ZHASALASH.KZ. "Мешiн мiнездес оқиғалар және оның кейiпкерлерi" - Он екi жылдан соң бiр айналып соғатын Мешiн бiзге не бердi деген сауалға жауап iздеуге әлi ерте. Себебi Наурыз келiп, Тауықтың дауысы естiлгенде ғана мерзiмi бiткен Мешiн тарих сахнасынан сырғып түседi. Оған дейiн әлi бақандай үш ай бар. Дегенмен жұрт 2017-нi қарсы алудың қамына кiрiскен бүгiнгiдей мерекелiк көңiл-күйдiң тұсында 2016-ның “келбетiнен" мешiнге тән “рең" iздеудiң ерсiлiгi жоқ секiлдi. Өйткенi кейбiр жағымсыз жағдаяттар жұртты күлкiге қарық қылып қана қоймай, ерекше таңданысын да тудырды. Және сол оқиғалар кiмнiң кiм екенiн айғақтап бергенi тағы рас. Осының бәрiн ескере келiп, мешiн жылындағы оқиғалардың талассыз кейiпкерлерiн iрiктеп, орайы келiп тұрғанда оларға “жыл" аталымы бойынша номинация үлестiрiп жiберудi жөн көрдiк.
"1 пайыздық өсiммен тоқсаныншы жылдардың деңгейiне түстiк" - Кейбiр сарапшылардың жазуына қарағанда, 11 айдың қорытындысы бойынша экономика 0,8 пайызға өскен. Ал ұлттық экономика министрi Қуандық Бишiмбаев “өсiм жыл соңына дейiн 1 пайызға жетуi ықтимал" деп топшылайды. Жарайды өсiм 1 пайыз-ақ бола қойсын. Сонда осы ауыз толтырып айтатындай көрсеткiш пе? Мамандар 1 пайыздық көрсеткiш өткен ғасырдың 1994-1995 жылдары болғанын жазады. Осыдан бiздiң ұлттық экономика тоқсаныншы жылдардағы деңгейге түстi деуге негiз шығады. Айтпақшы, мемлекеттiң қолдауынан кейiн экономика 1 пайыз өсiмге қол жеткiзген.
AZATTYQ.ORG. "Жыл қорытындысы: Дүтбаев, Шәукентаева және басқалар" - Қазақстанда 2016 жылы болған жер шерулері, Ақтөбе мен Алматыдағы қарулы шабуылдар, журналистердің тұтқындалуы және өзге де маңызды оқиғаларды бүгін AzattyqLIVE хабарында сарапшы Айдос Сарыммен талқылаймыз.
"«Араздық» бабы туралы түсінік әртүрлі" - Құқық қорғаушылар мен азаматтық белсенділердің көбі «араздық қоздыру» туралы баптан қылмыстық сипатты алып тастауды сұрайды. Олардың «бұл бап өзгеше ойлағандарды қудалайды» деген қаупін «Азаматтық альянс» пен қоғамдық кеңес өкілдері құптамайды.
365INFO.KZ. "Мәссаған! Мұнай ұрлаған «барымташылардың» бастығы Астанада отыр ма?" - Кешегі құрықтаулардың астарында не сыр бар? Өткенде Ақтөбеде мұнай ұрлаған «барымташылардың» бастығы Астанада отыр ма? Дүтбаев қандай құпияны айтып қойды? Осы туралы жазған болдық.
"«Орысты» несіне асыраймыз? Татарстан тәуелсіз мемлекет бола ма?" - Татарстан президенті Рустам Минниханов «донор региондарға» қатысты федеральдық орталықтың саясатын өткір сынға алды.
ABAI.KZ. "Ыдырысов жұмыстан қуылатындай не айтып қойды?" - Мемлекет басшысы Жарлық шығарып, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қызметінен босатты. Ұзақ жылдар бойы министрлікте жүрген кеңестік класстың кадры не үшін қызметінен айырылды? Оның ендігі лауазымы қандай болмақ? Осы мәселелер төңірегінде тәуелсіз журналист Ермұрат Бапи мырзамен аз-кем әңгіме өрбіткен едік.
