ZHASALASH.KZ. "Күн сұлтаны – 16, Ай сұлтаны – ЖЕЛТОҚСАН" - Одақтың уысынан босаған елдер бостандығын жариялап мәре-сәре болып жатқанда қазақ билiгi көпке дейiн үнсiз қалды. Бiрқатар республикалар тамыздың iшiнде-ақ тәуелсiздiгiн жариялап жiберген. Кешеуiлдеп болса да, Өзбекстан 1 қыркүйекте, Түрiкменстан 27 қазанда дербес мемлекет болғандарын мәлiмдеп, әлемге сауын айтты. Қазақстанды “бiр жыл кейiн қалған ел" атанудан сақтап қалған уақыт – екi-ақ апта. Қызығы, Қазақстанның егемен ел ретiнде танылуы бес жыл бұрын қазақ жастары буырқанған 16 желтоқсанға тап келдi. Тәуелсiздiкке 20 жыл толғанда тарих бетiне Жаңаөзен қырғыны қанмен жазылды. Оның да орын алған уақыты – 16 желтоқсан.
"Басбұзарлықтың өтеуi" - Адамдардың өмiрiне қастандық жасаған бұзақы жастардың айла-шарғысы мен өтiрiктерi жауапкершiлiктен сытылып кетулерiне жәрдемдеспедi. Тергеу органдары анықтаған Алматыдағы 17-18 желтоқсандағы қоғамға қарсы әрекеттерге белсене қатысқандар – Алматы архитектура-құрылыс институтының бiрiншi курс студенттерi Қ.Рысқұлбеков пен Е.Көпесбаев, Алматы энергоқұрылыс техникумының үшiншi курс студентi Ж.Тайжұмаев, “Алматы құрылыс" тресi ҚМБ–39 ағаш ұстасы Т.Ташенов пен “Алматы өндiрiстiк құрылыс" тресi ҚМБ–40 электрмен дәнекерлеушiсi Қ.Күзембаев сотқа тартылды. Демогоктық шақырулармен және ұрандармен ұлтаралық өшпендiлiктi қоздыра отырып, олар санасыз жастарды төбелеске, қиратулар мен өртеуге итермеледi, кәмелетке толмаған жасөспiрiмдердiң бұзақылық көрсетуiне жол ашты. Басбұзарлыққа, милиция қызметкерлерi мен халық жасақшыларын ұрып-соғуға мақсаткерлiкпен арандатты. Олар қызметтiк көлiктердi төңкерiп тастады, ғимараттарды бүлдiрдi..."
"Қан төгiлген қаралы күн" - 2011 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығын тойлап жатты. Астананың үскiрiк аязында алаңға шыққан президент Н.Назарбаев халықты Тәуелсiздiкпен құттықтады. Ал бұл кезде Астанадан 3 мың шақырым жердегi мұнайшылар қаласы – Жаңаөзендегi алаңда тәуелсiз Қазақстанның тарихындағы ең қанды оқиғалардың бiрi басталып кеткен едi. Жетi ай бойы ереуiлдеген мұнайшыларға қарсы арандатулардың аяғы билiктiң халыққа оқ атуымен аяқталды. Бес жыл бұрын дәл осы күнi Жаңаөзен қаласының орталық алаңында еңбек дауымен тұрған мұнайшылар жергiлiктi билiктiң өздерiн арандатуға әрекеттенгенiн, түрлi қаскөйлiктен қауiптенетiндерiн мәлiмдедi. Бұл – арандатудың басы да, соңы да емес едi.
AZATTYQ.ORG. ""Жаңаөзенге" - бес жыл, не өзгерді?" - 2011 жылы желтоқсанның 16-сы Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында полиция оғынан 16 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланған қақтығыс болды. Азаттық 5 жыл бұрын болған осы оқиғаны сол кезде құрылған «Қоғамдық комиссия» ұйымдастырушыларының бірі Рысбек Сәрсенбайұлымен талқылады.
"Хасен Қожахметтің президент болуға талпынысы" - Бірнеше сайлауда ұлтшыл диссидент Хасен Қожахмет президент Нұрсұлтан Назарбаевқа бәсекелес болуға тырысқан болатын. Ол билікті де, оппозицияны да, қазіргі «ұлтшыл патриоттарды» да сынайды.
"«Өлім жазасына кесілген сотталушының туыстары Брежневке дейін жеткен»" - Жоғарғы сот төрағасының бұрынғы орынбасары Тагир Сейсенбаев совет заманындағы ең атышулы үкімдер мен 1990 жылдары қатерлі ісік дертін қалай жеңгені жайлы айтып берді.
ABAI.KZ. "И. Тасмағамбетов: халық үшін тәуелсіз ел болу – мың бақыт" - Бүгін Астанада ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Онда ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеп, Тәуелсіздік туралы өз ой-толғамын ерекше тебіреніспен жеткізді.
"Қайран тілім қор болды-ау, 25 жыл..." - Онсыз да қысы-жазы, күндіз-түні той-думан өткізуден қолы босамайтын Қазақ Елі тәуелсіздіктің 25 жылдығын дүрілдетіп өткізді. Мейлі ғой! Бірақ сол 25 жыл ішінде туған тілін, мемлекеттік тілінің төрдегі орнын орыс тіліне беріп, бүкіл атқамінерінен бастап кемпір-сампырына шейін немере-шөбересімен орысша сөйлесетін, бүкіл телеарнасы күндіз-түні орысша самбырлап тұрған, бүкіл форум-сорумы, жиын-теріні орысшасыз өтпейтін елді Ресейден тәуелсіздік алған ел деуге бола ма?
QAMSHY.KZ. "Талғат Аян мен Макс Боқаев «Халық батыры» қоғамдық сыйлығымен марапатталды" - Бүгін, Трибуна газетінің бас редакторы Жанболат Мамай бас болып, қазақ жері үшін күрескен Талғат Аян мен Макс Боқаевқа ««Халық батыры» қоғамдық сыйлығы берілді. Оны табыстауға халық Жазушысы Қабдеш Жұмәділов пен құқық қорғаушы Евгений Жовтис қатысты.
"Әлихан Бөкейханның билік пысқырмаған 150 жылдығын қазақ қалай тойлады?" - Биылғы жыл Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл һәм Алаш көсемінің туғанына 150 жыл. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы жаман тойланған жоқ. Халық аузынан ақ май ағып қарық болып тойламаса да, әйтеуір жоғары жақтан медаль мен награда жауды.