Атырау, 11 наурыз 11:19
 ашықВ Атырау +7
$ 494.84
€ 537.40
₽ 5.58

"Мұхтар Әблязов француз түрмесінен бостандыққа шықты", "«Немерелер» саяси өмiрдiң шешушi факторына айналған елдiң болашағы бұлдыр", "Қазақстанда оралмандарды неге кемсітеді?", "«Король өлді. Жасасын король!»"

2 292 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Мұхтар Әблязов француз түрмесінен бостандыққа шықты" - Бұрынғы қазақстандық банкир, оппозициялық олигарх Мұхтар Әблязов 9 желтоқсанда француз түрмесінен бостандыққа шықты. Франция мемлекеттік кеңесі оны экстрадициялау туралы үкімнің күшін жойды.

"Әр ел әкім сайлауды әрқилы түсінеді" - Өзбек оппозициясы елдегі әкімдерді сайлау ұсынысы жүзеге асарына күмәнданады. Ал қазақ мен қырғыз сарапшылары «әкім сайлау демократиялық институт орныққанының белгісі емес» деген пікірде.

ZHASALASH.KZ. "«Немерелер» саяси өмiрдiң шешушi факторына айналған елдiң болашағы бұлдыр" - 90-жылдардың аяғында ашық саясатқа келген бойда “Қазақстандағы саяси ахуалға президент тiкелей жауапты" деп бастап едiк. Содан кейiн, 2000-жылдардың басында оның аяққа тұрып, мемлекет iстерiне бел­сен­дi араласа бастап, бiраз нәр­сенi бүлдiрiп, жұрттың ашу-ызасын туғыза бастаған қыздары мен күйеу балаларын сынап келдiк. Ендi, мiне, елбасының өз балаларымызбен жасты немере­лерiне қатысты мақала жазуға тура келiп жатыр... О бастан айтарым: “немере етiн жеп, сүйегiн қалдырады" деп нақылдап, от басы, ошақ қасы ғана мәнi бар бос әңгiмеге бармай-ақ қоялық. Немерелер факторына қоғамдық тұрғыдан қарайық.

365INFO.KZ. "Қазақстанда оралмандарды неге кемсітеді?" - «Неге солай?» бағдарламасында оралмандардың бүгінгі қоғамдағы орны туралы сөз қозғалды. Студия қонақтары — мәдениет қайраткері, ақын, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Алмас Ахметбекұлы мен журналист Фариза Байелі.

"«Қыдырәлі, экранды босат!». Әншілердің ішіп-жегені кімге керек?" - Арзан әзіл, жеңіл күлкінің дәуірі жүріп тұр қазір. Әншілер ысқырығы жер арады. Олар тұлғаға айналған. Бұл туралы айтып та, жазып та жатырмыз.

ABAI.KZ. "Проректор тарих шындығына неге цензура қояды?" - Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бірінші проректоры Алиев Баходир Азимджонович мырза (ғылым саласына басшылық жасайды екен) өзі физика саласының маманы, ғылыми дәрежесі ғылым кандидаты бола тұра, проректорлық лауазым-билігін асыра пайдаланып, Қазақ тарихында «нені жазу, нені жазбау керек» дегенге цензура орнатып, (ҚР Конституциясының 20-бабы цензураға тиым салынған) өзінше білгішсініп нұсқау беріп, қоғамға қажетті ғылыми дәлелденген тарихи шындықты (төменде көрсетілген екі абзацты) қарашаның 16 жұлдызында берген менің мақаламнан алып тастауды бұйырыпты. Проректор айтты деген ақпаратты ғылыми конференцияны өткізуге жауапты Ердәулет Берлібаев деген осы университеттің тарихшысы айтты.

"12 желтоқсан - Алаш автономиясының, яғни қазіргі қазақстанның құрылған күні" - Тарихи деректер Түркістан мұхтариатын құру – Алаш автономиясын құрудың алдыңғы шарты болды деген тұжырымға жетелейді.

KORRESPONDENT.KZ. "Көргеніміз құлдың күнінен артық емес..." - Қайсыбір күні Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі кезекті рет кедейшіліктің шегін белгілеп берді. Өкініштісі, оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінен екі еседен астамға төмен болып отыр. Жалпақ жұрттың қынжылысын туғызған бұл жағдайға әзірге атқамінерлер жайбарақат қарайтын сияқты. «Бес дұшпаның – білсеңіз» деп Абай сақтандырған мақтаншақтық пен бекер мал шашпақтан арылуға ақжағалылар ынталы еместей. Бәз-баяғыша түкке тұрғысыз той-томалақтар мен даңғаза сән-салтанатқа уыстап емес, қаптап ақша жұмсап жүрміз.

"«Король өлді. Жасасын король!»" - 4 желтоқсанда Өзбекстан өз тәуелсіздігі тарихында екінші президентін сайлады. Елді ширек ғасыр басқарған Ислам Каримовтың қазасынан кейін мемлекет тізгінін Шавкат Мирзиеев ұстады. Енді саяси сарапшыларды мазалаған басты мәселе – «Өзбекстанның жаңа басшысы қандай саясат ұстанады, Орталық Азия аймағына бұл өзгеріс не әкеледі?» деген сауалдар төңірегінде өрбуде.

"Айыппұл төлеуге мәжбүр болған «Air-Аsтаnа» билеттерін арзандата ма?" - Сәуірде ішкі бағыттардың билеттерін 22 пайызға қымбаттатқан “Эйр Астана" соның өзінде 6,6 млн доллар шығынға батыпты. Сосын күзде көлік прокуратурасы билеттердің орта есеппен 40 пайызға өсіп кеткенін жеткізді. Тіпті, кей бағыттар бойынша баға өсімі 77%-ды құраған. Компания “бағаның қымбаттауы – төлемнің көбі доллармен жасалатындықтан" дейді. Ең қызығы сол, өткен жылдың қазан айында мемлекет әуе қызметтерінің бағасын реттемейтін болып шешім қабылдаған еді. Яғни, монополистер баға саясатын бұдан былай өздері шешеді. «Эйр-Астана» осыны пайдаланып, билет құнын шарықтатып жіберді ме? Неліктен «Эйр-Астанаға» 6,7 млн теңге айыппұл салынды?

QAMSHY.KZ. "Рақымшылық не үшін қажет немесе түрме реформасының нәзіктігі" - Парламент Мәжілісі осының алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес ұсынған «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын мақұлдады. Заң жобасы ары қарай Сенатта қабылданған соң ҚР Президентінің қол қоюына жіберіледі. Заң күшіне енген бойда 28 мыңға жуық адамға рақымшылық жасалады деп күтілуде. Осы орайда елімізде тәуелсіздік жылдарынан бері жасалған амнистиялар тарихына көз жүгіртіп, жалпы түрме реформасының жай-жапсарына үңілуді, одан төнуі бек-мүмкін қауіп-қатерді бағамдауды жөн көрдік.

ҚАЗТАГ. "Банк секторы: барлық банктер де орнықтылыққа сынақтан өте алар ма екен?" - Мемлекет басшысының нұсқауына қарамай, банктерді стресс-тестілеуден өткізу келесі жылға қалдырылды. Бірақ банкирлер бұл процедура жекелеген банктерге мемлекеттік қолдау қажеттігіне әкелуі мүмкін деп дабыл қағуда. Өйтпеген жағдайда оларды дефолт күтуде. Бірақ ол шынымен солай ма және одан шығу жолы бар ма?

Дайындаған Әлия Қайырова



12 желтоқсан 2016, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.