AZATTYQ.ORG. "«Бір диктаторға тәуелді болған кезде жақсы қоғам құрылмайды»" - Тәуелсіз Қазақстанның Жоғарғы кеңесінің алғашқы төрағасы Серікболсын Әбділдин Қазақстанның саяси өмірі25 жыл ішінде қалай өзгергені жайлы айтып берді.
"Ажырасар алдындағы түн" - Владимир Путиннің жеке өмірі мемлекеттік құпия саналады. Оның үйленіп алуы, тіпті кішкентай балалары болуы да мүмкін. Бұрынғы әйелі тағы тұрмысқа шыққан сияқты. Кремль жұрт қиялына ерік беріп, бұл тақырыпқа қатысты ешқандай түсінік таратпай отыр.
"Ескі сүрлеуден жаңылмайтын сайлау науқаны" - Өзбекстанда басталған президенттік сайлау науқаны барысында билікшіл төрт кандидаттың арасында біреуінің белсенділігі ерекше көзге түседі. Кей сарапшылар бұл сайлаудың алдыңғыдан бәлендей өзгешелігі болмайды дейді.
ZHASALASH.KZ. "Керекудегi «қырындағыш»" - “Қазақстан" телеарнасы АҚ-ның Павлодардағы филиалынан шу шығып жатыр. Бұл жөнiнде vesti.kz т.б. электронды сайттар хабар таратты. Аталмыш филиалдың журналисi Әйгерiм Мұздыбаеваның шағымдануынша, оған филиал директоры Бауыржан Айтқазин сексуалдық тұрғыда қысым жасаған. Журналист қыз осындай мәтiндегi шағымын “Қазақстан" АҚ төрағасы Кемелбек Ойшыбаевтың facebook әлеуметтiк желiсiндегi парақшасында жариялаған және Today.kz ақпараттық порталының тiлшiсiне әңгiмелеп берiптi.
365INFO.KZ. "«Байтұрсынов еден жусын!» — орыстілді басылым қазақ атауларына қарсы шықты" - Орыстілді басылымдарға шолу жасап тұру қажет, анығында. Олар не жазып, не қойып жатыр осы?
KORRESPONDENT.KZ. "Неке қиғыш молдалар тоқалқұмарларға қол боп тұр" - Екі әйел алу абырой ма, абыройдан айырылу ма? Қос қалыңдықты қанатының астына алған азаматтардың шариғаттың шарттарына келгенде қомдаған қанаты қайырылып кетпей ме? Пайғамбардың сүннетін орындап, сауап жинағысы келгендердің көбі өз бала-шағасының көз жасына қалып жүрген жоқ па? Нәпсіге құрық болар деп қос-қос қатын алатындардың онысы нәпсіні тыя алмау емес пе?
"Қай облыстың медицинасы мықты?" - Тәніміз ауырғанда ең жақсы дәрігерді, үздік аурухананы іздейтін әдетіміз бар. Жергілікті медицинаның қауқарына сенбей, жанымызды аман алып қалу үшін Тескентаудан да асуға дайынбыз. Біреу білікті мамандар тек қана Алматыда десе, енді бірі Астанада дейді. Сонымен, қай қалада медицина жақсы дамыған екен, көз жүгіртейік.
ABAI.KZ. "«Qazaqstan» емес, «Qazaqystan» делініп жазылуы керек" - Парламент сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» сөзінің ағылшын тілінде дұрыс жазылуы мәселесін көтеріп, ағылшын әліпбиіндегі «Qq» (кью) әрпін пайдалану жөн дей келе, «Kazakhstan-нан гөрі ағылшын тілінде «Qazaqstan» еліміздің ұлттық негізін дұрыс көрсетпек», – деген сөзінен кейін «Жас қазақ» газетінің 4 қараша күнгі санында Әуесбайдың Qanatының «Ребрендингтің басы болғай» деген мақаласы жариялады. Рас, біз басында «Ребрендинг» деп нені айтып отыр» деп оқыдық. Сөйтсек, мақаланың тоқетері «Qq» әрпін қазақ тілінің «қ» дыбысын таңбалау үшін қолданған дұрыс дегенді қолдаған ұсыныс екен. Ал «Ребрендинг» сөзі «бір елдің бетке ұстар таңбаларын (бренд) толықтай өзгертетін іс-шара» дегенді білдіреді екен. Шетелдік сөзді орынсыз тықпалап, қазақтың басын қатырғанша, қазақшалап жаза салмады ма деген ойға қалдық. Алайда бізді толғандырған басқа мәселе.
"Семейде желтоқсан батырының да, оны жазалаушының да атында көше бар" - Үстіміздегі жыл – еліміз үшін мерейлі де межелі жыл. Атап айтсақ, әз-Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы, азаттыққа негіз салған Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейханның 150 жылдығы және Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы. Бәрі де - бөрікті аспанға атып, ел болып жұмыла атсалысатын мерейтойлар.
QAMSHY.KZ. "«Qazaqstan» атауы - алаштың мұраты" - ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан» сөзінің ағылшын тілінде “QAZAQSTAN" деп дұрыс жазылуы мәселесін көтерді. Бұл өте орынды бастама, толық қолдаймын. Бұл біздің еліміздің атының халықаралық қауымдастықта 90 жыл бойы “KAZAKHSTAN" деп жазылып келген қателігін жояды. Мұны да тәуелсіздіктің жемісі деп білгеніміз жөн. Өйткені тәуелсіздіктің арқасында біз ұлттық құндылықтарымызға қол жеткізіп оларды әлемге танытып отырмыз.