AZATTYQ.ORG. "Қазақстандағы жас белсенділердің халі нешік?" - Жас белсенділер мен саясаткерлер соңғы он шақты жылда саяси-қоғамдық қозғалыстарының «биліктің қысымынан тым әлсіреп кеткенін» айтады. Билік партиясының жастар қанаты мұндай уәжбен келіспейді.
"«Майданнан кету мүмкін емес»" - Украина ұлтшылдары Абырой мен бостандық күні Киевте «Петр Порошенкоға сұрақ» атты акция өткізді. Осы күні халыққа жасаған үндеуінде президент Порошенко «алаңға шыққандарды сатқынға баламау» мен Ресей жоспарын айтып өтті.
"«Диктаторға қалай айналғаныңызды өзіңіз де байқамай қаласыз»" - Қостанай облысы әкімшілігінің бұрынғы басшысы және бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі Балташ Тұрсымбаев 1990 жылдары Қазақстанда орталық пен аймақтар саясатта қандай тәсілдер қолданғаны туралы айтып берді.
ZHASALASH.KZ. "«Қойшы көп болса, қой арам өледi»" - “Жаңадан жергiлiктi полиция құрылып, жергiлiктi атқарушы билiкке бағынатын болады" деген ақпарат былтырғы желтоқсанда алғаш тарағанда әр өңiрдегi әкiмдердiң бөрiктерiн аспанға атып қуанғанына күмәнiмiз жоқ. Қуанбағанда қайтсiн, бұған дейiн әкiмдер қылмыстың көбейiп кеткенi үшiн ұрыс естiп жүрдi. Бiрақ қылмыспен күресетiн iшкi iстер органдарына кемшiлiгiне байланысты шара қолдануға, жұмыстарын жүйелi жүргiзуге жаңаша тапсырма беруге әкiмдердiң ешбiр құзыры жүрген жоқ. Бұл ендi әдiлетсiздiк едi. Биылғы жылдың басында жаңадан құрылған жергiлiктi полицияның бастығын алдымен облыста, одан аудан, қалаларда әкiмдер тағайындады. Толығымен жергiлiктi әкiмге бағынышты болды. Бұған қатты қуанған әкiмдiк жергiлiктi полицияға алғашқыда қаржыны үйiп-төктi. Ресми мәлiметтерге қарағанда Оңтүстiк Қазақстан облыстық жергiлiктi полициясының қоғамдық көмекшiлерiн жұмысқа тартудың өзiне 40 миллион теңге бөлiнiптi. Қоғамдық көмекшiнiң өзiне осыншама қаржыны қиып бере салған соң полицейлердiң өздерiнен аяйтын не бар?
"Прокурор ұлтараздыққа салдар табуға тырысты" - Атыраудағы Макс Боқаев пен Талғат Аянға қатысты сот тергеуi жарыссөзге көштi. Оларға қатысты қозғалып отырған “қылмыстық iстегi" басты айып – Faсebook әлеуметтiк желiсiндегi жазбалар ғана. Әлеуметтiк желiде саяси ойынның құрбанына айналған екеу не айтты?
365INFO.KZ. "Кәрім Мәсімов Дәулет Ерғожинды неге қасына алды?" - 2015 жылы Дәулет Ерғожин ел қазынасына 200 миллион теңгеден астам қаржыны қайтарды. 2016 жылғы 21-қарашада Ебасының өкімімен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
"«Ақыл-есі дұрыс емес». Қазақ қызын зорлап өлтірген қылмыскер түрмеден құтылып тынды" - Бұдан бұрын Таразда бойжеткенді айуандықпен зорлап, артынан буындырып өлтірген жігіттің жазадан құтылып кетуі мүмкін екенін жазғанбыз.
KORRESPONDENT.KZ. "Қазына қаржысы тағы да желге ұшқалы тұр" - Бітпей жатып, бүлініп жатқан жұмыстар аз емес. Жаңадан бой көтерген көпқабатты үйлерден де кемшілік кетіп, оған жұмсалған қазынаның қанша ақшасы желге ұшып жатыр. Орталық Қазақстандағы Шахтинск қаласында да бір үй бітпей жатып, тозуға айналды.
"Бізге де жеткен биткоин" - Соңғы жылдары лексиконымызда «модный» сөздер қаптап кетті. Соның бірі – криптовалюта. Бұл – электронды ақша. Жаңа технологиялар мен Үкіметтің бақылауынсыз жүргізуге негізделген төлемдер мен ақша аударымдарының жылдам әрі сенімді жүйесі. Ол – нағыз ақша емес, ақша орнына пайдаланылатын эрзац, яғни жасанды ақша. Оның ішіндегі ең танымалы – биткоин. Бүгінде 1 биткоинның құны – 703 АҚШ долларына тең. Криптовалюталардың ішінде танымалдылығы жағынан екінші орында — Лайткойн. Бұл криптовалютаның транзакция алгоритмі тезірек жұмыс істейді. Биткоин мен Лайткоинды алтын мен күміс деп салыстырса болады. Қазіргі таңда оннан астам ірі криптовалюта бар.
ABAI.KZ. "Қашағаннан қайыр бар ма, Бозымбаев мырза?" - Күні кеше Қазақстанның энергетика министрі Қанат Бозымбаев есіп сөйлеп, Қашағаннан мұнай соруды қайта бастағанын айтты. Биылғы жылдың 28-қыркүйегінен бастап Каспийден сынақ ретінде сорып алынған мұнайдың жалпы көлемі жалпы қоры 479,000 тоннаға, ал тауар қалпындағы табиғи газ – 97 миллион куб метрді құрапты. Бұл тәжірбие ретінде ғана сорылған мұнай екенін ескерсек, қанша жыл қылшық шығармаған Қашағанның қоры көпке жетеді-міс.
QAMSHY.KZ. "Қарашада туған Мұстафа еді..." - Алаштың маңдайына біткен жарық жұлдызы Мұстафа Өзтүрік тірі болғанда бүгін 62 жасқа келер еді. Қырықтың қырқасына ілінген шағында дүниеден өткен марқұмның артында өшпес ізі қалды.