Атырау, 5 желтоқсан 10:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Допинг қолданған спортшыларды қандай жауапкершілік күтіп тұр?", "Қазақстанның бағы – Қашаған", "Желтоқсан тарихы отаншылдық тәрбие бұлағына айналсын", "Қаржаубай Сартқожа: Бізге қытайларды зерттейтін «мыстан» институттар құру керек"

2 298 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. "Допинг қолданған спортшыларды қандай жауапкершілік күтіп тұр?" - Оқырмандар сауалдарына AzattyqLIVE студиясының қонағы, Республикалық спорт колледжінің директоры Амалбек Тшан жауап берді.

"Прагада клептократияның қазақстандық түрі туралы айтылды" - Прагада «Постсоветтік елдердегі клептократия және оларды қалай реформалауға болады» деген семинар өтіп жатыр. Коррупциямен күрестегі азаматтық қоғам мен БАҚ-тың рөлі жайлы айтқан қатысушылар ішінде Қазақстан өкілдері де бар.

ZHASALASH.KZ. "Мысықты бұқтырып пiсiретiн... аспаз iздейдi" - Ел аузындағы ескi әңгiмелерге жүгiнсек, сонау ашаршылық жылдарында Iленiң бойындағы ел өзеннiң балыққа толы екендiгiне қарамастан, жаппай аштан қырылған деседi. Яғни төрт түлiктiң етiн ғана талғап жеп, басқаны харамға санаған жұртымыз өзегi қанша талса да, өзiндiк ұстанымынан аттап кете алмаған. Одан берi, әрине, талай уақыт өттi, заман өз­гердi. Тайдай тулаған ақ балықтың өзiн аузына татып алмаған қазақ, балық түгiл, бақа-шаян, ит-мысық жейтiн жұрттардың бар екенiн де бiлдi, көрдi. Ол бүгiн тiптi таңсық болудан қалды.

"Қазақстанның бағы – Қашаған" - Қашаған мұнай кенiшi – соңғы қырық жылда табылған аса iрi кен орнының бiрi әрi бiрегейi. Оның қоры шамамен 9-13 миллиард баррель. Өндiрiс қауiпсiздiгi мен жобалаудың қиындығын, табиғаттың кәрiн және өңiрдiң экологиялық жағдайын ескерсек, Қашаған әлемдегi аса қиын жобалардың бiрi екенiне көзiмiз жете түседi.

365INFO.KZ. "ВКонтакте қауіпті! Украинадағы соғысқа шақыратын топтар жүр" - Мемлекет «сақалдыларды» жау деп тауып, хиджабпен күресіп жатқанда, тура мұрын астында өзге елдің сойылын соғып, жанын пида етуге дайын еріктілер тобы құрылып жатыр.

KORRESPONDENT.KZ. "Қоғамдық тыңдау қарапайым халықтың қытығына тию үшін керек пе?" - Бізде бір түсінбейтін жағдай бар. «Халықтың пікірі ескерусіз қалмасын, қандай жағдайда да мәселенің түйінін ел айтады» дейміз. Алайда айтқан сөзіміз бен іс-әрекетіміз бір-бірімен мүлдем қабыспайды. Елбасымыз да халықтың пікірі назардан тыс қалмауын үнемі айтып отырады. Елді алдағысы келе ме, әлде Елбасыға ерегісіп әдейі істей ме, кейбір атқамінерлер тапсырманы тап-тұйнақтай орындаған болады, бірақ оның ар жағында халықпен санасу керек екенін ұмытып кете береді.

ABAI.KZ. "Калетаев қайта оралды..." - Кезінде қызметтік өсу жолында біраз уақыт қоғам назарында болған кезеңнен кейін «Самұрық қазына» ҰӘҚ да басқарушы директор болып тағайындалып, жеті жылдай жұмыс істеген Дархан Калетаев Президент жарлығымен сенатор болып тағайындалды.

