AZATTYQ.ORG. "Қазақстан қырғыз көліктеріне азық тасуға тыйым салмақ па?" - Қазақстан Қырғызстанның ет және сүт өнімдерін өз территориясы арқылы автомобиль көлігімен тасымалдауға тыйым салды. Ресми хаттаветеринарлық бақылаудан өтуі тиіс өнімдер 2017 жылғы қаңтардың 1-інен бастап теміржол көлігімен тасымалданады деп жазылған. Мамандар мұндай мәлімдеме ЕАЭО келісімдеріне қайшы деп санайды.
"Апатты үйлер проблемасын кім шешуі тиіс?" - Ресми дерекке қарағанда, Орал қаласында 41 үй апатты жағдайда деп танылған. Билік мұндай үй тұрғындарына мемлекеттік баспана бермейді. Жұртқа тозған үй орнына жеке құрылыс компанияларымен жаңа үй салу туралы келісім жасасуды ұсынады.
"Қырғызстан Қытаймен арада теміржол сала ма?" - Қырғызстан президентінің Пекинге сапарында Орталық Азия арқылы Қытай мен Иранды жалғайтын жаңа теміржол желісін салу жайы назар аудартты. Көптен жауапсыз жатқан бұл мәселеде осы жолы Өзбекстан да жиі атала бастады.
365INFO.KZ. "Өзбекстанда девальвация күтілуде: валютаның қара нарығымен қош айтыспақ" - 2017 жылдан бастап елде ауқымды қаржы реформасы жоспарлануда. 2016 жылғы қарашада Шавкат Мирзиёев көпшіліктің талқысына «Валюта саясатының басымды бағыттары туралы» қаулының жобасын шығарды. Бұл құжат елдегі валюталық шектеулерді алып тастаудың бастамасы ретінде қарастырылуда.
"Қазақ неге өз жерінде «тіркелуі» керек? – Неге солай?" - Барлық қазақстандықтарды уақытша жүрген жерінде міндетті түрде тіркелуге мәжбүрлейтін заңға байланысты сұрақ көп. Халықтың көкейіндегі сұрақтарға студия қонағы – қоғам қайраткері, саясаткер Әміржан Қосанов жауап береді.
ABAI.KZ. "Батька батыл шықты. Біз ше?" - Апта басталды. Ел ішіндегі «екіұшты» мәселелер қызу талқыланып жатыр. Онсыз да халық пен биліктің арасындағы кетеуі кеткен байланыс одан бетер алшақтай түсуде. Одан өзге Қазақстанға қатысы бар деген, жә болмаса отауы бөлек болғанмен, одағы бір көршілес елдердегі кейбір өзекті мәселелерге шолу жасаған ек.
"Қор...Тағы да қорлады" - БЖЗҚ басқарма төрағасы Руслан Ерденаев пен оның орынбасараларының бірі қордың 5 миллиард теңгесін қолды қылды деген күдікке ілінген. Қазір ҰҚК қызметкерлері бұл істі тексеруде.
TURKYSTAN.KZ. "Түрік термині қалай туған?" - Табиғи-географиялық құрылымына байланысты Азия құрлығы бес аймаққа бөлінеді: Алдыңғы, Оңтүстік, Оңтүстік-Шығыс, Шығыс және Орталық Азия. Осылардың ішінде Орталық Азия – түрік тілдес этностардың ежелгі Отаны. Еуропа мен Азия құрлығының түйіскен жерінде орналасқан.
"Отынға айналған ормандар" - «Тойдың болғанынан боладысы қызық» демекші, көптен күткен Жаңа жыл мерекесі өз мәресіне жетті. Мейрамның көрігін қыздырамыз, балаларды қуантамыз деп жанталасқан ата-ана дастарқанға тәттінің түр-түрін қойды, Аяз атаның, Ақшақардың кейпіне енді, қызылды-жасылды отшашуларды аспанға атты. Дәстүрден жаңылмай шаңырақтың төріне шамшыраққа оранған шыршалар орнатты. Оның әдемілігінде дау жоқ. Бірақ адамның бір сәттік қуанышы үшін қылқан жапырақты орман алқаптары орны толмас шығынға ұшырап жатқанын ескере бермейміз.
QAMSHY.KZ. "Қызтекелер жаулаған телеарналар айтыстан іргесін неге аулақ салды?" - Санаулы күн бұрын айтыс жанашыры Жүрсін Ерман әлеуметтік желіде жазба жариялап, айтыстың жағдайы турасында Иманғали Тасмағамбетовке мұңын шаққан еді. Енді Жүрсін Ерман жетекшілік ететін WWW.AITYSKER.ORG сайтының байланыс бөлімі жауаптысы, айтыскер ақын Шұғайып Сезімхан айтыстың телеарналардан көрсетілмей жатқанын жазып дабыл қақты. Салмақты ой мен сұраққа толы мақаланы «Қамшы» порталы да оқырман назарына ұсынады.
"Жұмаш Көкбөрі. Алда Қазақстанды не күтіп тұр екен?" - Қазақстандағы Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің бұрынғы төрағасы Нартай Дүтбаевтың ұсталып, қамауға алынуы, таяуда орнынан тайдырылған министр Қ. Бішімбаевтың үстінен тергеудің жүріп жатуы, кезінде «екінші Берия» аталған Аслан Мусиннің елшіліктен бірден зейнетке кетірілуі, зейнеткерлер қорының басшысы Р. Ерданаевтың ақша жеп қамауға алынуы, т.б. шенеуніктердің жиі парамен ұсталып жатуы, «тіркеу» туралы заңның аяғының күн өткен сайын үлкен айғайға ұласа бастауы, біреулердің ашықтан-ашық Астана жезөкшелерін бай қытайларға саудаламақ болу әрекеті, орта білім беретін мектептерге зорлап енгізілген «үш тілділік», т.б. қоғамдағы түйткілдер қордаланып келіп, елді жайлаған экономикалық дағдарыстың соңы үлкен саяси дағдарысқа апарып соқпай ма деген де күдік жоқ емес.
DALANEWS.KZ. "Уақытша тіркеу – діни экстремизмге тосқауыл бола алмайды" - Қазір ауыл жастарының көпшілігі екі қолға бір жұмыс іздеп қалада жүр. Көпшілігінің қалада құшақ жайып күтіп отырған туыс-туғаны жоқ. Сонда олар кімнің үйінде уақытша тіркеуге тұрмақ. Ішкі істер министрлігі басшылары мен депутаттар мұны ойлады ма екен? Осы жағы маған түсініксіз болып тұр. Жұмыс орындарына да тіркеле алмайды.
AIKYN.KZ. "Біз кімдердi жоғалттық?" - «Өмір барда қаза бар» бұл – табиғат заңдылығы. Өтіп бара жатқан Мешін жылы да еліміздің әдебиеті мен өнеріне, ғылымы мен спортына ерекше еңбегі сіңген бірнеше айтулы тұлғаларымыздан айырылыппыз. «Тірілермен тірімін» демекші, өткен жылдың парағын жабарда өмірден өткендерді еске алып, бас июді қағида тұттық. Сонымен, Мешін жылында біз кімдерден айырылдық?