Атырау, 19 желтоқсан 23:19
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысы Қазақстан экономикасына қалай әсер етуі мүмкін?", "Феникстің кегі", "Мирзиёев — Кәрімов емес: ол көршілерімен тату болғанды қалайды", "Дулыға Ақмолда: тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды деп қуанып жатырмыз..."

1 961 просмотра

ZHASALASH.KZ. "Бiлiм беру жинақтау жүйесi арқылы екiншi мамандық алудың да шешiмiн табуға болады" - Бiлiмдi ұлт – бәсекеге қабiлеттi ұлт. Әлемдiк бәсекелестiк ауқымында Қазақстан өзiнiң ла­йық­ты орнын алу үшiн бiлiмдi ұрпақ тәрбиелеуге мейлiнше мән берiп жүр. Соның iшiнде азаматтарға заман талабына сай мамандық игер­тудiң маңызы зор. Осыған байланысты мемлекет мамандық игерем деушiлердi қолдаудың түрлi тетiктерiн iске қосқан болатын. Мұндай бiрегей тетiктiң бiрi – “Мемлекеттiк бiлiм беру жинақтау жүйесi". Дәл осы бағдарлама бойынша елiмiздiң кез келген азаматы жоғары оқу орындарында бiлiмiн арттырып қана қоймай, екiн­шi мамандық алу үшiн өзiне қаражат жинай алады.

ҚАЗТАГ. "Тагир Сисинбаев: Азаматтық қаруды қысқарту науқаны - нағыз көз бояушылық" - Қазақстанда заңды орындайтын азаматтардың атыс қаруларының (аңшылық және спорттық) санын 10-нан 4-еуге дейін қысқарту туралы ІІМ жоспары қоғамда кеңінен талқыланды. Мысалы, ҚР спорттық оқпен ату федерациясының вице-президенті, адвокаттық «Элькар» кеңсесінің директоры Тагир Сисинбаев осындай заңнамалық актілер бұрын да енгізілгенімен ешқандай тиімсіз болғандықтан алып тасталынған деп отыр. Ол аз десеңіз, осындай түзетулер енгізуге бастама болғандардың бұл шара террорлық көріністермен күресті күшейтуге бағытталған деп айтуының ешбір негізі жоқ. Біздің адвокатпен сұхбатымыз азаматтық қару айналыс саласына қатысты заңнама туралы және ондай қару санының террорлық қауіп деңгейіне әсері туралы.

"АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысы Қазақстан экономикасына қалай әсер етуі мүмкін?" - АҚШ-тағы президенттің сайлауалды жарысы мәреге жақындап қалды. Және кімнің жеңіске жететіне америкалық экономика жағдайының өзгеруі ғана емес, жаһандық шаруашылық жүйенің даму болашағы да тәуелді болмақ. Сондықтан, қаласақ та, қаламасақ та Амерка құрама штаттарындағы сайлау қазақстандық экономикаға ықпалын тигізеді. Тек мәселе мынада, ол қандай болады – оң ба, әлде теріс пе? Бүгінгі күні тек жалқаулар ғана тілге тиек етпей отырған қауіптер мен жанжалдардың артуы бойынша АҚШ президенті тағы үшін бұл жолғы сайлауалды жарысты асыра сілтеусіз бұрын болып көрмеген, теңдессіз жарыс деп атауға болады. Мұның барлығына басты себеп мынау – америка тарихында соңғы бірнеше онжылдықта алғаш рет президенттікке үміткерлер бір-бірінен айырмашылығы жер мен көктей болатын экономикалық ұсыныстарын баяндап отыр, сыртқы саясат мәселесі бойынша олардың ұстанымдарындағы принциптік айырмашылықтарын айтпай-ақ қояйық.

AZATTYQ.ORG. "Молдовада еуропашыл кандидатқа шабуыл үдеді" - Молдовада президент сайлауының екінші туры қарсаңында еуропашыл кандидат Майя Сандуға қарсы "қара пиар" күшейді. Оның бәсекелесі Игорь Додон өз партиясының бұған еш қатысы жоғын мәлімдеген.

"«Бапкерлері боксшымызды өлтіріп алма деп ақша берген»" - Боксшы Василий Жиров суық спортзалда өткізген жаттығулары, дәнекерлеуші болып жұмыс істегені және 1990 жылдары «отырып шыққандар», «іскерлер» және «спортшылар» деп бөлінген туған қаласы Балқаш жайлы әңгімелеп берді.

