Атырау, 11 наурыз 11:34
 ашықВ Атырау +7
$ 494.84
€ 537.40
₽ 5.58

"Ресей елшісі қазасының себептері мен салдары", "Марқұмдардың туыстары полицияға шығындарын өтетуден әлі үмітті", "М.Әблязов: бiзге президенттiк республика керек емес!", "Сириядағы соғыс Ресейді түбегейлі құртады"

1 952 просмотра

ZHASALASH.KZ. "«Осы күндi отыз жыл күттiм!»" - “Жақсының жақсылығын айт!" деген бар ғой, қоғам қай­раткерi, Желтоқсан көтерiлiсiн зерттеушi, заң ғылымдарының кандидаты Сабыр Қасымов осыдан бiрер ай бұрын Астанада “Қазақстандағы Желтоқсан (1986 жылғы) көтерiлiсiнiң тарихи және халықаралық маңызы" атты ғылыми-теориялық кон­ференция өткiзген-дi. Тағы бiр айта кететiн жайт, бұл конференцияға мемлекет бiр тиын бөлген жоқ, Сабыр Қасымов бастаған патриоттар қарызданып, қауғаланып, бұл конференцияны өз күшiмен өткiзген-дi.

"М.Әблязов: бiзге президенттiк республика керек емес!" - 16 желтоқсанның кешiнде Қазақстан халқы бiрнеше сағатқа әлеу­меттiк желiлерден қол үзiп қалды. Кейiнiрек ақпарат және коммуникациялар министрлiгi мұны техникалық ақаумен түсiндiрдi. Бiрақ көзiқарақты жұрт мәселенiң мәнi қуғындағы саясаткер Мұқтар Әблязовте жатқанын тез ұқты. Жақында ғана француз түр­месiнен босап шыққан М.Әблязовтiң сұхбаты 16 желтоқсанда Астана уақытымен кешкi 20:00-де интернетте тiкелей эфирде көрсетiлетiнi туралы хабар әлеуметтiк желiлерде тарап кеткен едi. Бiр ғана осы әрекетiмен қазiргi билiк М.Әблязов секiлдi қарсыласынан қатты қорқатынын, қажет кезде Солтүстiк Корея секiлдi әлеу­меттiк желiлердi бұғаттауға баратынын көрсеттi.

"«Болашақтықтар» елден бекер қашпайды" - “Болашақ" бағдарламасы жүзеге асырыла бастаған 22 жыл iшiнде 11 мыңнан астам жас шет мемлекеттер­дiң көрнектi оқу орындарында бiлiм алуға қол жеткiзiптi. Сондай-ақ талапты жастарға табысталатын грант көлемiжылдан-жылға өсiп отырғаны байқалады. Мәселен, алғашқы онжылдықта “Болашақпен" оқитындар саны жылына небәрi 27 жасты құ­раса, 2005 жылы аталған бағдарлама бойынша 1796 бала шетел асыпты және “Болашақ" бағдарламасын қадағалау мiн­детi Бiлiм министрлiгiнен “Халықаралық бағдарламалар орталығына" ауысыпты. Сол кезден бастап мемлекет аталған бағдарламаны қаржыландыруға 850 млн доллардан астам қар­жы бөлген. Ал бiр стипендияның құны орташа есеппен 83 мың долларды құраған.

AZATTYQ.ORG. "Ресей елшісі қазасының себептері мен салдары" - Ресейдің Түркиядағы елшісі қазасының салдары қандай болуы мүмкін? Дипломаттар қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етілген? AzattyqLIVE мұны Қазақстанның Түркиядағы бұрынғы елшісі Балташ Тұрсымбаевпен талқылады.

"Марқұмдардың туыстары полицияға шығындарын өтетуден әлі үмітті" - Бес жыл бұрын Жаңаөзен оқиғасы кезінде оққа ұшқан азаматтардың жақындары оларды кімдер атқанын, атуға бұйрықты кім бергенін білгілері келеді.

"«Соғыста мұндай адамдар болмаған. Қазір тек тонауды ойлайды»" - "Поколение" қозғалысы жетекшісі Ирина Савостина сұхбатында 1990 жылдары негізгі қарсылық күштерінің бірі болған зейнеткерлердің қазіргі кезде осы заманның ең көп ұтылған жандарына қалай айналғаны жайлы айтады.

365INFO.KZ. "Айта салған бір сөзі ме? Тоқаев айтқан Qazaqstan қайда?" - Биыл Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекет атауын Q арқылы жазу туралы бастамасы қоғамда қызу қолдауға ие болды.

