дәретхана сыртта), баспананы арзан бағаға беруге мәж¬бүр. Оның үстiне, қаладан тысқары аймақ аумағынан үй жалдасаңыз, Алматымен салыстырғанда оның құны арзанырақ шығады. Сонымен Амангелдi үлкен үйдi 45 мыңға, екi “времянканы" 25 мың теңгеден өткiзедi. Айына 90 мың теңге табыс кiр¬генiмен, осының есебiнен газ, жарық пен судың ақшасын өзi төлейдi. Себебi әр баспанада жеке есептеуiштiң жоқтығынан осындай әрекетке баруға мәжбүр. Қыс айларында түскен табыстың жартысынан көбi сөйтiп коммуналдық төлемдерге жұмсалады. Қалғанына ептеп-септеп күн көредi...

AZATTYQ.ORG. "Олар мемлекетпен ұстасты" - Азаттықтың Орыс қызметі Ресейдегі үш белсендінің қарапайым азаматтан қалай күрескерге айналғанын баяндайды. Мақаладан Ресейдегі мемлекеттік биліктің қарапайым азаматтарға жасайтын қысым түрлерін білуге болады.

"Шетелде лауазым иеленген қазақтар" - Өзбекстанда этникалық қазақ ел президентінің кеңесшісі қызметін иеленді. Шетелдегі қазақтардың арасында лауазымды қызмет атқарған басқа да азаматтар бар.

365INFO.KZ. "Студенттерге обал. «Тіркеу» кесірінен пәтерақы қымбаттады" - Уақытша тіркеу пәтерді жалға алу құнын қымбаттатты. Әрине, ол бөтеннің табалдырығында жүрген жастарымыз мен жас отбасыларға үлкен салмақ болуда.

"Бәрін бүлдірген Қасымов екен! Депутаттар ат-тонын ала қашты" - Тіркеу туралы заң қатты қарсылыққа ұшырап жатыр. Жұрттың жанайқайы жоғарыға жеткен сияқты.

ABAI.KZ. "Декелбаевтың даңғаза әрекеті" - Жуырда Фейсбук әлеуметтік желісінде және «Abai.kz» сайтында 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі кезінде алаңға шыққандардың бірі Ерлан Декелбаевтың «Тарихи кітаптарға мені «сатқын» деп жариялатқан – Мұхтар Шаханов» деген мәлімдемесі шықты. Онда мынадай жолдар бар: «Мұхтар аға, мұның барлығы өзіңіз басқарған «Желтоқсан комиссиясының қорытындысынан» алынған. Сіз бұл қорытындыға қолыңызды қойып, мені комиссияның қорытындысымен сатқын деп тарихты бұрмаладыңыз. Мені ұрпақ алдында масқаралап отырсыздар. Бүкіл кітаптардың ішінде бадырайтып тұрып, «Исабеков Сәбитті» сатқан деп ойып тұрып, жалғыз маған ғана қорытынды щығарғаныңызға аң-таң қалып отырмын. Неге сонша маған ғана қадалып қалғансыз? Мұхтар аға, сіз арыз жазып келген 21 адамдарыңызбен бірге қоса 22 адам болып менің арқама пышақ сұқтыңыз. Ең болмағанда еркек құсап сол пышақтың біреуін неге менің кеудеме қадамадыңыздар, Мұхтар аға?».

"Қазақта отан бар, отаншылдық жоқ" - Мұрат Әбенов жүргізетін «Қоғамдық кеңес» бағдарламасында Амангелді Айталы ағамыз бір шындықты шыжғырып отырып бетімізге басты.

QAMSHY.KZ. "Қытай қызын жар еткен танымал қазақтар" - «Қытай күйеулерге» қазақ қыздарын ақшаға таныстыратын агенттік қазақтың намысын қатты қайрады. Әлеуметтік желіде үлкен алаңдаушылық байқалып, жұрт толқыды. Қазақтың қызын қытайға саудалайтын арсыздардың жұмысына ел есеңгіреді. Алайда, халықты алаңдатқан осынау мәселеге билік әлі күнге үн қатпады. Бір анығы «қазақ қыздарының ақшаға арын сатпайтыны, ұлтын сатпайтыны, азаматтардың аруларын қорлатпайтыны, намысын таптатпайтыны» айқындалды.

QAZAQUNI.KZ. "Бізде жемқорлық жайламаған сала бар ма?" - Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығын тойлап, былтырғы жылды үлкен өрлеу үстінде қорытындылап жатқанда ел үлкен сенім артып отырған республикалық бюджеттің орындалуын бақылайтын Есеп комитеті атты беделді де құзыретті орган ойламаған жерден «тосын сый» жасап берді. Мерейімізді үстем еткен мешін жылының меселін қайтарып, тауық жылына теріс тарту жасаған екі есепші «Қазақавтожол» деп аталатын алып мекеменің басшыларынан пара алып жатқан жерінен ұсталып, Есеп комитетінің еңсесін езіп, ел алдындағы беделін бес тиын етті.

EGEMEN.KZ. "Биылғы жылдың маңызды он оқиғасы" - Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты 2017 жылы Орталық Азия елдерінің саяси және экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін мән-маңызы жоғары 10 негізгі оқиғаға шолу жасады. Кеше Орталық коммуникациялар қызметінің ақпарат алмасу алаңында аталған институт директоры Ерлан Қарин биыл Орталық Азия елдері үшін аса маңызды саналатын оқиғалар туралы айтып берді.

"Ақ үй: саясатта сабақтастық бар ма?" - Әлемнің сұңғыла саясаткері Збигнев Бжезинскийдің «Екін­ші мүмкіндік» («Second Chance») атты сараптамалық туын­дысы 1989-2009 жылдар ара­лығында Америка Құрама Штат­тарының президенттері Джордж Герберт Буш, Уильям Клин­тон және Джордж У.Буш кезіндегі ішкі-сыртқы саясатына бағытталған. Автор өз сараптамасын АҚШ-тың 41-ші президенті Джордж Герберт Уокер Буштан бас­тайды. Мұның өзіндік себебі бар. Өйткені, Кеңес Одағының жойылған кезі де, керісінше, АҚШ-тың планета бетіндегі ең қуатты державаға айналып, халықаралық ықпалының күрт өскен кезі де дәл сол прези­денттің Ақ үйде билік құрған 1989-1993 жылдар аралығында орын алған болатын. Ал одан сәл бұрын ғана әлемді бейбіт тепе-теңдікте ұстап тұрған Варшава Шарты Ұйымы мен НАТО әскери блоктарының ал­дыңғысы ыдырап, соңғысы сақ­­талып қалғандықтан, халық­­­аралық жағдай жер жүзін­­де бірден ушығып, арты ғала­мат өзгерістерге ұласып кет­кен болатын.


10 қаңтар 2017, 14:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.