Атырау, 11 наурыз 11:33
 ашықВ Атырау +7
$ 494.84
€ 537.40
₽ 5.58

"Астарлы ауыс-түйiс", "«Қара алтынның» қадiрi Қазақстан үшiн қашанда бiлiнiп тұрады", "Еуроодақты 2017 жылы не күтіп тұр?", "Қырғыздар орыстың асынан, тілінен бас тартты. Біз ше?!", "Белгілі жазушы Назарбаевты құдайға, пайғамбарға теңеген ақындар туралы"

2 320 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Астарлы ауыс-түйiс" - Бiр орнында байыз тауып отыра алмайтын мешiннiң мiнезi секiлдi Мешiн жылында билiктегi ауыс-түйiс әдеттегiден көп болды. Наурызда Тауық шақырғанға дейiн әрi-берi сапырылысқан шенеунiктердiң саны бойынша Мешiн жылы рекорд қоюы да әбден мүмкiн. Тiптi жаңа жылдың қарсаңында да елдi елеңдеткен кадр алмасулар, керек десеңiз, “не дейдi?" дегiзген тұтқындаулар да болды.

"Әсiресақтық әлегi" - Бұл әзiрге халықтың жүйкесiне тие қоймаған, бiрақ күнi ертең кез келген Қазақстан тұрғынының алдынан шығатын күрделi мәселе. Күрделi болатыны, қабылданған жаңа заң ендi әркiмнен уақытша тiркеуге тұруды мiндеттейдi. Бұрын Қазақстанның бiр жерiнде тiркелiп, ел аумағын еркiн аралай беретiн жұртқа бұдан былай ондай мүмкiндiк берiлмейдi. Өзге қалада немесе облыста бiр айдан артық жүретiн кез келген адам уақытша тiркеуге тұруы тиiс. Бұл ереженi сақтамағандарға айыппұл салынады.

"«Қара алтынның» қадiрi Қазақстан үшiн қашанда бiлiнiп тұрады" - Бiздiң басты “қорегiмiз" мұнай болғандықтан оның тағдырына алаңдамай тұра алмаймыз. Бюджет бүйiрiнiң томпаюы да, Ұлттық қор қазанының бұрқ-сарқ қайнауы да, тiптi бар шаруаның шатқаяқтамауы осы “қара алтынның құдiретiне" байланысты. Сондықтан мұнай бағасы көтерiлсе қуанып, құлдыраса тұнжырай қалатынымыз осыдан.

AZATTYQ.ORG. "Еуроодақты 2017 жылы не күтіп тұр?" - Еуроодақтың кей елдерінде 2017 жылы өтетін сайлаулар одаққа және оның көрші елдермен қарым-қатынасына көп өзгеріс әкеледі деген болжам бар. Бірақ, бұған қоса биыл Еуропа саясатына ықпал етуі мүмкін өзге де маңызды оқиғалар болмақ.

"Ерте жүкті болғандар шетқақпайлық көреді" - Оңтүстік Қазақстан облысында жылда жүздеген жасөспірім қыз жүкті болып қалады. Мамандар ерте жүкті болғандар қоғамда кемсіту мен шеттетуге ұшырайтынын айтады.

ABAI.KZ. "Шумерлер (Маялар) қазақтың рулық шежіресінде" - Адамзаттың ең алғашқы ұлы мәдениетінің айшықты айғағы ретінде сақталып бүгінгі күнге жеткен ең ежелгі «Авеста» жазбасы да біздің аталарымыздың арасында, яғни атап айтқанда бүгінгі Қазақ даласында дүниеге келген.

QAMSHY.KZ. "Қырғыздар орыстың асынан, тілінен бас тартты. Біз ше?!" - 2013 жылы аталмыш жануардың етін қолдану мөлшері орта есеппен адам басына 100 граммнан келетін. Бірнеше жыл бойы осындай сандық көрсеткіш сақталып жүрді. Статистика бойынша, Бішкек пен Чуйск облыстарынан басқа елдегі барлық аудандар шошқа етінен бас тартқан. Сонымен қатар, соңғы он жылдықта жануар басы бойынша, 31%-ға қысқарған, яғни 79,6 мыңнан 50 мыңға дейін төмендеген. Шошқаны ең аз бағатын аудан – Ош ауданы, ол жақта бар-жоғы 16 мың бас болса, ең көп бағатын Чуйск ауданында 45 мың бас бар екен.

"Мұғалімдердің орамал тағуы жұмысынан айырылуына себеп пе?" - РФ-ның құрамына кіретін Мордовия республикасының Белозерье елдімекеніндегі орта мектепте 375 бала білім алады екен. 5-11 сынып аралығындағы қыз балалар саны 200. Олардың көбісі орамал тағады.

DALANEWS.KZ. "Үйсіз жүрген қазақтың баспана мәселесін 1 теңгемен-ақ шешуге болады" - “Жұмыла көтерген жүк жеңіл" дейді. Facebook қолданушысы Нұрдәулет Нұрәділдің айтуынша үйсіз жүрген қазақтың баспана мәселесін 1 теңгемен-ақ шешуге болады. Автор “1 теңге = 1 үй" акциясын ұсынып отыр екен.

QAZAQUNI.KZ. "Белгілі жазушы Назарбаевты құдайға, пайғамбарға теңеген ақындар туралы айтты" - Мақтаған жақсы ғой. Бірақ, оның да орны болса. Артық кетпесек. Шектен шықпасақ. Мақтаудың арты жағымпаздыққа ұласпаса… Жазушы Төлен Әбдік осыны айтқысы келген сияқты. “Халық сөзіне" сұхбат берген қаламгердің осы турасындағы ой-пікірін қысқартып, оқуға ұсынып отырмыз.

EGEMEN.KZ. "Уақытша тіркеу деген не және ол үшін қандай құжаттар керек?" - Қазақстанның өзге қаласына уақытша тұру үшін барған кез келген қазақстандық міндетті түрде сол жерде тіркелуі керек. Бұл талапты орындамаған азамат 16 мың теңгеден 30 мың теңгеге дейінгі аралықта айып төлейді. Бүгін Астанада ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаменті басшысының орынбасары Галина Сәрсенова жаңа заңның негізгі нормаларын түсіндірді. Оның айтуынша, тұрған жері бойынша тіркелу талабы – әлемдік тәжірибеде бар нәрсе.

5 қаңтар 2017, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.