ZHASALASH.KZ. "Экспо–2017: салынып бiтпей-ақ құлап жатыр" - Астанада кеше ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесiне арнап салынып жатқан екi ғимараттың арасындағы көпiр құлады.Түс кезiнде болған оқыс апаттан абырой болғанда ешкiм зардап шекпеген көрiнедi. “Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының қоғаммен байланыс департаментiнiң басшысы Сергей Куянов журналистерге көрменiң екi павильоны арасын жалғайтын сәндiк көпiр құлағанын және құрылыс әлi қабылдаудан өтпегендiктен оны мердiгер өз есебiнен қалпына келтiретiнiн хабарлады.
"Бiрыңғай" - Күнi кеше ғана “Мемлекеттiк қызметкерлердiң бiрыңғай форма киетiнi" туралы “жып-жылы" жаңалықты бұқаралық ақпарат құралдары бiрiнен-бiрi “ала қашып" жариялаған. Өкiнiштiсi сол, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгi мұны қауесетке телiдi. Бiрақ жұрт арасында “қап, әттеген-ай, жемқорлықпен күрестiң көкесi осы болар едi-ау" деп өкiнiп жатқандар көп. Қиялына ерiк берiп, шендi-шекпендiлердi ойша киiндiрiп көргендер де жаппай “қамығып" жатыр. Сондықтан бұл мәселенi әлi де болса талдап-таразылап, бүкiл қоғам болып талқылаған жөн секiлдi.
"«Бастықтарды бопсалаған» Бигелдi Астанада қамауға алынды" - 15 қарашада Central Asia Monitor газетi мен Radiotochka.kz сайтының бас редакторы Бигелдi Ғабдуллин лауазымды тұлғалардан мемлекеттiк тапсырыстарды бопсалады деген күдiкпен Астанада тергеу абақтысына қамалғаны белгiлi болды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы Бигелдi Ғабдуллин өзiне қарасты Central Asia Monitor газетi мен Radiotochka.kz сайтын пайдаланып, “мемлекеттiк органдардың басшылары туралы жағымсыз материалдар жариялау арқылы ақпараттық шабуыл ұйымдастырған", “оны тоқтату үшiн лауазымды тұлғалардан өзiнiң медиа ресурстарының пайдасына мемлекеттiк тапсырыс бопсалаған" деп мәлiмдедi. Тергеу орындарының мәлiметiнше, тек осыдан кейiн ғана ақпарат құралдарында олар туралы тек жағымды мақалалар жарияланған. Тергеу кезiнде Бигелдi Ғабдуллиннiң жетi мемлекеттiк органды бопсалағаны анықталған көрiнедi. “Мәселен, Жамбыл облысының әкiмдiгiнен Ғабдуллин 10 миллион теңге бюджет қаржысын алған», - деп хабарлайды жемқорлыққа қарсы бюро өкiлдерi.
AZATTYQ.ORG. "Қазақстандағы тәуелсіз телерадиокомпаниялардың қысқа ғұмыры" - Алматыдағы ТВ М телеарнасында тәуелсіз журналист Сергей Дуванов жүргізетін «Ашық зона» бағдарламасы 1996 жылғы қарашаның 20-сы күні тікелей эфир үстінде жабылды. БАҚ нарығындағы алғашқы үлкен тазарту Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан соң бес жылдан кейін жүрді.
"Түркіменстанның танымал әншісі түрмеге қамалды" - Түркіменстанда ерекше танымал әншінің бірі Назир Хабибов түрмеге қамалды. Жұрт оған тағылған айып жала ма, шын ба деп күмәнданады.
KORRESPONDENT.KZ. "Кедей мен байдың арасы алшақтап барады" - Қазақстанда жыл өткен сайын бай мен кедейдің арасы алшақтап бара жатқанын ешкім жоққа шығара алмас. «Кедей «бай болсам», бай «құдай болсам» деп армандайды» деген мәтелдің тек байшыкештерге қатысты бөлігі ғана өз күшінде сияқты. Ал сіңірі шыққан байғұстың армандамақ түгіл, бай болу түсіне де кірмейтін шығар. Иә, жер бетінде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық ХХІ ғасырда ең жоғарғы шегіне жетіп, әлемдік деңгейде ең түйткілді мәселеге айналғандығы ресми түрде мәлімделді.
