ZHASALASH.KZ. "Масқара: Отанын сүйгенi үшiн – бес жыл абақты!" - Атырау соты жерге қатысты мәлiметтердi ашық жариялауды талап еткен Макс Боқаев пен Талғат Аянды “әлеуметтiк, ұлттық алауыздық тудырып, әдейi жалған ақпарат таратқаны үшiн" бес жылға абақтыға кесу туралы үкiмiн жариялады. Оған қоса “заңсыз митинг ұйымдастырғаны" үшiн 530 мың теңге айыппұл салып, үш жылға дейiн қоғамдық жұмыспен айналысуға тыйым салу, барлық сот шығындарын өндiрiп алу туралы жазаны да естiрттi.
"Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы: Бұл – бiздегi сот жүйесiне шығарылған үкiм" - Бұл мәселенiң жай-жапсарынан халық түгел хабардар. Макс пен Талғат митингiге өздерiнiң азаматтық жауапкершiлiгiн сезiне отырып барды. Оларды сол үшiн соттау адамгершiлiк тұрғыдан да, заңдық тұрғыдан да қисынға келмейдi. Себебi, бiрiншiден, Макс пен Талғаттың және сол сияқты басқа да жiгiттердiң митингiге шығуы, бұл – олардың Конституцияда көрсетiлген құқы.
"Назарбаев шынын айтамын деп сырын айтқан сияқты" - Қазақстанның саяси элитасы президентке мадақ айтудан социалистiк жарысқа түсетiн, үлкен кiсiнiң алдында бүгежектеуден белдерi жазылмайтын желтоқсан айының қарсаңында, өзiнiң кезектi төл мерекесi (тұңғыш президент күнi) мен Тәуелсiздiктiң мерейтойының алдында президент Назарбаев Bloomberg агенттiгiне сұхбат бердi. Президенттiң қандай кiтап оқып, қай әндi жақсы көретiнiн сұраудан аспайтын библиографиялық-музыкалық жанрдағы қазақстандық әрiптестерiнен гөрi, батыстық белдi басылымның өкiлдерi Назарбаевқа көкейкестi сұрақтар қойды. Сол себептi сұхбаттың жалпы ауаны Қазақстанды аумалы-төкпелi дүниедегi жалғыз тұрақтылық аралы ретiнде әспеттейтiн ресми насихаттың мазмұнынан алыс жатты. Дегенмен президент Назарбаев әлем қауымдастығының, атап айтқанда бiзге инвестиция әкеле алатын қалталылардың секемшiл көңiлiн аулауға тырысты.
AZATTYQ.ORG. "Мектептегі зорлық мәселесіне көп назары ауды" - Бір топ Англия футболшысы бала кездерінде жаттықтырушыларынан зорлық көргендерін айтқан соң ата-аналар "футбол мектептерінде бала оқыту қауіпті ме?" деген сұрақ қоя бастады. Ал Қазақстан мектептеріндегі сексуалдық зорлыққа қатысты мамандар пікірі әр түрлі.
"Өмір бойына сотталған азаматтар өмірге ынтызар" - Жітіқара қаласындағы колонияда өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасымен отырғандар толық деградацияға ұшырап жатыр деуге болады. Астанада өткен конференцияда «Онда адамның тұлғалық қадір-қасиеті жойылады» деген пікір айтылды. Бұл мәселе «өлім жазасын қайта қолдана бастау керек» деген уәжбен қатар көтеріліп жатыр.
365INFO.KZ. "Ұлттық банк Қазақстанды Ресейге сатып жатыр" - Долларға сұраныстың құлдырауы — жалған ақпарат. Мәселенің мәні цифраларды құбылтуда жатыр.
"Саакашвили Украинада президент болғалы жүр ме?" - Кеше Украина астанасы Киевте Одесса облысының бұрынғы губернаторы, Грузия экс-президенті Михаил Саакашвили жетекшілік ететін «Рух новых сил» қозғалысы алғашқы шеруін өткізді.
KORRESPONDENT.KZ. "Саяси белсенділікті немен өлшейміз?" - Ата Заңымызда «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық» деп, тайға таңба басқандай етіп жазылып қойған. Ол билікті референдумдар мен сайлаулар арқылы жүзеге асырады. Және өз атынан билік жүргізуді мемлекеттік органдарға береді. Билікті сеніп тапсырған соң, оны бақылауда ұстап отыру да маңызды. Осы тұсқа келгенде, біздің азаматтарымыздың енжарлығы байқалады.
"Көмірдің қызуынан оған талас-тартыстың «қызуы» басым" - Ауа райын болжаушылар биылғы қыстың біршама суық болатынын айтады. Бұл болжам қазанның қақ ортасында екі рет қар жаудырған табиғаттың тосын мінезінен кейін-ақ айтыла бастады. Қос қардан кейін арада біраз күн ауа райы жайлы болып тұрды да, қарашаның екінші жартысында қайта күшіне мінді. Міне, соңғы екі-үш күннен бері ақтүтек аяз бет қарататын емес.
TURKYSTAN.KZ. "Еуропада жаңа ұйым құрылмақ" - Лондон Варшавамен достасудың амалын іздей бастады. Ұлыбританияның Еуропалық Одақ құрамынан шығу туралы шешімінен кейін корольдік маңайына жаңа жақтас жинау мәселесіне бас қатыруда. Польшаға да дос керек, әсіресе бес қаруы сай дос. Сондықтан ағылшын премьері Тереза Мэйдің польшалық әріптесі Беата Шидломен кездесуі жылы шырайда өтті.
ҚАЗТАГ. "Несиелік дүмпу Ұлттық банктің түсіне ғана кіреді..." - Қазақстан ұлттық банкі таң қалдыруын жалғастыруда. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында экономиканы несиелендіру тек ең төмен ғана емес, қарқынмен жүріп жатыр екен-мыс. Бірақ реттеушінің статистикалық есептеулері кері нәрсені көрсетіп тұр.
QAMSHY.KZ. "Байқоңырды қазақтың өз қарауында қалдыру үшін Әубәкіров бір кісідей тер төккен" - Ол: «Қазақстан Тәуелсіздік алды деп естігенде қуанбаған қазақ жоқ, тымағымызды аспанға лақтырып едік» дейді. Ол ғарышқа ұшқанда да қуанбаған қазақ жоқ. «Қазақтан да бір ғарышкер туды-ау!» деген мақтаныш кернеген жүректер оның ғарыш-сапарын аңызға айналдырды. Тіпті, қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкердің жерге оралуы мен Қазақ елінің тәуелсіздік алуын космостық байланысқа балайтындар да жоқ емес. Ал ол болса 1986 жылы Желтоқсанда жанын қиған, жасын төккен, жастығын берген, қажыр-қайратын жұмсаған ұл-қыздарымызды, Тәуелсіздік жолында тапталған намыстар мен төгілген арды ұмытуға болмайды дейді.