ZHASALASH.KZ. "Қырғызстандағы референдум: Мақсаты не? Ұйытқысы кiм?" - Қырғызстанда жексенбi күнi өткен Конституцияға өзгертулер енгiзу жөнiндегi референдум заңды деп танылды. Өйткенi дауыс беруге сайлаушылар тiзiмiндегi 2,85 миллион адамның 42,07 пайызы қатысқан. Олардың 15,4 пайызы қарсылық танытса, Ата заңға өзгерiс енгiзудi қолдаған сайлаушылар саны бұдан 7 есе көп – 79,56 пайыз. Қолданыстағы заң бойынша дауыс беруге сайлаушылардың 30 пайызы қатысса, референдум заңды деп саналады.
"«Күрес жалғаса бередi» М.Әблязов бостандыққа шықты" - Санаулы күндерден соң Тәуелсiздiктiң 25 жылдығын тойлауға алаңсыз дайындалып жатқан Қазақстан билiгiне өткен аптада Франция астанасынан жайсыз хабар жеттi. Француз түрмесiнде 3 жылдан артық уақыт отырған БТА банкiнiң бұрынғы иесi, қуғындағы саясаткер Мұхтар Әблязов бостандыққа шықты. Бұл елдiң ең жоғарғы әкiмшiлiк сатысы – Францияның Мемлекеттiк кеңесi М.Әблязовтi саяси астармен қуғындап жатыр деген уәжбен келiсiп, оны Ресейге беруден бас тартты.
AZATTYQ.ORG. "АҚШ Ресеймен достаспақ па?" - АҚШ президенті Дональд Трамп ExxonMobil компаниясы басшысы Рекс Тиллерсонды мемлекеттік хатшы қызметіне ұсыну арқылы сайлау науқаны кезінде берген уәдесін орындап, Ресеймен достасу ниетін көрсетті.
"Баланы ұрып «тәрбиелейтіндер» әлі көп" - Халықаралық ұйымның зерттеуінше, Қазақстандағы ересек азаматтардың дені бала тәрбиесінде күштеп тәртіпке салуды қолдайды. Психолог маманның сөзінше, күшке салу баланы жасытады, не қатігез қылады.
"Студенттер «белгісіз» демалысқа шықты" - Желтоқсанның 16-сы қарсаңында Алматыдағы кейбір ірі ЖОО студенттері демалыс алып, көбі ауылдарына қайтты. Ал қалада қалғандарына «алаңға бармай, сессияға дайындалыңдар» деген ескерту айтылған.
365INFO.KZ. "Бағалар неге қымбаттайды? Әкім-қаралар ақшаны депозитке салып жүр!" - Кеше бағаны ырықтандыру мәселесін талқылаған үкімет отырысында қандай әкімнің қанша қаржыны «сауынды сиырға» айналдырғаны әшкере болды.
KORRESPONDENT.KZ. "28 мыңнан астам азамат рақымшылықтың шапағатын көретін болды" - Сәрсенбіде Мәжіліс ««Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жариялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Құжаттың шапағаты 28 мыңнан астам азаматқа тиеді. Соның ішінде түрмеде жазасын өтеп жүрген 1,5 мың адам бостандыққа шығады. Елдің Бас прокуроры Жақып Асановтың айтуынша, мемлекет төрт топтағы азаматтарға кеңшілік жасайды.
"Жылаған сәбидің даусы шығатын жалғыз үй" - Бүгінде өзбек шекарасының ішінде қалған, бұрындары қазақтың жері болған Амангелді мен Арнасайды білмейтін адам аз шығар. Сол ауылдардан Шардараға қарай шыға берісіндегі Арнасай су бөгетіне бес-алты шақырым жетпей бір ауыл бар. Жиырма шақты үйден тұратын шағын ауыл да бүгінде шекараның ішінде қалды.
ABAI.KZ. "Қазақ тілінің дамуына қарсы шыққан кімдер?" - Белгілі қоғам қайраткері Серік Сапарғали өзінің Фейсбук парақшасында «Әбіләзовтың оң қолы козловтың 138 қазақтың бетке ұстар азаматының тіл туралы үндеуіне қарсы жазған хаты» деген тізімді жариялады.
"Тәуелсіздік және ұлт мүддесіндегі ұлтшылдық" - Еліміздің тәуелсіздік алғанына 25 жыл, Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толып отыр. Әрине, тарих үшін 25 жыл бір ғана мезет, бірақ аз да емес. Жас елге, жас ұлтқа өзінің тәуелсіз екенін көрсетуге жетерлік уақыт. 25 жыл бір ұрпақтың дүниеге келіп, азат елінің өміріне араласып, азаматтық істер атқарып үлгеретін мезгіл.
TURKYSTAN.KZ. "АҚШ пен Қытай текетіресінің салдары қандай болуы мүмкін?" - АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп өз жұмысына кіріспей жатып-ақ өз елінің Қытаймен арадағы байланысына сызат түсіріп алды. Бұл өз кезегінде келер жылы әлемдік нарыққа қатер болып төнуі мүмкін.
QAMSHY.KZ. "Мұхамбеткәрім Қожырбайұлы. Ақсақ Темірдің ұлты өзбек емес" - “Қамшы" порталында Қожырбайұлы Мұхамбеткәрімнің тарихқа қатысты мақалалары жиі жарияланып келеді. Этимолгия арқылы жаңа қисын, соны деректер тауып, өзіндік үндестіктер арқылы тарихты басқаша сөйлетіп жүрген жазушының мақалалары көп талқыға түсіп, түрлі пікірлерге себеп болып жатады. “Қамшы" порталы өз мінберінің еркін ой алаңы екенін ескерте отырып, оқырман назарына Қожырбайұлының кезекті мақаласын ұсынады.
QAZAQUNI.KZ. "Бодандыққа қарсы жойқын бұлқыныс" - Әрбір Жаңа жыл басында соғатын самалды Алтынкүрек желі болмаса табиғат тозып, ескіріп, қоңырсып кетер еді. Жас Көктем есік ашып, Алтынкүрек қалай еседі – солай қасат қардың кебесі сөгіліп, суық тоң жібіп, топырақтың бауыры бусанып сала береді.