"Ақшаны қалай көбейтуге болады?" - Девальвациялық процестер мен отандық экономиканың мүшкіл халі халықты үнемдеуге үйреткенімен, ақшаны дұрыс басқаруды үйрете алмады. Біз әлі де ақшамызды қайда инвестициялау керектігін білмейміз. Ақшасы бар ауқаттылардың тең жарымы оны үйінде сақтаса, тағы бір 10-15 пайызы банкте ұстап отыр. Қалғандары артық қаражатты шашып-төгіп, сауық-сайран мен әрдеңені сатып алуға жұмсауда. Бағалы қағаздар нарығына қаржы салып, бағын сынап жатқандар қатары – саусақпен санарлық қана.
TURKYSTAN.KZ. "Медведевтің миы жетпеген іс" - Жемқорлық дерті Ресейді сандаған ғасырлардан бері айналдырып келеді. Бұл індет әсіресе, билік тізгінін ұстаған басшыларға кенедей жабысып алған. Ал саясат сахнасында жүргендерге бүкіл әлем көз тігетінін ескерсек, қазіргі таңда Ресей Федерациясының саяси беделіне нұқсан келіп жатқаны белгілі.
"Клинтон АҚШ-та демократияға ынта-ықылас төмендегенін бастан кешті" - Биылғы жылдың екі маңызды оқиғасы – Ұлыбританиядағы Брексит референдумы мен АҚШ-тағы президент сайлауы көптеген адамдардың демократияға деген ынта-ықыласының әлсіреуіне себеп болды. Батыс елдерінде қазіргі таңда «Демократия деген осы ма?» деген сыңайдағы көңіл-күйдің орныға бастағаны жасырын емес. Британ аралы тұрғындарының тең жартысы Еуропалық одақтан бөлінуге қарсы болған, сондықтан 23 маусым күнгі референдум Брекситті жүзеге асырады деп ойлағандар некен-саяқ еді. Ал АҚШ халқының басым бөлігі Дональд Трампты президент болады деп ойлаған жоқ, бірақ 8 қарашадағы бүкілхалықтық сайлау қорытындысы үстерінен мұздай су құйып жібергендей әсер етті. Сонда бұл ненің белгісі? Демократия халық билігін жүзеге асыру желеуімен қоғамды тығырыққа тірейтін шешімдер қабылдауға апаратын жол ма, бұл шешімдер Ұлыбританияда, АҚШ-та қоғамдық пікірдің өзгеріп, халық санасының ауытқуға ұшырауының көрінісі ме? Бұл сұрақтар алдағы он-жиырма, әлде одан көп уақыт бойы зерттеушілердің мазасын алатын мәселелер болмақ. Ал әзірге Брексит көші орнынан қозғалып, ал Дональд Трамп Ақ үйге қоныс аудармаққа өз жүгін тиеп жатыр. Осы екі шешімнің салдары ғаламдық дамуға, халықаралық қатынастарға әсер етпейді деп дауласу қисынсыз. Ендеше, ол әсерлер қандай болмақ, оның салдары қандай болмақ дегенді ойлаған ләзім.
ABAI.KZ. "Қазақстан Қырымды қолдамады" - Жақында БҰҰ Бас Ассамблеясы Ресей аннекциялап алған Қырымның мәселесін талқылады. Дәлірек айтсақ, Қырымдағы адам құқықтарының өрескел бұзылуына байланысты Ресей билігіне үндеу жолдап, Халықаралық сарапшыларды кіргізуді сұраған резолюция қабылданды. Бұл туралы Өзбекстандық «fergananews.com» порталы хабарлады.
"Пәлі, пара берген шенеунік - жәбірленуші екен" - Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Алмат Ермағамбетов қыздарын оқуға түсіру үшін 20 000 доллар пара бергенін полицияға мойындады.
DALANEWS.KZ. "Қанат Исламның cоңғы кездесуінде біз бен сізді жаңылыстырған 5 дерек…" - Қанат Исламның Алматыда өткен жекпе-жегі кешіне қатысты елді жаңылыстырған бес дерек жария болды.
AIKYN.KZ. "Алып адамдар Қазақстанда болған ба?" - Жуырда Ресей маманы Қазақстандағы Балхаш көлінің маңынан алып адамның ізі табылғанын жария етті.