Атырау, 19 желтоқсан 23:16
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"2017 жыл. Білім саласы үш тілге көшеді", "Әлихан Бөкейхан Масон ұйымының мүшесі болған", "Ленинді жерлеуге Путиннің дәті бара ма?", "Сирияның тағдыры Астанада талқыланады"

2 219 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ленинді жерлеуге Путиннің дәті бара ма?" - Ресей президенті Владимир Путин өзін патша бейнесінде дәріптеуге кетәрі емес. Бірақ, жүз жыл бұрын өлсе де, Путиннің өткен заманның құдіретті әміршілеріне ұқсауына кедергі келтіретін адам бар.

"Түрмедегі және бостандықтағы белсенділер" - Қоғамда резонанс тудырған сот процестеріне бай болған 2016 жылы "саяси астары" бар істер бойынша журналистер, азаматтық белсенділер және ірі бизнесмен де сотталды.

"Наталья Уласиктің қызы оны босату үшін күресіп жүр" - Психиатриялық ауруханаға мәжбүрлеп жатқызылған жезқазғандық азаматтық белсенді Наталья Уласиктің қызы Жоғарғы сотқа шағым бермек. Әлеуметтік желіде белсенділік танытқан соң қамалған Наталья Уласикті апелляциялық сот босатудан бас тартқан.

365INFO.KZ. "Неге солай? Хиджаб киген дұрыс па, бұрыс па?" - Бүгінде хиджаб мәселесі үлкен даулы мәселеге айналды. Хиджаб киген дұрыс па, бұрыс па? Студия қонақтары – журналист Зарина Мүсілім және әнші Дана Махамбаева.

ABAI.KZ. "2017 жыл. Білім саласы үш тілге көшеді" - Сонымен міне, 2017 жылдың алғашқы күндері де басталып кетті. Ресми күнтізбе бойынша ғасырдың тағы бір парағы ашылып, жұрт жаңа жылды қарсы алып, тыныс тауып жатыр. Нақтырақ айтсақ, қазақстандықтар жаппай демалыста. Алайда адамзат қоғамының қарбалас тірлігі тоқтап тұрған жоқ, тіпті, қаңтардың 1-і күні-ақ шетін оқиғалардың шеті көрініп үлгерді. Бұл, әрине, бөлек әңгіме. Қазір көпшілікті ағымдағы жылдың алда болуы ықтимал әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері толғандырып отыр. Мәселен көптің ойындағы сұрақ: күнкөріс деңгейін қамтамасыз ететін қаражаттың көлемі қандай болады? Зейнетақы, жәрдемақы тоқтап қалмай ма?, т.б. Осылардың бәріне шетінен жауап беріп көрелік. Иә, жаңалықтың көкесі тақырыпта тұрған мәселеде. Білім саласы биыл үш тілге көшеді...

"Қырғыз президенттерінің жасы - 61 жас" - Бұл кездейсоқтық па, әлде қырғыз елін басқарған адамдардың маңдайына жазылған жазу ма екен... Олар - кешегі елден қуылған екі президент: Ақаев пен Бақиев және келісім кезеңінде қызмет атқарған Отымбаева ханым - бәрі 61 жасқа толған кезінде "тақты" босатыпты. Атамбаев та, міне, осы жылы 61 жасқа толып, 62-ге аяқ басады. Оның жайы қалай болар екен, көреміз.

QAMSHY.KZ. "Әлихан Бөкейхан Масон ұйымының мүшесі болған" - Аты аңызға айналған тарихи тұлғаның өмірі мен елге еткен қызметінің кейбір жария болмаған тұстары, соның ішінде масон ұйымына мүше болғаны жөнінде белгілі алаштанушы-ғалым, «Алаш» мәдениеті мен рухани даму институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлымен арнайы сұхбаттастық.

"«Титаниктің» опат болуының жаңа себебі анықталды" - Журналист Шенан Молони (Senan Molony) 30 жыл бойы аты аңызға айналған кеменің не үшін суға батып кеткендігі туралы ғылыми-тарихи зерттеу жүргізді деп хабарлайды lenta.ru. «Титаник» сапарға шықпас бұрын Белфаста кеме жасайтын орнында инженер-электриктер оны фотоға түсіріп алған. Сол арқылы Молони зерттеу жүргізді.

ҚАЗТАГ. "Асылбек Кәрібаев: ШОБ және «ҚазМұнайГаз» тиімді серіктестігінің келешегі" - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» ЖШС бас директоры Асылбек Кәрібаев бүгіндері «ҚазМұнайГаз» (ҚМГ) ЖҚС желілері қалай күн көріп жатыр және компания бөлшек сауда сегментінде қандай жобалар мен бизнес-үлгілерді енгізіп жатқаны туралы айтып берді.

TURKYSTAN.KZ. "Қош бол, мешін, сәлем саған, ақ тауық!" - Кең даланы ақ кіреуке қар жапқанда, көгілдір шыршалар әшекей ойыншық таққанда әр саналы пенденің еріксіз ойға батары хақ. Өткен күнге салауат айтар, келер күнге үмітін арқалатар: шолақ қамшының сабындай жыл он екі ай тарих тартпасына тастай салатын ескерусіз нәрсе емес. Әр күннің құшағында ұмытылмастай боп жадыңа жазылған жарқын сәттер, жүрегіңді толқытқан, жаныңды бұлқынтқан аяулы кездер көп болмағы заңдылық. Әсілі, жылдар – саты, күндер – баспалдақ: солай өрге көтерілесің, жалп етіп жығылудан қорықпасаң биікке өрмелерсің.

"Сирияның тағдыры Астанада талқыланады" - Осыдан он ай бұрын Сирия туралы «Көкпарға түскен қайран Сирия» деген мақала жариялаған едік. Сирияның бұрынғы және кейінгі тарихын қозғап, бүгінгі халін сипаттаған сол мақала жазылғалы Шам елінің қасіреті еселеп ұлғаймаса, азайған жоқ. Одан бері Женева, Брюссель, Венаның жарық кеңселерінде сан түрлі мемлекет басшылары мен танымал саясаткерлер өзара кеңес құрып, көкпарға түскен Сирияның тағдырын талай мәрте талқылады. Бірақ бұл кеңестердің соғыс отына оранған елге пайдасы тигені күмәнді.

QAZAQUNI.KZ. "Жүрсін Ерман: Арыз-мұңымызды Тасмағамбетовке айтпағанда кімге айтамыз?!" - "Мен бұл сөздерді ашу-ыза үстінде жазып отырмын, артық кетсем Алла тағала өзі кешірер. Ақиқатын айтар болсам, бұл жазба Үкімет басшысының орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтың дәргейіне жетер ме екен деген дәмемен жазылуда. Өзі оқымаса да шылауында жүрген әріптесіміз Жүнісбек Сұлтанмұратовтың көзіне шалынарына күмән жоқ."


4 қаңтар 2017, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.