KORRESPONDENT.KZ. "«Премия» бар ма, жоқ па?" - Дәл қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінде бір мәселе қызу талқыланып жатыр. Ол – Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойына орай берілетін сыйақы. Оны әр аймақ өзі шешеді. Бір облыста бюджеттің қалтасы тесік, сондықтан сыйақы тұрмақ, шұнақ та жоқ. Енді бір аймақтар қолдан келгенше, 2700 теңгеден болса да, үлестіріп жатыр. Ал Алматы мен Астана қалалары бұл мәселені оң шешіп, бюджеттік сала қызметкерлеріне қомақты сыйақы беретін болды.

"102 делегаттың шығынын кім төледі?" - Жастар форумы – өзекті мәселелерді талқылап, еліміздің жастар саясатының 25 жылына қайта көз жүгірту. Өткенге шегініс жасап, ертеңге жоспар құру. Бұл Елбасы күніне орай өткізілген биылғы Республикалық форумның өзекті мәселесі-дүр. Астанадағы «Тәуелсіздік» сарайына еліміздің түкпір-түкпірінен 1500 жасты жинаған шараға Оңтүстіктен 102 делегат аттанған болатын. Осы форум төңірегіндегі бірнеше сауалымызды біз де облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Болат Жанәбілге жолдаған едік.

ABAI.KZ. "Мұнай өзіміздікі, пайдасын Ресей көреді..." - Бензиннің (жанармайдың) "Euro" стандартының жетілуі - бұл сұйық отынның жану процесіндегі экологияға зиян келтірудің шкалалық көрсеткіші. Яғни, Euro-ның эволюциясы. Қысқасы неғұрлым еуроның сандары өссе, соғұрлым мәшинеңізден түтін аз шығады...

"Желтоқсан жарасы қашанғы жүректі сыздата бермек?.." - 17 желтоқсанда Алматы қаласындағы Республика алаңында Желтоқсан құрбандарын еске алу рәсімі болды. Алаңға, Желтоқсан мен Сәтбаев көшелері қилысында орналасқан Желтоқсан құрбандарына арналған ескерткіш маңына бұл жолы жиналып, тағзым еткендер саны мол болды.

TURKYSTAN.KZ. "Түркия мен Ресейдің қарым-қатынасын бұзуды көздеген кім?" - Түркиядағы Ресей елшісіне жасалған қастандықтың куәгері болған Қырғызстанның Түркиядағы елшісі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді.

"25 жылдың 25 белесі" - Тәуелсіздігінің ширек ғасырында жаһан жұртына жақсы танылып, әлемдік алпауыттармен терезесін теңестіріп үлгерген, стратегиялық мақсаттарына қарай нық қадамдар жасап, дүниежүзіндегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуды мұрат еткен Қазақстан 25 жылда талай белесті бағындырып, қаншама асудан сүрінбей өтті. Егемендік жылдары еліміздің жеткен жетістіктері мен халықаралық деңгейде атқарған абыройлы істері том-том кітапқа арқау боларлық. Алайда біз мерейлі мерекеміз – Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орайластырып, еңсемізді тіктеген жемісті кезеңнің жарқын естеліктерін ел тарихындағы ең елеулі 25 оқиғаның шеңберіне топтастыруды құп көрдік!

QAMSHY.KZ. "Әсия Бағдаулетқызынан «Қазақ Елі» сериалының кинонұсқасы – «Алмас Қылыш» фильміне сын" - “Көшпенділерден" кейінгі ең атышулы жоба “Қазақ хандығы" алғашқы көрермендерін тапты. Екі жыл күттірген сериалдың “Алмас қылыш" аталған кинонұсқасы дайын екен. Бесінші қаңтардан бастап барлық кинотеатрлардан көре аласыздар.

"Сириядағы соғыс Ресейді түбегейлі құртады" - Ресейлік саясаткер Дмитрий Орешкин: «Кезінде Ауғанстан КСРО-ның көзін жойғандай, Сириядағы соғыс Ресейді түбегейлі құртады»,- деді.

QAZAQUNI.KZ. "«ЖЫЛ АДАМЫ – 2016» анықталды" - «Қазақ үні» газеті мен qazaquni.kz ұлттық порталының 2016 жылғы «Жыл адамдары» сараланды. Сарапшылар алқасы биылғы 24-қараша мен 19-желтоқсан аралығындағы қоңырау шалу, sms, электронды пошта арқылы және qazaquni.kz порталындағы мыңдаған оқырманның ұсыныс-пікірлеріне сүйене отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Жыл адамдарын» анықтады.



20 желтоқсан 2016, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.