Атырау, 19 желтоқсан 23:05
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Журналист Бигелді Ғабдуллин «бопсалау» күдігімен қамалды", "Жоғалған жобалар", "Қайда кетіп барамыз? Не істеп жүрміз?", "Трамп ақымақ емес, оның идеяларында үлкен мән жатыр — Кәкімжанов"

1 994 просмотра

AZATTYQ.ORG. "«Ресей өзінің тарихынан қорқады»" - Тұтқындардың жолданбай қалған хаттары, жұмыс қолғаптары мен тозығы жеткен қысқы аяқ киімдері, сынған гитара. Чехиялық энтузиастардың арқасында ГУЛАГ-тың қараусыз қалған 15 лагерінен табылған осындай заттарды енді онлайн-режимде көруге болады.

"Журналист Бигелді Ғабдуллин «бопсалау» күдігімен қамалды" - Қарашаның 15-і күні журналист Бигелді Ғабдуллиннің ұсталғаны хабарланды. Азаттыққа мұны коррупциямен күрес бюросы растады. Ал ол басқаратын редакция ұжымы әріптестерінің ұсталғанын баспасөз хабарламасынан білген.

"Экобелсенділік ірі кәсіпкерлердің соңғы таянышы ма?" - Бизнесімді тартып алды деп шағынған қазақстандық екі топ-бизнесмен эколог және азаматтық белсенді болуға бет бұрды. Постсоветтік кезеңде мұндай әдіске жүгінген адамдар болған, бірақ ол әрекеттері табыспен аяқталмаған еді.

ZHASALASH.KZ. "Порошенконы кiм алдады?" - Өзiн қырғыз басшысы Алмазбек Атам­баевпын деп таныстырып, Украина президен­тi Петр Порошенкомен бiр сағат сөйлескен қылжақбастың кiм екенi әлi белгiсiз. Қос елдiң Сыртқы iстер министрлерi бұл мәселенi зерттеп жатқанына он шақты күннiң жүзi өтсе де, айыптыны атай алмады. Дегенмен тұтқаның ар жағындағы “Атамбаевты" Алатаудың төңiрегiнен iздеп жүргендердiң тiрлiгi бос сенделiске ұқсайтындай.

"Жоғалған жобалар" - Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай ҚР Парламентi қабылдаған декларацияда: “Қазақстан әлемдегi энергетикалық және азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз етушi жетекшi елдер қатарына енетiнiн" мәлiмдеп жар салып едi, бұл жолы ұзақ үнсiздiк. Бюджеттiң миллиардтаған қаржысы жұмсалып, ел экономикасының қозғаушы күштерiне айналмақ зауыттар мен фабрикалардың қазiргi халi туралы не парламентте, не үкiметте талдау жасалып жатқан жоқ. Қазiргi күннiң ең өзектi сауалы – қай зауыт қай өңiрдiң локомотивiне айналды? Айналмаса, 6 жыл iшiнде қағазда қалған жобаларға жұмсалған қаржы қайда кеттi? 400-500 миллион долларға бағаланып, тоқтап қалған құрылыстар­ға кiм жауапты? Әр өңiрдегi жобалар қайта түгенделуi тиiс деп, үдемелi-индустрияландыру бағдарламасының 1-бесжылдығында (2010-2014жж.) Ақтөбе облысында iске асырылған негiзгi құрылыстарды түгендеп көрелiк.

KORRESPONDENT.KZ. "Қазақстанда тек қазақ сарбазы жүретін күн туар ма?" - Әлемге ықпалын жүргізу үшін АҚШ пен КСРО-ның текетіресі қарулану бәйгесіне ұласқан-ды. Еуропада коммунизмнің елесі кезіп жүрген кезеңде большевиктердің басымдығын болдырмау үшін өткен ғасырдың 70-80-ші жылдары Құрама Штаттар өз сарбаздарын әлемнің отыз шақты елінде орналастырды. Сол кезде күшіне мініп тұрған Кеңес Одағы да қарсыласынан қалыспай, жиырмадан астам елде өзінің әскери базасын ұстады. Кеңес үкіметі құлаған соң АҚШ әскерін жаһанға жайып, сырттағы базаларының санын арттырып келеді. Ресей де баяғы қауқарын қайтаруға үмітті.

"Несиеге үйленудің соңы неге апарып соқтырады?" - Өткен апта қос бірдей тойдың құтты қонағы болдық. Сырт көзге арасы жер мен көктей көрінген қос қуанышты салыстыруға кіріскеніміздің өзі әбестік шығар, бәлкім. Әйткенмен, аты-жөнін атамасақ та, көрмейін десек, көзіміз бар.

ABAI.KZ. "Елу бай. Олар кімдер?" - Forbes.kz сайты Қазақстандағы аса бай 50 бизнесменнің шеруін жариялады.

"Қайда кетіп барамыз? Не істеп жүрміз?" - Жуырда ғана көз алдымда смартфонына үңіліп, онысынан салбыраған наушникті құлағына тығындап алған қызды поезд локомотиві қағып кете жаздады. Абырой болғанда әлгі локомотив темір жол желісінің жаяу жүргіншілер өтетін жерінен сәл төменде тұрған басқа локомотивті тіркеуге бара жатқандықтан, жылдамдығы жоғары болмай тоқтап үлгерді. Ал тоқтап үлгермесе не болар еді?! Соңғы жылдары телефонға телмірген жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қатысуымен болған жолдағы көлік апаты жиілеген. Алаңдатарлық-ақ жайт.

365INFO.KZ. "Трамп ақымақ емес, оның идеяларында үлкен мән жатыр — Кәкімжанов" - Қазақстандық белгілі экономист Зейнолла Кәкімжанов (ҚР бұрынғы қаржы министрі) АҚШ президенті Дональд Трамптың экономикалық ұстанымдарын «Трампономика» деп атауды ұсынып отыр. Кезінде сарапшылар 1981-1989 жылдары АҚШ-тың 40-шы президенті болған Рональд Рейганның экономикалық саясатын «Рейганомикой» деп атаған еді.

"Мақпал Жүнісова: «Зәкеңнің рухы әлі тынышталған жоқ»" - Осыдан 11 жыл бұрын 12 қарашада саясаткер Заманбек Нұрқаділов Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапты.

QAMSHY.KZ. Нельсон Промоушен»: Қанаттың жекпе-жегі туралы дауға алаңдаудың қажеті жоқ" - «Қамшы» порталы 14 қарашада таратқан ақпаратында 29 қазанда Алматыда өткен Қанат Ислам жекпе-жегіне қатысты «елді жаңылдырған бес дерек» туралы белгілі спорт журналисі Руслан Меделбектің жазбасын жариялаған болатын. Бұған байланысты қалың оқырманнан жағымсыз пікірлер түсіп, жазба авторы мен порталымызды сынап жатқандар табылды. Біз қазақ намысын қорғап жүрген батырымыз Қанат Исламға аса жанкүйер оқырмандарымыздың пейіліне алғысымызды білдіре отырып, ол жазбадағы мәселенің мәнін түсіндіре кетуді жөн көрдік.


15 қараша 2016, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.