Атырау, 19 желтоқсан 23:08
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"«Саясатпен айналысқың келсе, бизнесіңді сат»", "Өзін-өзі өртеуге не себеп?", "ДСҰ-дан қандай пайда таптық?", "Тінікеевтің «тоқпағы» немесе депутатқа тапсырыс берген кім?", "Лаңкестердің жазасы ауырлай ма?"

2 064 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Саясатпен айналысқың келсе, бизнесіңді сат»" - Қазақстандық танымал кәсіпкер Райымбек Баталов 1990 жылдардағы бизнес туралы, «түсінікпен өмір сүру» жайлы әңгімелейді.

"Қазақстанның халықаралық имиджі «нақты жағдайға сай емес»" - Орталық Азия елдері тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлап жатқанда Батыс баспасөзі Қазақстанды жетістіктері үшін мақтаған, бірақ адам құқығы бұзылатынын көрсетіп, билікті біртіндеп «жаңа буынға» берудің маңызды екенін де айтқан.

"Өзін-өзі өртеуге не себеп?" - Соңғы уақытта адамдардың өзін-өзі өртеу оқиғасы неге жиілеп кетті және оған не түрткі? Бұл мәселе AzattyqLIVE хабарында талқыланды. Хабар қонағы - адвокат Айман Омарова.

ZHASALASH.KZ. "Миллиардтар игерiлмей қалды оның зардабы халыққа тидi" - Күнi кеше мәлiм болған ресми ақпаратқа жүгiнсек, 11 ай­дың қорытындысы бойынша, бюджеттiк бағдарламалар әкiм­шiлерi 7,5 млрд теңгенi игермеген. Оның 1,2 миллиарды Денсаулық сақтау және әлеу­мет­тiк даму министрлiгiне, 1 миллиарды Iшкi iстер ми­нистр­лi­гiне тиесiлi. Қарап отырсақ, VI шақырылымдағы парламенттiң екiншi сессиясында сөйлеген сөзiнде президент Н.Назарбаев бюджет қаржысының игерiлуiн қатаң бақылауды мiндеттеген. Парламентарий­лердiң алдында тұрған мiндеттерге тоқтала келе, ол республиканың 2017-2019 жылдарға арналған үш жылдық бюджетi туралы заң жобасын қарауды және қа­былдауды тапсырған. Мұндағы мақсат – халыққа мемлекет тарапынан көрсе­тiлетiн әлеуметтiк пакет шығындарының көлемiн заңдық тұрғыда қамтамасыз ету. Бұл зейнетақы мен жәрдемақыға, шәкiрт­ақыға да қатысты екенiн тiлге тиек еткен президент “бюджет саясатын қандай жағдайда да қазақстандықтардың тұр­мы­сының төмендеуiне жол берiлмей­тiндей етiп құру маңызды" екендiгiн меңзеген.

365INFO.KZ. "ДСҰ-дан қандай пайда таптық?" - Биылғы жылдың ең басты жетістіктерінің бірі – еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып кіруі болса керек.

"Ақышевқа сұрақ: Зейнетақы қорындағы 5 млрд теңге қайда жоғалды?" - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 5 млрд. теңгенің қолды болғанын жоққа шығарып отыр. Алайда сандар басқаша сайрайды.

ABAI.KZ. "З.Қожмамбетова: әділет үстемдік құрса екен" - Бүгін редакциямызға Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Бәйдібек би ауылдық округінен Зарима Қожмамбетова есімді оқырманымыздан үшбу хат келіп түсті. Хат мазмұнында жергілікті басқару органындағы орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар баяндалған екен. Осыған дейін бірнеше мәрте құзырлы органдарға шағымданғанымен, Зариманың жанайқайына құлақ түрген ешкім болмаса керек. Біз өз кезегімізде жергілікті құқық қорғау органдары Зариманың мәселесіне бейжай қарамайды деп сенеміз.

KORRESPONDENT.KZ. "Тінікеевтің «тоқпағы» немесе депутатқа тапсырыс берген кім?" - «Не шықса да депутаттардан шығады» деп едік. Бұл құбылыс үрдіске айнала бастаған сыңайлы. Парламент Мәжілісінің тағы бір депутаты елді шулатты. Шулатқанда да бұл жолғысының жөні тіпті бөлек. Бұған дейін «халық қалаулылары» деп атап жүргендеріміз сол халықтың, жұмсартып айтқанда, «қытығына» тиіп қана қойған еді. Бірі «Астананың атын өзгертейік» деп, жампоз-жағыпаздығын өткізе алмай сөзге қалды. Оны «төрт аяқтап» қолдаған екінші депутаттың да халық кім екенін ажырата алмай дал боп жүргенде мәжілісмен Мұхтар Тінікеевтің тірлігі тіпті тұрпайылығымен тітіркендіріп жіберді.

TURKYSTAN.KZ. "2016 жыл несімен есте қалды?" - 2016 жыл қазаққа не берді, несін алды? Жыл басынан бергі болған оқиғаларды тізбектей берсек, еліміздің асқан асулары да, әттегенайлары да жетерлік. Бірақ осы сәтсіздіктер мен сәттіліктердің арқасында жаңа мақсат-мүдде түзіліп, ертеңгі күн – келесі жылға артылған үміттің жүгі ауырлай түспек. Демек, өткенімізді сараламай, ертеңімізге қадам баса алмайтынымыз сөзсіз.

EGEMEN.KZ. "Лаңкестердің жазасы ауырлай ма?" - Жуырда Сенат кейбір заңнамалық актілерге экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарап, қабылдады. Бұл қоғамның көптен күткен құжаттарының бірі еді. Біз қабылдаған заң туралы сенаторлар Г.Ким, С.Еңсегенов және Д.Құсдәулетовтің пікірлерін жазып алған едік.

QAZAQUNI.KZ. "Әлиханның атын ауданға бермесе, әкім не депутат емес, ақын жауап береді" - «Құрамында 10 мүшесі бар «Сарыарқа» пікірталас клубы Қарағандыдағы көше аттарының өзгеруіне қарсылық білдірді. Пікірталас клубының мүшесі Юрий Мирзоев Қарағанды облысының әкімі Н.Әбдібековтың Ә.Бөкейхановтың атын Октябрь ауданына беру туралы ұсынысына қарсымын дейді.»

26 желтоқсан 2016, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.