ZHASALASH.KZ. "Үштiлдiлiкке... үндемей қалмадық" - Мешiн жылында дүйiм жұртты дүрбелеңге түсiрген жайттың бiрi – мектеп реформасы болды. Бiлiм және ғылым министрi Е.Сағадиев мырзаның бұл тараптағы қиялы қырық құбылды. Оның 12 жылдық бiлiм беру жүйесiне көшу, жалпы бiлiм беретiн мектептерде ай сайын тест түрiнде емтихан алып тұру, бiр өзi бiрнеше пәндi қатар оқытатын әмбебап мұғалiмдер даярлау, оқу жылын шiлдеге дейiн созып, жазғы демалысты қысқарту, мектептердi мемлекеттiк мекемеден – шаруашылық есеппен жұмыс iстейтiн құқы бар аймақтық мемлекеттiк кәсiпорынға, былайша айтқанда, өз күнiн өзi көретiн мекемеге айналдыру сияқты шикiлi-пiсiлi долбарлары жұрт құлағын сарсытты. Ал елiмiздiң мектептерiн жаппай үштiлдiлiкке көшiру, жаратылыстану пәндерiн ағылшынша оқыту, “Қазақстан тарихын" жоғары оқу орындарының бағдарламасынан алып тастау реформасы министрдiң атын жер өртегеннен бетер дүркiретiп шығарды.
"Мешiннiң ойыны ма, Бейжiңнiң ойыншығы ма?" - Мешiн жылындағы Ақтөбе облысы жұртшылығын елеңдеткен оқиғалар – 30 сәуiрдегi Жер митингiсi және 5 маусымдағы террорлық акт. Атырауда, Ақтөбеде, Алматыда, Семей мен Қызылордада болған жер митингiлерi қазақ билiгiне қоғамдағы қарсылықты көңiл-күйдiң жалпыхалықтық сипатқа ауыса бастағанын айқын көрсеттi. Ал 5 маусымдағы 27 қылмыскердiң екi қару-жарақ дүкенi мен Ұлттық гвардияға шабуылынан соң елiмiзде террорлық акт болғанын ресми билiк бiрiншi рет мойындады. Ақтөбедегi теракт қазақ халқының билiктiң Қытайға жер саудасына қатысты қарсылығын басқа арнаға бұрып жiбердi. Мешiннiң дүрмегi ретiнде есте қалатын бұл екi оқиғаның дүмпуi алысқа кеттi.
AZATTYQ.ORG. "Ескі жүйеден шыққан жаңа басшы" - Өзбекстан соңғы 25 жылда екінші президентін сайлады. Желтоқсанның 4-індегі сайлауда бұрынғы премьер-министр Шавкат Мирзияев, көпшілік күткендей, 90 пайызға жуық дауыс жинап сайлауда оңай жеңіске жетті. Жаңа басшы қандай өзгеріс әкелуі мүмкін?
"Нартай Дүтбаев ісінің құпиялары" - ҰҚК экс-басшысы Нартай Дүтбаевтың қамалуына қатысты бақылаушылар пікірі оны аяқ асты өзекті мәселеге айналған "ескі күнәлары" үшін қудалап отыр дегенге саяды. Ол ҰҚК-ін басқарған кезде елде оппозицияның екі жетекшісі - Алтынбек Сәрсенбайұлы мен Заманбек Нұрқаділов қаза тапқан.
365INFO.KZ. "Жер дауы. Баян. Қыдырәлі және Ninety One. Жыл несімен есте қалды?" - Тәуелсіздіктің 25 жылын тойладық. Биылғы жыл сонысымен де құнды. Себебі, бізге Тәуелсіздіктің әр жылы қымбат. Бұл жыл бізге әртүрлі эмоция сыйлады. Қуандық, қайғырдық, толқыдық, тебірендік. Бәрі де болды. Біз өз кезегімізде халықтың жадында қалған бір жылдың ішіндегі елеулі оқиғаларды жіпке тізіп шықтық.
"Тауық жылы құт та болған, жұт та болған" - Қазақы таным бойынша, нағыз тауық жылы наурыз айында кіреді. Десек те, біз «тауық жылы қазақ тарихында қандай оқиғалар орын алды» деген сұраққа жауап іздеп көрдік.
KORRESPONDENT.KZ. "Жаңа жылды ең бірінші қай ел қарсы алады?" - Әне-міне дегенше есіктен Жаңа жыл аттағалы тұр. Мәреге жеткен мешін жылы талайдың меселін қайтармай, бағын еселеп берді. Ал есік қаққалы тұрған тауық жылы несімен есімізде қалуы мүмкін? Жаңа жылды ең бірінші болып қай ел қарсы алады? Өзге елдердің жаңа жылы несімен ерекше? Бүгін осындай қызықты ақпараттармен бөлісуді жөн көрдік.
"Мешін жылы қандай елеулі оқиғалармен есте қалды?" - Қарбалас пен әуре-сарсаңға толы болған 2016 жыл да тәмамдалуға таяу. Жаңа 2017 жыл жақындап келеді. Көшелерге әшекейлер ілініп, жер-жерде жаңа жылдық шыршалардың шамы жағылып, жұртшылық бүгінде «Тауық жылын қалай қарсы аламыздың» қамына кірісіп кеткен. Дәстүр бойынша әр жылдың соңында өтіп бара жатқан жылға есеп бере кету әуелден-ақ әдетіміз емес пе?! Сол жүрістен жаңылмай, ағымдағы жылдың несімен ерекшеленгеніне бірсыпыра шолу жасағанды құп көрдік.