365INFO.KZ. "Мирзиёев — Кәрімов емес: ол көршілерімен тату болғанды қалайды" - Ислам Кәрімов дүниеден өткеннен кейін ресми Ташкент көршілерімен қарым-қатынасты түзетуге білек сыбана кірісті.

"Трамп жеңсе, дүние бүлінбейді – саясаттанушы" - Мұнай мен доллар бағамының АҚШ-тағы сайлауға ешқандай қатысы жоқ. АҚШ доллары онсыз да қымбаттай береді. Ал теңге девальвациясынан біз қашып құтыла алмаймыз.

KORRESPONDENT.KZ. "Феникстің кегі" - Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Тұңғышбай Жаманқұловтың арасы өз апогейіне жетті. Ректор боп тұрған кезінде қыздарға қырындаған қазіргі министрдің қылығын айтқан қазақтың қаракөзін қолдаған халық әртісінің өз басы дауға қалды. Құзырлы орган Т.Жаманқұловтың жетпіс миллион теңгедей қаржы жымқырғанын жариялады. «Тұңғышбай тұтқындалыпты» деген хабар, сіздерді қайдам, менде сонау 1937-1938 жылдардағы қазақ интеллигенциясының күйіне көзім куә болғандай әсер қалдырды.

"Қытайдың «розеткасын» пайдалана бастаймыз-ау..." - Энергетика – оқырманға қызықсыз тақырып болса-дағы, мемлекет өміріндегі ең маңызды салалардың бірі. Бірнеше айдан кейін өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталуы бекер емес. Себебі, энергетика болмаса, өркениетпен, жайлы өмірмен қоштаса беріңіз. Өкініштісі сол – Қазақстан жасыл энергетиканы қарық қыла алмай отыр. Келешекке де үміт арту артық сияқты. Қазақстанның қазіргі энергетикалық қуаттылығы – 19 мың МВт. Оның 70 пайызы – көмір, 15 пайызы – гидро, 15 пайызы – газ бен мұнайдың үлесінде. Күн мен желдің үлесі 1 пайызға да жетпейді.

ABAI.KZ. "Медиақұрылтайға қатыспай қазақ тілді БАҚ қайда жүр?" - Отандық БАҚ-тың болашағы қандай болуы керек? Бұл жөнінде бүгінгі Медиақұрылтайда сөз болады. Басты тақырып – отандық БАҚ-тың тиімділігін арттыру.

"Әлекеңнің тойы неге елеусіз қалды?" - Төр қаламыз - Астананың төріндегі Ұлттық музейде Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы мен ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Әлихан Бөкейхан: Алаш мұраты және Тәуелсіздік құндылығы" атты ғылыми-практикалық конференция өтті. Алқалы жиында Әлекеңнің өмірі, қоғамдағы рөлі, қызметі, тәуелсіздік жолындағы күресі, ғылымның салаларына сіңірген еңбегі және. т.б. әңгіме өзегіне айналды. Ең бастысы, Астана қалалық әкімдігі, қалалық тілдерді дамыту басқармасы Ұлттық музеймен бірлесіп ұйымдастырған басқосуда Әлекеңнің әруағына арналып ас беріліп, құран бағышталды. Бұл -еліміздің рухани өміріндегі үлкен жаңалық.

QAMSHY.KZ. "Дулыға Ақмолда: тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болды деп қуанып жатырмыз. Бірақ, не бітірдік?" - Дулыға Ақмолда, актер, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері. Дулығаны халық сонау кездері болған «Жетпіс жеті күн», «Еркетің аты еркек» бағдарламалары арқылы кеңінен таниды. М.Әуеов атындағы драма театрының актері. Соңғы шығып жатқан «Оралман», « Өліара» фильмдерде басты рөлді сомдайды. Бұған дейін «Ақылдың кілті», «Аманат», «Біржан сал» сынды бірнеше фильмдерге түскен. Дулыға қазақ актерларының ішінде көп көріне бермейтін, салмақты ой айта білетін, кәсіби мамандардың бірегейі. Кешегі Ә.Мәмбетов, Ә.Молдабековтердің мектебінен шыққан. «Қамшы» порталы Дулығамен театр төңірегіндегі, қазақ ұлтына қатысты өзекті мәселелер жайында ой өрбітіп, сұхбаттасып қайтқан еді.


11 қараша 2016, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.