Атырау, 19 желтоқсан 23:21
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Амнистия оған кiмдер iлiгедi?", "Үкiметтегiлер бәрiн де ауызбен өсiредi", "Қайрат Рысқұлбековтың соңғы хаты", "Баяу іске қосылатын «бомба»", "Миллиардер Митталдың мойнында қанша адамның өлімі бар?"

5 044 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Амнистия оған кiмдер iлiгедi?" - Президент Н.Назар­ба­ев­тың “Қазақстанның Тә­уелсiздiгiнiң 25 жылдығына байланысты амнистия жариялау туралы" заң жобасын жедел қараған парламент Мәжiлiсiнiң депутаттары сотталғандарға рақымшылық жасау заң жобасы қабылданғанан кейiн алты ай iшiнде өтетi­нiн хабарлады. Депутаттар бұл шара адамның бостандығы мен құқықтарын жә­не өмiрiн ең жоғарғы құн­ды­лықтар деп танитын Қа­зақстан Конституциясының қағидаларына сүйене­тiнiн атап көр­сет­тi. Осының алдында ғана Қа­зақстанның iшкi iстер министрi Қалмұханбет Қасымов Тәуел­сiздiктiң 25 жылдығына орай сотталғандарға рақымшылық жасалмайтыны туралы мәлiм­деген едi. Амнистияны ескi кеңестiк әдiс деп атаған Қ.Қа­­­сымов билiктiң алдағы уа­қытта мұндай тәжi­рибеден бiр­жола бас тартуды көз­дейтiнiн, оның орнына ресми түрде кешiрiм сұрағандардың ғана бостандыққа шығуы мүмкiн екенiн айтқан. Ми­нистрдiң айтқанына ай толмай жатып, “тиiмсiз ескi кеңестiк әдiстi" президент қайта қолдану туралы бастама көтерiп отыр. Бұл ендi өз алдына бөлек тақырып.

"Үкiметтегiлер бәрiн де ауызбен өсiредi" - Үкiметтiң күнi бүгiнге дейiн қабылдаған бағдарламаларының қалай жұмыс iстеп жатқаны күнделiктi өмiрiмiзден-ақ көрiнедi. Естерiңiзде болар, осыдан 4-5 жыл бұрын “Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020" деген ауқымды әлеуметтiк бағдарлама қабылданған едi. Оған бюджеттен көл-көсiр, миллиардтаған қаржы бөлiндi. Ал ендi соның нәтижесi қандай? Осы бағдарламадан кейiн елiмiздегi жұмыссыздар саны азайды ма? Екi қолға бiр күрек табылды ма? Жоқ. Азайған да, табыл­ған да жоқ.

"Ар-ұждан тұтқындары Макс пен Талғатты соттаған Қазақстан билiгiн әлем айыптап жатыр" - Атыраудағы Талғат Аян мен Макс Боқаевтың әдiлетсiз сотына әлем жұртшылығы, барлық танымал халықаралық құқық қорғау ұйымдары назар аударды. Көз тiгiп қана қоймай, ел мен жер тағдырына алаңдаған, билiктiң саясатымен келiспеген қос белсендiнi заңсыз соттаған Қазақстан билiгiн бiрауыздан айыптап жатыр. “Ерекше демократиялық жолымен" келе жатқан Қазақстан тағы бiр сорақы заңсыздығымен дүниежүзiне масқарасы шықты.

AZATTYQ.ORG. "Қазақстанда СПИД-пен күрес қалай жүріп жатыр?" - Қазақстанда СПИД-пен күрес қалай жүріп жатыр? AzattyqLIVE тақырыпты ВИЧ сырқаттары ассоциациясы басшысы орынбасары Любовь Чубуковамен талқылады.

"Көшелердің атауын өзгерту түрлі реакция тудырды" - Алматыда өзгерген көше атаулары кейбір тұрғындарды қуантса, кейбірінің болжамы дәл шықпады.

365INFO.KZ. "Қайрат Рысқұлбековтың соңғы хаты: «Қазақ қыздарын сүйреген полицей әлі аман-есен жүр»" - 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің қаһарманы, халықтың ұлы Қайрат Рысқұлбековтың түрмеде жазған соңғы хатын оқып, қатты тебірендік. Әрине, жүрегіміз қан жылады. Азаматымыздан айырылдық. Алайда қайсарлығына, батырлығына тәнті болдық. Хаттың нұсқасы «Үркер» журналында жарияланған екен. Шағындап ұсынып отырмыз.

"Жинақты теңгеде сақтау қауіпті. Девальвация тағы қайталанады — сарапшылар" - Жаздан бері өз күшінде болған теңге соңғы айда әлсіреп, бағамын құбылта бастады. Банкте теңге салынымындағы аз-маз депозиті, яғни, жинағы бар азаматтардан да береке кете бастады.

