Атырау, 19 желтоқсан 23:10
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Қазақстанда түрме реформасы қалай жүріп жатыр?", "«Болашақтықтар» шетелде қалуға неге құмар?", "Америкалық сарапшы: «егер АҚШ болмаса, ұлтшылдар Ресейді жермен жексен етуші еді»", "АҚШ-ты паналайтын ресейліктер көбейді"

2 248 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қазақстанда түрме реформасы қалай жүріп жатыр?" - Түрмелерді қоғам тарапынан бақылау неге қиындап кетті? AzattyqLIVE тақырыпты «Түрмелердің халықаралық реформасының» Орталық Азиядағы директоры Азамат Шамбыловпен талқылады.

"«Кинотеатрларда ашық порно көрсете бастайық, сөйтіп көрерменді құртып тынайық»" - Режиссер Сергей Әзімовтің 1990 жылдардағы деректі киноның жағдайы мен қазіргі «топас попкорн» туралы сұхбаты.

"АҚШ-ты паналайтын ресейліктер көбейді" - АҚШ-тан саяси баспана сұраған Ресей азаматтары төрт жылдан бері үздіксіз көбейіп келеді. Биыл соңғы 20 жылдағы ең үлкен көрсеткіш тіркелген. Ал Владимир Путиннің үшінші президенттік мерзімі басталғалы АҚШ-ты паналағысы келетіндер саны екі есе өскен.

ZHASALASH.KZ. "Айыппұлдан аяқ сүрiнедi" - Келер жылдан бастап зей­неткерлердiң зейнетақысы 9 пайызға өседi. 9 пайыз деге­нiң түк те көп ақша болмаса да оны бiздiң үкiмет қомпайтып көрсетедi. “Зейнетақыларыңды өсiрiп, жалақыларыңды арт­тырып жатырмыз" деген қандай жақсы. Жүрекке жылы тиедi. Әрi “Үкiметтiң арқасында" өмiр сүрiп отырғандарға “ауыздарыңды жабыңдар" деуге де ыңғайлы. Әйтпесе, бюджеттiң бүйiрi тесiлiп, сетiнеуге шақ тұрғанынан ел-жұрт хабардар.

"Көк аспанда өртенген «Прогресс» Байқоңырдың "жүрегін" дірілдетті" - Байқоңырдан ұшқан әуе ке­месiтағы апатқа ұшырады. 2 желтоқсанда түн жарымда көкке өрлеген “Прогресс-МС04" жүк ғарыш кемесiараға алты минут салып, әуеде жарылып кеткен. Мамандар зымыран зулай салысымен кейiн iле-шала байланыс жоғалғанын айтып жатыр. “Роскосмос" болса, ғарыш кемесi Тыва республикасының таулы аймағында “көк аспанда өртенiп кеткен" деген болжам жасады. Бiрақ күнi бүгiнге дейiн оның қалдығы еш жерден табылған жоқ. Бұл кеме Халықаралық ғарыш стансасына үш тоннаға жуық азық-түлiк, киiм-кешек және бас­қа да қажеттi жүктi жет­кiзуге тиiс болған екен. Белгiлiсi, Халықаралық ғарыш стансасына бағыт алған жүк кемесi ғарыш­кер­сiз ұшырылған.

ABAI.KZ. "Тауық қора мен шошқа қорадан шыр айналып шыға алмай жүрміз. Неге?" - Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов ҚР Премьер-министрі Б.Ә. Сағынтаевтың атына депутаттық сауал жолдап, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын сынға алды. Ауылшаруашылығын субсидиялауда алалау бар екендігін ашық айтқан Мәжіліс депутаты Үкімет басшысына «Жеріміздің 70 пайызы жайылымды жерлер бола тұра, халқымыздың 43 пайызы ауылда тұрса да, тауық қора мен шошқа қораны шыр айналып шыға алмай жүрміз. Неге?» деген сұрақ қойып отыр.

"Бақытжан Ертаев: ақиқат қашан да үстемдік құруы керек!" - Генерал-лейтенант, депутат Бақытжан Ертаев «Евразия.Эксперт» басылымына сұхбат беріп, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуде БАҚ-тың рөлі ерекше екенін айтты.

KORRESPONDENT.KZ. "Инфляция шектен шығып кетті" - Баға жыл емес, ай сайын өседі. Өспейтін – жалақы ғана. Биыл да тауарлар мен қызметтердің бағасы шарықтап, шегіне жетті. Алда жаңа 2017 жыл келе жатыр. Қаңтар сайын қымбатшылық қыспаққа алатыны тағы бар. Елімізде азық-түлік пен қызметтер құны өткен жылмен салыстырғанда 11,5%-ға өсіпті. Сәйкесінше инфляция 15,9%-ды құрады (биылғы 10 айдағы баға өсімі инфографикада көрсетілген).

"«Болашақтықтар» шетелде қалуға неге құмар?" - Шетелде білім алып, елге пайдасы тиер деген «болашақтықтар» туралы дау-дамай әлі де толастамай келеді. Өйткені 22 жылдан бері әлемнің түкпір-түкпіріне оқуға кеткен олардың Қазақстанға қайтпай қалғандары қаншама. Шетелдегі қандастарымыз қазақтың топырағына жете алмай жүргенде, «болашақтықтар» неге елден безеді? Олардың шекараның арғы жағында қалып қоюына не түрткі? Сонда, шынында да, елдің еңсесін тіктейді-ау деген жас-тарымыз, жол ортадан «өзге елде сұлтан» болу үшін туған елді тәрк ететін болғаны ма?

QAMSHY.KZ. "Америкалық сарапшы: «егер АҚШ болмаса, ұлтшылдар Ресейді жермен жексен етуші еді»" - Бір жазбаның астында маған «Одақтықтар екінші майданды қашан ашты?» деген сауал жолданыпты. Оның астарында – біз Гитлермен жан берісіп соғысып жатқанда, одақтықтар қол қусырып отырды да, Еуропаның үлесіне ортақтасу үшін дайын асқа тік қасық болды деген мағына жатыр.

"Қазақ елін менсінбейтін футболист жуков ұлттық құрамаға қаншалықты керек?" - Жартылай қорғаушы Георгий Жуков "Қайрат" сапына ауысты. Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі хабарлап отыр. Семейде дүниеге келіп, спорттық мансабын Белгияда бастаған ойыншы алдағы үш жылын Алматыда өткізбек. Әлбетте, бірнеше жылдан бері чемпиондыққа таласса да алтынға қол жеткізе алмай жүрген "Қайрат" үшін бұл жақсы жаңалық. Оны мамандар да айтып жатыр. Десе де жанкүйердің бәрі бұл жаңалықты жақсы қабылдай қоймады. Не үшін? Айтқан сөздері мен істеген істері үшін. Жуков не айтты? Не істеді?

TURKYSTAN.KZ. "Ағылшын тілін үйреніп жүрген мұғалімдердің дайындығы төмен" - Білім және ғылым министрлігінің хабарлауынша, үштілді білім беру бағдарламасы аясында ағылшын тілі курстарына қатысып жүрген оқытушылардың басым бөлігі шет тілінде сабақ беруге дайын емес.



7 желтоқсан 2016, 14:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.