"Желтоқсан тарихы отаншылдық тәрбие бұлағына айналсын" - 1986 жылғы 16 желтоқсанда кеңестік биліктің ойына кіріп-шықпаған жаңа тарих бастау алды. Бұл күні Қазақстан Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Пленумы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты бірінші хатшы лауазымынан босатып, орнына Ресей Федерациясындағы Ульяновск облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Геннадий Васильевич Колбинді сайлады. Осы жәйт қазақ халқының ақырғы да аса маңызды ұлт-азаттық көтерілісінің тұтануына себеп болды. Орталықтың басқа республикада облыстық деңгейдегі басшы болып жүрген орыс қайраткерін Қазақ Республикасын басқаруға жіберуіне байланысты, жастар астананың басты алаңына шықты. Бірақ басшылықтың ауыстырылуы – өкімет көзіне оғаш көрінген демонстрацияға шығудың сылтауы ғана, іс жүзінде, лық толып тұрған шараны кемерінен асырған тамшы болған еді. Көтерілістің басты себебі «тәуелсіз республикалар одағы» деп аталып, «потемкиндік деревня» іспетті жасанды тәж киген «біртұтас және бөлінбейтін» советтік мемлекеттің отаршылдық және орыстандыру саясатында болатын.

TURKYSTAN.KZ. "Күңгірт тартқан кәрі құрлық" - Ұлыбританияның «Брексит премьер-министрі» атанған Тереза Мэйдің алғашқы жүз күндігі аяқталды. Бірақ оның күрмеуі қиын келіссөздер мен қауырт шаруаларға толы қиын күндері енді басталды. Жаңа премьер ретінде ол өткен аптада алғаш рет Еуропа одағының саммитіне қатысты. Мэй ханымның алғаш басқан қадамы құтты бола ма – бұған британдықтар ғана емес, тұтас Еуропаның өзі алаңдаулы.

"Үкіметтік емес ұйымдарға басымдық беріледі" - Еліміздегі үкіметтік емес ұйымдардың қаржылай тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында, биыл Алматыда ҮЕҰ көшбасшылары Әлеуметтік кәсіпкерлік мектебінің тренингтері ұйымдастырылған еді. Аталған жоба кәсіпкерлік дағдыларды дамыту мен ұйымдардың стратегиялық жоспарларын дайындауды көздейді. Атап айтқанда, шараға қатысушылар жобаны қаржыландыру үшін ресурстарды қайдан табу керектігін, мемлекеттік тапсырыстарға дұрыс қатысу жолдарын, стратегиялық жоспарлау үрдісін егжей-тегжейлі талқылап, маркетингтің қыр-сырын үйренді. Тренингті қорытындылау барысында қатысушылар бұрын коммерциялық емес іспен айналысып, кейін шаруасын дөңгелетіп әкеткен әлеуметтік кәсіпкермен кездесті.

BAQ.KZ. "Қаржаубай Сартқожа: Бізге қытайларды зерттейтін «мыстан» институттар құру керек" - Елордадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультеті Қытай филологиясы кафедрасы құрылғандығының бес жылдығына орай «Қазақстандағы қытайтану ғылымы: тарихы, бүгіні мен болашағы» атты дәстүрлі II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

QAMSHY.KZ. "Дін қызметкері: орамал тағуға тыйым салса, балиғат жасында қызымды мектептен шығарып алам" - Қазанның 19-ы күні Қазақстанның үш бірдей министрлігі: білім және ғылым, әділет, дін және азаматтық қоғам министрліктері Қазақстан заңнамасына сәйкес діни бағыттағы киімдерді мектепке киюге тыйым салынғанын мәлімдеген еді. «Қамшы» порталы өзінің еркін ой мінбері екенін ескерте отырып, «Тамшы» сайтында жарияланған Жасұлан Жүсіпбеков есімді діни қызметкердің орамалға тиым салуға қатысты пікірін ұсынады.




28 қазан 2016, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.