ABAI.KZ. "Кенесарының шейіт болғанына 170 жыл. Қалай атап өтеміз?" - 2017 жылы Ұлт-азаттық қүрестің туын көтерген қазақтың соңғы ханы – Кенесарының шейіт болғанына 170 жыл толады

"еанимацияның" қазақша аудармасы - аллаға серік қосу" - Кәсіптік қызметіміз термин саласының практикалық қырымен тығыз байланысты болса да, бұрын-соңды бұл тақырыпқа арнайы көңіл бөліп, қалам тарта қойған жоқ едік, бірақ жақында ғана өзіміз қатысушысы болған бір әңгіме осыған дейін көңілімізді толғандырып келген ойларымызды ортаға салып, өздеріңізбен бөлісуге түрткі болды. Сонымен...

KORRESPONDENT.KZ. "Баяу іске қосылатын «бомба»" - Қазақстандық білім беру саласындағы реформалардың басталғаны бүгін емес. Ертең соның жаңғырығы алдымыздан шығады. Ол кезде ұрпағымыз тегін ұмытып, өзін таппай қалуы бек мүмкін. Оның алғышарты қаланып та қойды. Олай дейтініміз, «Қазақстан тарихы» пәнінің жоғары оқу орындары бағдарламасынан алынып тасталуы баяу іске қосылатын бомбаны еске түсіреді.

"Үштілділік ұшпаққа шығармайды" - Санаулы күндерден кейін Қазақ елі тәуелсіздігінің 25 жылдығы тойланбақ. Әрине, ширек ғасырда Қазақстан көптеген жетістіктерге жеткені жасырын емес. Дегенмен олқы түсіп жатқан тұстарымыз да бар. Соның ішінде тіл тағдыры ұлттық намысы бар кез келген адамды толғандырады десек, өтірік емес. Мемлекеттік тілге деген немкеттілеу көзқарас бүгінгі қоғамда жиі болмаса да, оқта-текте көрініс беріп қалады. Көшедегі қате жазулар мен қоғамдық орындардағы өз қандастарымыздың бөтен тілде шүлдірлесуі бүгінгі қоғамда қазақ тіліне деген құрметтің қай дәрежеде екенін білдірсе керек.

TURKYSTAN.KZ. "Бармен болу арман ба?" - Қазақ қоғамының бүгіні мен ертеңінің ұйытқысы да, іріткісі де жастар. Ендеше осы жастарымыз бүгін немен айналысып жүр? Қоңыр күзде ҚР Білім және ғылым министрлігі талапкерлер жиі таңдайтын мамандық рейтингін жариялады. Көпшілік ұмтылатын аудармашы, халықаралық қатынастар, құқықтану, қоғаммен байланыс мамандықтарына сұраныс көп екен. Сұраныс көп болғанмен, орын санаулы. Барлығының бірдей ақылы бөлімде оқуға мүмкіндігі жоқ. Ендеше қайтпек керек? Жанбағыс, күнкөріс қамымен ауыл балалары қалаға оқу мен жұмыс іздеп келеді. Сонда тіркеуі жоқ, үйі жоқ олар не жұмыс істеп жүр, оларды кім жұмысқа алады деген сауал туындайды.

"Бақтыгүл МАХАНБЕТОВА: Қазақ жазушыларын әлемге танытсақ деп едік" - Заман алға озды. Биік мансаптыдан қарапайым қойшыға дейін әдебиетті дәріптеп, жата-жастана кітап оқитын күндер артта қалды. Бұрын қолына қаламы мен қағазын беріп, таңдаулы демалыс орындарына жатқызып қойып, аялап отырып жаздырған қаламгерлер билік қамқорлығынан қағылды. Жаңа заман келді де, әр жазушыға «өз арбаңды өзің сүйре» делінді. Жазу дертіне шалдыққан қаламгерлер бұйда үзбей, әйтеуір қисалаңдап жүріп арбасын сүйреп келеді. Бірақ, бұл ұлттың ұтылысына да алып келген сияқты. Әдебиеті арқылы өзге жұртқа айдындана қарайтын қазақ қаламгерлерінің жүзі пәс, көңілі жүдеу.Ал енді осы кемшіліктің орнын толтыратын мүмкіндік бар ма? Өз ішінде қайнап, өз ішінде тұншыққан бүгінгі қазақ әдебиетін жарық әлемге алып шығатын жол бар ма?

QAZAQUNI.KZ. "Миллиардер Митталдың мойнында қанша адамның өлімі бар?" - Қарағандыдағы Саран шахтасында апаттан үйінді асында қалып қойған кеншілердің төртеуі қайтыс болып, тағы төртеуі аса ауыр жарақат алған қайғылы оқиғаға кінәлі жұмыс берушілер болып шықты. Жан-жақты арнайы ұйымдастырылған тексерістің нәтижесі осындай қорытынды шығарды.

DALANEWS.KZ. "И.Тасмағамбетов: «Қазақ тілі өзге емес, өзімізге керек екенін түсінбей келеміз»" - Астанада өткен Республикалық жастар Форумының пленарлық отырысында жастар ҚР Премьер-министрінің орынбасары Иманғали Тасмағамбетовтен еліміздегі үш тұғырлы тіл саясатына қатысты пікірін сұрады.



2 желтоқсан 2016, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.