ZHASALASH.KZ. "«Мысықтiлеу» сәуегейдiң сандырағы" - Жұлдызшы-сәуегей атаулының 2017 жылға жасаған болжамдары сан қилы. Жорамалға сенетiнi бар, сенбейтiнi бар, жылбасы болғандықтан оны әлеуметтiң әйтеуiр бiр шолып шығатыны жасырын емес. Бiз де сөйттiк. ... Осындайда марқұм жұлдызшы Назарбек Қожамсейiтов есiмiзге түседi. Кейде оның жасаған болжамы дөп келетiн. Мұндайда ол дереу редакцияға хабарласып, не өзi келiп: “Естерiңiзде ме, мен сiздердiң газеттерiңiзде пәлен елде соғыс оты тұтанады, түген жердi топан су басады, бiздiң елде құрғақшылық болады деп едiм. Айтқаным айдай келдi емес пе?" – дейтiн қызуланып. Бiз де мұндайда жауырыншының көңiлiне қараймыз да “иә, иә үстiнен дөп түстiңiз" деп қоямыз. Айтқымыз келгенi, қазiр осы марқұм Назарбек Қожамсейiтовтен кейiн күн райының ау-жайын, табиғат апаттары туралы, әсiресе жер сiлкiнiсi жөнiнде тұспал жасайтын жұлдызшы шықпады. Мүмкiн, ел iшiнде бiрдi-жарымы кездесiп қалар, бiрақ қоғамның назарын аударатындай деңгейге жетпегенi өкiнiштiлеу.
"Қош бол, ала таяқ" - Сөйтiп, 2017 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан жол полициясы қызыл таяқтан қағылды. Iшкi iстер министрлiгi өзi бекiткен бұл өзгерiстi елдегi жол ережесiн сақтауда халықаралық талаптарға сәйкестенумен түсiндiрдi. Еуропа әрiптестерiнен кем түскiсi келмеген қазақ полицейлерi ендi жаяу жүрiп көлiк тоқтата алмайды. Тоқтататындай, тоқтатуға себеп боларлық төтенше жағдай туса, онда қызыл таяқсыз қол сiлтеп қана көлiкке “тоқта" деп белгi бередi. Және қол сiлтеген сәтте ысқырып та үлгеруi керек. Әрине, қызыл таяқсыз қол сiлтеу қиын емес. Ал Астананың немесе Арқаның сары аязында ауызға салған ысқырық ерiнге жабысып қалса, онда бұл жол полициясының жеке шаруасы. Жол ережесiндегi халықаралық талаптарға сәйкес келу мен еуропалық әрiптестерiндей қызмет қылу үшiн “сиқырлы" қызыл таяқпен қоштасып, қол сермеп қалған, аязды күнi тастай ысқырықты ерiндерiне жабыстырып жатқан жол полицейлерiне кейбiр жандар аяушылықпен қарап жатыр.
AZATTYQ.ORG. "Уақытша тіркеуге тұру міндетке айналды" - Қазақстанда азаматтарды уақытша мекенжайы бойынша тіркеу туралы көші-қон заңдарына енгізілген түзетулер биылғы жылдан бастап күшіне енді. Тіркеудің міндетті талапқа айналуы кей құқық қорғаушыларды алаңдатады.
"Мамандар мәнерлеп сырғанаудың келешегіне алаңдайды" - Бапкерлер Қазақстанда мұз айдындары аз екенін айтады. Ал спортшылар мықты нәтижеге жету үшін шетел айдындарында жаттығады.
365INFO.KZ. "Мусиннен басқа «қартайғандар» аз ба билікте?" - Қазақстандағы ықпалды топтар мемлекет басшысын ескі жылды жазалаумен аяқтап, жаңа жылды жазалаумен бастауға мәжбүр еткен сияқты
"«Халық бәрін біліп отыр». «Сұсты генерал» Аманбаев сотта ағынан жарылды" - ҚР Қылмыстық кодексінің алты бабы бойынша айыпталған Алматы қаржы полициясының бұрынғы бастығы Әмірхан Аманбаевтың соты басталып кетті.
