AZATTYQ.ORG. "Макс Боқаев. Жер шеруінде ел таныған белсенді" - Атыраудағы жер реформасына қарсылық шеруіне белсене қатысқан Макс Боқаевты билік 5 жылға түрмеге отырғызды. Тағылған айыптарды мойындаудан бас тартқан белсендіні құқық қорғаушылар ар-ождан тұтқыны деп таныды.
"Парламент жұмысы көңілден шыға ма?" - Биыл сайланған парламент мәжілісі қандай заң жобаларын қарастырды? Заң жобасын талқылағанда сайлаушылар мүддесі қалай қорғалды? Парламент жұмысына қоғам көңілі тола ма? AzattyqLIVE тақырыпты саясаткер Зәуреш Батталовамен талқылады.
"Шоқайдың қазасын «Түркістанға тәуелсіздік сұраумен» байланыстырады" - Желтоқсанның 27-сі – Мұстафа Шоқайдың дүниеден өткен күні. Оның мұрасын зерттеп жүрген ғалым Азаттыққа берген сұхбатында саясаткердің Еуропадағы өмірі туралы айтты.
ZHASALASH.KZ. "Банктерге тiл тидi ме, әлде көз өттi ме?" - Осы айдың басында БАҚ-қа берген кезектi бiр сұхбатында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев “келер жылы кейбiр банктер жұмысын тоқтатуы да мүмкiн, бiр-бiрiмен қосылуы да ықтимал" деп болжам жасаған едi. Сонысы шындыққа айнала бастағандай.
"Келiмсектер қашанғы кердеңдейдi?.." - Азғындықта шек жоқ. Екi аяқты хайуандардың көздерi ендi он екiде бiр гүлi ашылмаған бейкүнә балаларға түсе бастады. Жақында ғана Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылында орны толмас өкiнiштi жағдай орын ала жаздады. Қытайлық әлдебiр азғын 11 жастағы қызды саябаққа сүйреп бара жатқан жерiнен ұсталды. Бұл арада “киiм алып беремiн" деген сөзiне сенiп, баланы соған ертiп жiберген ата-ананың да кiнәсi шаш-етектен...
365INFO.KZ. "Қазақстан Ресейге қосылады – сәуегей Глобаның болжамы" - Ресейдің сәуегейлері де Путиннің сөзін сөйлейді. Путиннің ойынан шығу үшін жорамалды Кремльге көңіліне келмейтіндей жасайды екен.
"Мынау, су тегін ғой! 2017 жылы 5-10 пайызбен арзан несие алатын болдық — сарапшы" - Қазақстанның банк секторында ішкі тексерулер, яғни, бір сөзбен айтқанда, тазалау жүріп жатыр. Қазіргі естіп жатқанымыз, сол тексеру анықтаған цифр мен былық-шылықтар. Алайда қоғамға жария болып жатқаны бер жағы ғана…
KORRESPONDENT.KZ. "«Мен Жердегі тапсырмаларымды орындадым»" - Осыдан 137 жыл бұрын Германияның Ульм қаласында кедей отбасында дүниеге келген. Ол «Дүниеде екі нәрсе шексіз: бірі – ғалам, екіншісі – адамның ақымақтығы» дейді. Физиканың жаңа дәуірін бастап берді, физика саласында ашқан жаңалығы үшін 42 жасында Нобель сыйлығын да алды. Иә, ол – америкалық «Тайм» журналы «Ғасыр адамы» деп баға берген Альберт Эйнштейннің дәл өзі.
"Жетімді жебеудің орнына несібесін жеп, зорлық көрсететіндер бар" - Өмірдің сан-салалы ауыртпалығын, бейнеті мен қиындығын жиі көретін қорғансыз жанның бірі – жетім. Қамқоршылық органдары оларды ата-анадан ажыратып, балалар үйіне өткізу арқылы өз міндетім бітті деп санайды. Біздіңше, бұл органдар керісінше сол жеткіншектердің балалар үйіне түспеуі үшін барын салып, қызмет етуге тиіс сияқты.
ABAI.KZ. "Мырзан Кенжебай. Олар мәңгyрттер..." - Жас кезімізде ата-анамыз айтқанын дереу істей қоймасақ, «Әй, сен бірнәрсе айтсам, бетіме меңірейіп қарайтының не? Мәңгіріп қалдың ба? Мәңгүрт болып қалдың ба?» деп ұрсатын еді. Бүгінгі кейбір қазақтарға қарасаң, дәл сол марқұмдардың айтқаны есіңе түседі екен. Өйткені, осы күні қазақтарға, әсіресе орысша оқыған немесе бес-алты жыл Ресейде, Еуропада оқып келген қазақтарға ұлттық тіл, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық тәрбие, атамекен, жер-су, ұлттық мемлекет сияқты бірнәрсе айта бастасаң бетіңе меңірейіп қарап тұрады. Тіл жоқ. Не олай, не бұлай демейді. Кейбіреулері бетіңе бажырайып бір қарайды да «тартып кетеді».
"Б.Тобаяқов: бас қаланың көшелері бөтен тілде жазылғаны қалай?" - Бас қаламыз Астанада кейінгі кезде жамиғатқа жағымды жаңа істер істелініп жатқанына бір үзіктер келтірейік те.
QAMSHY.KZ. "Шенеуніктердің жалақысын еселеп өсіру – мемлекетті кедейлендіру" - Сенаторлар алдында Жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасының орынбасары Алик Шпекбаев «шенеуніктердің жалақысын екі есеге өсіру арқылы жемқорлықты жою» туралы тосын ұсыныс айтты. Оның сөзінше Жемқор мемлекеттік қызметкерлер соңғы 2 жылда мемлекетке 48,5 миллиард теңгеге шығын келтірген.
ҚАЗТАГ. "Қазақстанның сыртқы сауда көлемінің құлдырауы жаңа рекордқа шығып жатыр" - Жыл соңында қорытынды шағару дәстүрге айналған. Бұл жолы Қазақстанның сыртқы сауда көрсектіштерін бағалаудың жөні бар секілді, себебі ол экономикадағы басым үрдістердің айнасы іспеттес. Және де ол нәтижелер онша көңіл көншітпейтінін айтуымыз керек. Қаңтардың соңынан бері мұнай бағасының екі еседен көпке көтерілгеніне қарамай, сыртқы сауда көлемі жыл бойына құлдырауын жалғастырып отыр. Өз кезегінде республиканың сыртқы сауда қиындығы төлем балансына да теріс ықпал етуде. Нәтижесінде ағымдағы операциялар бойынша шот тапшылығы ұлттық валютаның айтарлықтай нығаюына мүмкіндік бермей отыр.