Атырау, 11 наурыз 11:21
 ашықВ Атырау +7
$ 494.84
€ 537.40
₽ 5.58

"Макс пен Талғаттың тағдыры туралы қазақ зиялыларынан Елбасына ашық хат!", "Өзiн-өзi өртеу... Әдiлетсiздiктен өрбитiн әдетке айналып барады", "Түркі елдеріне одақ керек пе?", "Тінікеевтің ширек ғасырлық депутаттығы", "Қойылмай қалған концерт"

2 182 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Тінікеевтің ширек ғасырлық депутаттығы" - Парламент мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеевтің Қарағанды облыстық мәслихатының бұрынғы депутаты Николай Полевойды ұрып, балағаттаған видеосы, соңғысының «сіз мені депутат еттіңіз» деген сөзі әлеуметтік желіде жиі талқыланған тақырыптардың бірі болды.

"Олимпиада жүлдесін көбейткен және жоғалтқан жыл" - 2016 жылы Қазақстан ең көп олимпиада медалін иеленіп, допинг кесірінен сегіз олимпиада жүлдесінен айырылды. Футбол төңірегі де дау-дамайдан арылмады.

ZHASALASH.KZ. "Қойылмай қалған концерт" - Ресей Қорғаныс Министрлiгiнiң жексенбiде құлаған Ту-154 ұшағы ресейлiк әскердiң басты ансамблiнiң мүшелерiн, үш бiрдей федералды телеарна журналисi мен операторларын, тәжiрибелi ұшқыштарды, офицерлер мен әскери ведомствоның бiрқатар басшысын, бас-аяғы 92 адамды Қара теңiздiң құрдымына алып кеттi. Сирияға ұшып шыққан әскери ұшақтың сынықтары теңiздiң 10 шаршы шақырымнан астам аумағына шашылған. Ұшақтың қалдықтары мен мәйiттердi Абхазия республикасының жағалауынан да iздей бастады. Осы жағдайлар ұшақ апатына қатысты түрлi жорамалдар мен болжамдарды туындатып отыр.

"Өзiн-өзi өртеу... Әдiлетсiздiктен өрбитiн әдетке айналып барады" - Былтыр қазан айында Тараздағы “Нұр Отан" партиясы ғимараты жанында Ерлан Бектiбаевтың үстiне жанармай құйып, өзiн-өзi өртегенi елдiң есiнен шыға қойған жоқ. Ол оқыс қадамға барардың алдында полиция қызметкерлерiнiң қалтасына есiрткi салып, Данияр Райымбаев деген жiгiттiң өлiмi бойынша қыспаққа алғанын айтқан едi. “Басатын тауым, барар жерiм жоқ, өзiм жетiм баламын, шешем қайтыс болып кеткен...өзiме қол жұмсау себебiм сол. Өмiрден түңiлдiм, өмiр сүргiм келмейдi" деген болатын шарасыз жiгiт... Денесiн түгелдей күйiк шалған Ерланның “Көмектесiңiздершi, өтiнемiн" деген ақырғы сөздерi – жан айқайы әлi күнге құлақтан кетпейдi.

365INFO.KZ. "Неге солай? Қазаққа Жаңа жылды тойлау керек пе?" - Студия қонақтары – ҚР Халық әртісі, әнші, сазгер Марат Омаров және әнші Талғат Жорабаев.

"Түркі елдеріне одақ керек пе?" - Түркітілдес елдердің арасында еркін сауда-саттық жүргізіп, кедендік жеңілдіктерді көбейту үшін экономикалық одақ құру қажет.

KORRESPONDENT.KZ. "Тәжиеваның жауабы шындыққа жанаса ма?" - Жалған ақпар берудің ар алдында да, заң алдында да жауабы жеңіл емес. Заң алдында жауап береді дегеніміз, біздің құқықтық-зайырлы мемлекетте әрбір келеңсіз жағдайдың алдын алуға, болған жағдайда жауапқа тартылатынына заң кепіл. Ал, ар алдындағы жауапкершіліктің салмағы тіпті ауыр. Мысалы, өтірік айтып абыройын төккендер көпке дейін елдің бетіне тіке қараудан қалады. Сол себепті де біздің текті халық малын жанының жолында, ал жанын арының алдында құрбан ете салады.

"Аймақтар Жаңа жылдық шығындарын азайтуда" - Жыл сайын әр қала Жаңа жылға орай сәнденіп, ұзатылар қыздай ажарланып шыға келеді. Оған бюджеттен арнайы қаржы да бөлінеді. Бірақ бұл мерекеге аса мән бермей, арнайы қаражат қарастырмайтын аймақтар да бар.

ABAI.KZ. "Шырша мерекесінің төркіні түркілерден басталған ба?" - Жер-ана ақ көрпесін қымтанып, үскірік аяз дала кезіп, періштенің қауырсынындай ақ ұлпа қар көктен жауған тұста «Жаңа жыл келді» деп қуанатымыз бар. Қоғам тарапы әртүрлі сын айтқанымен, жеме-жемге келгенде, Жаңа жылды дәстүрлі төл мерекедей төрге оздырып, осыдан он шақты күн бұрын ғана күпі кигізген Аяз атаға қалай шекпен жауып жібергенін аңғармай қалады. Арамызда беті нарттай қызарған Санта Клаус пен үріп ауызға салғандай Ақшақарымыз жүреді. Ал біз Күнді қазық етіп айналған ғаламшарлардай шыршаның маңында дөңгеленіп бара жатамыз. Неге? Меніңше, оның себебін аталмыш мерекенің түп-төркіні түркілерге тән екендігінен іздеп көрген жөн секілді. Сары майдан қыл суырғандай етіп, осы мәселенің тігісін сөгіп көрелікші.

QAMSHY.KZ. "2016 жылда есте қалған даулы соттар мен қылмыстар" - 2016 жылы бірталай ел дүрліктірген оқиғалар болды.

"Макс пен Талғаттың тағдыры туралы қазақ зиялыларынан Елбасына ашық хат!" - Атыраулық азаматтар Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа қатысты шығарылған сот үкімі Қазақстан Республикасының Конституциясын сыйламағандық болып табылады. Жер Кодексіндегі дауға айналған және наразылық туғызған жайттарды атқарушы, заң шығарушы билік орындары қайта қарады. Сіздің жарлығыңыз бойынша құрылған комиссия жұмыс істеді. Бес жылға мораторий жариялауыңыздың нәтижесінде қақтығысқа бастайтын қатердің жолы кесілді.

ҚАЗТАГ. "Тәуелсіздіктің 25 жылында Қазақстанда экономикалық керемет орындалмай-ақ қойды" - Қазақстанның экономикалық нәтижелері тәуелсіздіктің 25 жылында қарама-қайшы болып көрініп тұр. Осы жылдары Қазақстан экономикасының өсу көлемі доллармен есептегенде он алты есе болғанымен, ол бірінші кезекте, шикізат секторының аса дамуы және сыртқы баға коньюктурасының оң болуының арқасында болды. Бірақ осы уақытта республиканың шаруашылық жүйесі әртараптандыру туралы ресми мәлімдемелерге қарамай, құрылымдық қисықтықтан арыла алмады. Ол аз десеңіз, олар жыл сайын арта түсті.



27 желтоқсан 2016, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.