ABAI.KZ. "Астана ономастикасындағы Алаш мәселесі" - Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, Ұлт көсемі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан: «Қазақты автономия қылсақ, Қараөткел – Алаштың ортасы, сонда университет салып, қазақтың ұл-қызын оқытсақ, «Қозы Көрпеш-Баянды» шығарған, Шоқан, Абай, Ахмет, Міржақыпты тапқан қазақтың кім екенін Еуропа сонда білер еді-ау», -депті.
"Қазақты қалаға жолатпау саясаты" - Енді Қазақстанда азаматтарды бір айдан асатын мерзімге туған-туысын аралап, яки жұмыс бабымен емін-еркін қыдырыстап жүре алмайтын болды. Бір айдан асатын мерзімге бір елдімекенге барақалсаңыз міндетті түрде уақытша мекенжайы бойынша тіркеуге тұруға міндеттісіз. Яғни, көші-қон заңдарына енгізілген түзетулер биылғы жылдан бастап күшіне енетін болды.
TURKYSTAN.KZ. "Жаһандық қауіпсіздік: Қазақ елі атқарар жаңа міндет" - Жаңа жылдың басында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің алғашқы отырысына қатысып, Кеңестің тұрақты емес мүшесі ретінде өз жұмысын бастады. Қазақстан делегациясына ҚР Уақытша сенімді өкілі Барлыбай Садықов жетекшілік етті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің бірінші отырысында қаңтар айында жүзеге асырылуы тиіс жұмыс бағдарламасы бекітілді.
"2017: Қандай тосынсый күтіп тұр?" - Шашасына шаң жұқтырмаған аламан уақыттың кідіретін түрі жоқ. Әне-міне дегенше, тағы бір жылды да артқа тастадық. Әдетте жыл соңында әркім өз-өзіне есеп беріп, қорытындылайтыны белгілі. Нені еңсердік, неге үлгермедік? Қашанда өткенге салауат айтып, келешектен үміт ететін Қазақ елі Тауық жылынан не күтеді?
QAMSHY.KZ. "Қонақжайлығымыз басымызға бәле болды" - Қазақты өзге ұлттардан ерекшелеп тұратын көркем мінездерінің бірі – қонақжайлық. Иә, бұл рас! Біз қонақжай, кеңпейіл халықпыз, әлде халық едік! Сол қонақжайлығымыз басымызға бәле болып жүрмесін. Жалпы, мақтағанды жақсы көреміз ғой. Елімізге келіп жатқан өзге ұлт өкілдерінің қайсысынан болсын «Қазақтар саған несімен ұнайды?» деп сұрасаң, ең алдымен «қонақжайлығы ұнайды» деп жауап береді. Елімізде орыс тілі үстемдік етіп, көпұлтты мемлекетке айналып бара жатқанымыз да соның кесірінен.
"Әсия Бағдәулетқызы: «Қош, Лондонға кеттім»" - Журналист, мәдениеттанушы, театр және киносыншысы Әсия Бағдәулетқызының «Жас Өркен» газетінде «Мен «Болашаққа» қалай түстім?» деген мақаласы жарық көріпті. Шетелде білім алуды әлі де армандап жүрген мың қазақтың бар екендігін, алайда ол үшін не істеу қажеттігін білмей жүргендерін ескере отырып пайдалы мағлұматқа толы материалды оқырман назарына ұсынуды жөн санадық.
DALANEWS.KZ. "Қытайға қазақ қызының қажеті қанша?" - Жерді жалға алған Қытай азаматтары ертең қазақ қызына үйленіп, осы арада мәңгіге қалып, ақыры жеріміздің меншік иесі болып шыға келеді деген қауіп бар.
"Түркістанда жезөкшелер толып жүр. Бабалардың киесі атады ғой!.." - Белгілі журналист Серік Жұмабай туған жері Түркістандағы қылмыстық ахуалдың сын көтермей тұрғанын айтып ҚР Бас прокураторы Жақып Асанов мырзаның «Фейсбуктағы» парақшасы арқылы үшбу хат жолдапты. Әріптесіміздің жанайқайын сол қалпында жариялауды жөн санадық.