AZATTYQ.ORG. "Экс-прокурор зейнетақы дауымен сотқа жүгінгісі келмейді" - Бас прокуратураның бұрынғы қызметкері Гүлбану Абланова «бас прокуратура қызметкерлерінің біліксіздігі кесірінен зейнетақым 12 мың теңгеге кем есептелді» деп шағынады. Ол өзі сенбейтін сотқа жүгінгісі келмейді.
"Астанаға келген Роухани Тегеранда жиі сыналады" - Иран баспасөзі президент Роуханидің Астанаға сапарын Еуразия экономикалық одағымен байланыстырып, аймақтық ынтымақтастық тұрғысынан көрсетуге тырысты.
ZHASALASH.KZ. "Елшiге атылған оқ" - Түркияда қастандықпен өлтiрiлген Ресей елшiсi Андрей Карловтың сүйегi кеше Мәскеуге жеткiзiлдi. Анкара әуежайындағы қоштасу рәсiмiне Түркия үкiмет басшысы, Iшкi iстер министрi, Анкара мэрi сынды көптеген лауазымды тұлғалар қатысты. Бұл кезде Стамбұлда болған Ережеп Эрдоған ауыр қылмысты үлкен күйзелiспен қабылдағанын тағы бiр мәрте айта келiп: “Мен оны дипломат ретiнде өте жоғары бағалаймын. Бүкiл түрiк халқы атынан қарулы шабуылды айыптай отырып, марқұмның алдында бас иемiн" дедi. Анкарадағы Ресей елшiлiгi орналасқан көшеге Андрей Карловтың есiмi берiлдi. Бұл жөнiнде Түркия сыртқы iстер министрi Мевлют Чавушоглу ресейлiк әрiптесi Сергей Лавровпен кездесуiнде мәлiмдедi.
"Мұнай саудасы көлеңкеде кiмдер тұр?" - Ақтөбедегi заңсыз мұнай саудасына қатысты ҰҚК тергеу департаментiнiң бастығы Е.М.Айымбетов басқарған топ тергеу жүргiзуде. 12 желтоқсанға дейiн Ақтөбеде 12 адам тұтқындалды. Кенiштерден 2013 жылдан берi зауытқа мұнай тасыған 2 жүргiзушi, “Нұрторғай ЖЛТ", “Дейл Ойл Трейд", “Сая-8" ЖШС-нiң ортақ директоры Саят Дүсiпов, “Дияр -2016", “ОйлТрансЛогистик" ЖШС директоры Азат Амитов қамауға алынды. 41 жастағы Нұрлан Қазкенов пен 47 жастағы Бауыржан Батыров. Шұбарқұдық пен Байғанин ауданындағы мұнай кенiштерiнен мұнай алып, облыс орталығындағы “Ақтөбе мұнай өңдеу" ЖШС-iне өткiзген. 2015-2016 жылы ел iшiнде 1 миллиард 400 миллион теңгеге сатқан. Осы зауыттан 2016 жылы Ресейдiң Орск қаласына 14 миллион 500 мың теңгеге ұрлықы мұнай өткiзген.
"Ойының осылғыр-ай" - Сейсенбiде әлеуметтiк желi ию-қию болды. ҚР Парламентiнiң Мәжiлiс депутаты Мұхтар Тiнiкеев Қарағанды қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Николай Полевойды пәрше-пәрше қылып қорлап жатса, ұлардай шуламай қайтсiн?!
365INFO.KZ. "«Ақышев, ақшамыз қайда?». Зейнетақы қорындағы 5 млрд. теңгені кім жымқырды?" - Халықтың биылғы зейнетақы жинағы бойынша инвестициялық табыстарының күрт төмендеп кетуі қаржылық дау-дамайға ұласып тынды. Әрине, бұл дау бірінші кезекте құқық қорғау орындарының назарына ілікті.
KORRESPONDENT.KZ. "«Әй, Сергей! Сергей, Сергей...»" - Кітап сөресінде Сергей Есенині жоқ ақын-жазушыны табу – қиынның-қиыны. Қазақ әдебиетіне енді қадам басып келе жатқан жастардың жастанып оқитыны да – Есенин. Кешегі былай тұрсын, бүгінгі ұрпақ та Есениннің «Хулиганын» қосыла шырқап, «Шаганэ, ты моя шаганэсін» жатқа біледі. Олай болса, өзі кетсе де, бүгінде әлем төбесіне көтеретін «поэт» хақындағы пайымдауларды біз де біраз сараптап көрелік.
"Қарағандылық кәсіпкерден ақшасын өндіре алмай жүрген шымкенттік азамат өзін-өзі өртемекші" - Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғыны Арман Сауырбаевтың өзіне тиесілі ақшасын ала алмай жүргеніне жылдан асты. Өткен жылы Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданында көктемгі су тасқынынан жарамсыз боп қалған үйлерді қайта салу жұмыстарына қатысқан оған «Астам Строй Сервис» ЖШС 11 млн 582 мың теңгесін әлі бермей отыр. «Беретін сыңайы да байқалмайды», деген кәсіпкер өзіне және сол кездегі атқарған жұмысы мен құрылыс жүргізген 25 адамның жалақысын өндіріп беруді сұрап құзырлы органдарға жазған арызынан әлі нәтиже шығатын емес.
ABAI.KZ. "Түркия ұстанымынан бас тартты" - Түркияның Әділет және даму партиясы Сирияда шамамен 6 жылдан бері орын алып жатқан соғыстың басынан бері ұстанып келе жатқан саясатынан жуық күндері Мәскеуде қол қойған құжат арқылы айнып шыға келді. Ресей елшісінің өлімінен кейін үш елдің СІМ Ресейде бас қосқан болатын.
"Трамп. Әлем есін жинағанша, АҚШ ядролық қаруын күшейтеді" - АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп: "әлем "есін жиып болғаншы, америкалық ядролық қаруды күшейту керек", деп мәлімдеді. Бұл туралы Рейтер агентігі хабарлады.
TURKYSTAN.KZ. "Баспа өнеріне басқаша көзқарас керек" - Қарапайым тілмен қысқаша айтқанда – адамдарға қажет ақпаратты, көркем ойды, белгілі бір әдіс-тәсілдермен жазып, таңбалап, ғылыми жолмен саралап, әдеби көркем тілмен әрлеп, мазмұнына сай пішінін көркем безендіріп, құрылымын стандарттарға сай техникалық талаптармен сауатты қалыптап, көбейте басып шығару, тарату әрекеттерінің жиынтығы. Бұл әрекеттер белгілі бір машықтарды қалыптастырды. Ол машықтар жетіле-жетіле көркемдік деңгейге көтерілді Көркемдік таным мен талғам қалыптасқан жерде өнер бар. Демек, баспа ісі өнер ретінде дами келе кәсіпке айналды.
"«Құмкөлде» мүгедекке айналған азамат әділет іздеп әлек" - Қоғамдық пікір туғызушы ақпарат құралдарына деген халықтың сенімі үлкен. Содан болар, бұқараның бетпе-бет келген мәселесін шешуге үлес қосатын тілші қауымына шағымданатындар көп. Таяуда «Түркістан» газетінің редакциясына Қызылорда қаласынан үшбу хат келді. Бір адамның, тіпті, бір отбасының тағдырын арқалаған хатта баяндалған жайт беймаза күй кештірді. Біз хатта жазылған байланыс нөміріне хабарласып, мән-жайдың анық-қанығына көз жеткізуге тырыстық.