ZHASALASH.KZ. "«Мұхамедиұлының арнайы тексеруден өтуiн талап етемiз» дейдi адвокат Гүлнар Жуасбаева" - Мәдениет және спорт министрi Арыстанбек Мұхамедиұлы өзiне сексуалдық дәмегөйлiк танытқанын айтып, айыптаған Еңлiк Сыдықованы сотқа бердi. Осыған орай министрдiң адвокаты Ескендiр Әлiмбаев ол бұл қадамға қызды жауапқа тарту мақсатында емес, мемлекеттiк қызметкер болғандықтан, өзiнiң ар-намысын, абыройын қорғау үшiн барғандығын мәлiмдедi. Сондай-ақ ол Е.Сыдықованың бейнеүндеуде айтқан сөзi шындыққа жанаспайтынын, себебi, аталған оқу орнына оның 2011 жылы түспегенiн айтты. “А.Мұхамедиұлының сотқа арыз беруi – бiрiншi кезекте заң талабы. “Осылайша, “Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы заңының 52-бабы, 6-бөлiгiне сәйкес, мемлекеттiк қызметшiге сыбайлас жемқорлық жасады деп жариялы түрде негiзсiз айып тағылса, ол айыптау анықталған күннен бастап, бiр ай мерзiмде терiске шығарылуы тиiс.
"Судья қайда асықты?" - Атыраудағы сот процесi бақылаушылардың ойынша мәресiне жақындады. Сотта айғақ заттар, телефон әңгiмелерi, тiнтуден алынған заттармен танысу жалғасып жатыр. Iстi жүргiзген судья Гүлнәр Дәулешова дүйсенбiден берi 60- қа жуық томды парақтап, адвокаттар сұраған бiр топ куәнi сол бетi шақырмады.
AZATTYQ.ORG. "Демократиялық таңдау қозғалысының ықпалы қандай болды?" - «Қазақстанның демократиялық таңдауы» қозғалысы құрылғанына 15 жыл толды. AzattyqLIVE бүгінгі хабарында саясаткер Зәуреш Батталовамен қозғалыстың тарихы мен қоғамға ықпалы, тарау себептерін сараптады.
"«Экологтар ешкімге қажетсіз каста сынды болатын»" - Эколог әрі саясаткер Мэлс Елеусізов 1990 жылдардың ортасындағы қоршаған ортаның ахуалы, Сталин және ядролық жарылыстар жайлы пікірімен бөлісті.
"Әлеуметтік жарнаманы көрсетуге міндеттемек" - Қазақстандық телеарналарды мемлекеттік тапсырыс бойынша түсірілген кемі екі видеороликті прайм-тайм мезгілінде тегін көрсетуге міндеттеу ұсынылды. Бұл мәселе парламентте талқыланды.
ҚАЗТАГ. "Үкіметтің фискалдық саясатты қатайту бағыты экономика үшін несімен қауіпті" - Шенеуніктердің салық бастамасы мен алдағы үш жылдық республикалық бюджеттің негізгі параметрлеріне қарасақ, үкімет келесі жылдан бастап фискалдық ынталандыруды азайту қадамына бармақ. Және министрлер кабинетінің бұл қадамы Қазақстан экономикасының өсуі мен халық кірісіне теріс ықпал етуі мүмкін деген толық негізді алаңдаушылық бар.
KORRESPONDENT.KZ. "Әзімбай ҒАЛИ, тарих ғылымдарының докторы, профессор, саясаттанушы: «Тез дамыған мемлекеттер прогресс үшін бір құндылықты құрбан етеді...»" - Тарих ғылымдарының докторы, профессор, саясаттанушы Әзімбай Ғалимен сұхбат.
"Трамптың түбіне импичмент жетпесін..." - 2016 жыл Батыс демократиясында үлкен өзгерістер басталған жыл деуге болады. Саясаткерлер сөзіндегі популизмнің көбеюі, Ұлыбританияның Еуроодақтан шығуы мен Трамптың сайлаудағы жеңісі демократия бизнес емес екенін көрсетті. Әсіресе, АҚШ-тағы сайлау нәтижесі осы өзгерістерге серпін беретін оқиғаның бірі болды. Аталмыш саяси доданың қорытындысы америкалықтардың көпшілігінің жаһанданудағы еркін сауда және ашық шекара секілді қағидалармен келіспейтінін, әрі Вашингтонның сыртқы саясатта соңғы жылдары қатты ұстанып келген «әсіре бауырмалдығын» құптамайтынын айқын көрсетті.
TURKYSTAN.KZ. "Жеңіс Қасымбек, ҚР Инвестициялар және даму министрі: Машина жасау – елімізді индустрияландырудың негізі" - Экономиканың негізгі күретамыры – жол, көлік, теміржол салаларының беталысы қай деңгейде? Осы мақсатқа орай қабылданған бағдарламалардың орындалуы көңіл көншіте ме? Біз бұл түйткілдер жайында тереңірек білу үшін Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мырзаны әңгімеге тартқан едік.
ABAI.KZ. "РФ: "бізге көрші елдер орыс тіліне ерекше статус беруі керек"" - Ресейлік ТАСС агенттігіне сұхбат берген РФ Сыртқы істер министрлігінің өкілі Элеонора Митрофанова «бұрынғы одаққа мүше болған елдерде орыс тіліне ерекше жағдай жасалуы тиіс» депті.