"Шенеуніктердің жалақысын көтеруге қарсымыз" - Біз той тойлап, думандатып жүргенде Жаңа жылдың зырылдап келіп қалғанын да білмей қалыппыз. «Жалаңаяқ тұрса да, сері тоңғанын білдірмейді» деген жағдайдамыз. Дуылдатып, мақтанып жүріп, кедейлігімізді айтуға ұялатын болдық. Менің айтайын дегенім, елдегі біраз жұрттың әлеуметтік хал ахуалы. Бүгінгі күні ауылда болсын, қалада болсын, ең төменгі жәрдемақы алатын, ең төменгі зейнетақы алатындардың қарасы көп. Ал, республикалық әлеуметтік қамсыздандыру департаментінің есебі бойынша ең төменгі күн көріс құны 20 мың теңге шамасында екен. Осы күнкөріс құны мен ең төменгі жәрдемақы мен ең төменгі зейнетақыны салыстырып көрейік.
KORRESPONDENT.KZ. "Амантай АСЫЛБЕК, «Аттан» қозғалысының жетекшісі: «Қазақстанның туын көтеру үшін биік ағаштың басына да шықтым»" - «Аттан» қозғалысының жетекшісі Амантай қажы Асылбекті жұртшылық түрлі қоғамдық-саяси шараларға белсене араласып, ат үстінен түспей, қазақ қоғамын имандылыққа шақырып, сыбайлас жемқорлықпен күресуге үндеп жүрген азамат ретінде таниды. Ол өткен ғасырдың 80-ші жылдарының соңында құрылып, Семейдегі атом полигонын жабу үшін күресті бастауға ұйғарған «Невада-Семей» қозғалысы белсенділерінің бірі болды. Тіпті Семей ядролық полигоны командованиесінің 1991 жылдың 28 тамызынан бастап сынақ алаңында ешқандай жарылыс болмайтыны жайлы мәлімдемесі мен хаттамасында, анықтамасында жауапты тұлғалармен қатар «Аттан» бейбітшілік шеруі қоғамдық комитетінің төрағасы һәм ядролық полигонды жою жөніндегі халықтық штабтың жетекшісі ретінде Амантай қажының да аты аталады.
"2017 жылы көлік 10-15 пайызға қымбаттауы мүмкін" - Біздің басты одақтасымыз, қазақстандықтарды көлікпен қамтушы елдердің бірі – Ресейде келесі жылы жаңа көлік бағасы 10-15 пайызға дейін өседі деп күтілуде. Дилерлердің айтуынша, оған рубль девальвациясы мәжбүр етіп отыр. Сондай-ақ, ЭРА-ГЛОНАСС қауіпсіздік жүйесін енгізу де қымбатқа түсуде. Жалпы, соңғы екі жылда көлік бағасы 44 пайызға қымбаттаған екен. Биылдың өзінде жапондық Mazda (10 пайыз), Toyota (11 пайыз), Skoda (10 пайыз) мен Ford (9 пайыз) құны айтарлықтай өскен.
QAMSHY.KZ. "Ресейлік БАҚ: «қазақтың қойлары мен белорустік дамбал»" - Осындай тақырыппен Ресейлік regnum.ru сайтында Григорий Гараниннің материалы пайда болды. Қазақстан жайлы шетелдік БАҚ пікірін жіті қадағалап отыратын «Қамшы» порталы атауы айғайлап тұрған мына мақаланы сүзгіден өткізбей қоймады. Оның қазақ тіліндегі аудармасын назарға ұсына отырып, талқыны оқырманның өзіне қалдыруды жөн санады.
ҚАЗТАГ. "Асқар Смағұлов: Банктердің экономиканы несиелендіруін жандандыру үшін базалық мөлшерлеме 10% шамасында болуы керек" - Қазақстан экономикасын несиелендіру қарқыны бұрынғысынша нөлге жақын маңда тұр. Екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) нақты секторға несиелерді қарқынмен бөлу үшін тежеуіш факторлардың бірі ретінде Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің жоғары болып отырғаны. Нәтижесінде реттеуші банк институттарын экономиканы несиелендіру ынтасын жойып, өздерінің ноттарына инвестициялауды қызықты ете түседі.