ZHASALASH.KZ. "Мұндай “бұзақылармен" мақтануымыз керек!" - Өткен аптаның соңында, 23 қазан күнi Алматыда 5 қоғам белсендiсiн полиция көшеден ұстап әкеттi. Сол күнi кешке Алматының ауданаралық әкiмшiлiк соты бес белсендiнiң iсiн қарап, үшеуiн он тәулiкке қамауға шешiм шығарды. Құрал Медеуов, Асхат Берсалимов және Сүйiндiк Алдабергенов есiмдi азаматтар “бейбiт жиын, митинг, шеру өткiзу тәртiбiн бұзғаны" үшiн 10 тәулiкке қамалды. Ал Әсел Мақсұт пен Ақерке Әбiшеваға ескерту жасалған.
"Бақытбек қазақтың көзiн бақырайтты" - Өткен нөмiрiмiздiң үш бетi бiрдей “Е.Сағадиевтiң сарсаңына" (Министр келмей қойған қоғамдық тыңдау – ред) арналып, дайын мақалалардың өзi түсiп қалып жатқан алашапқын мезетте Б.Смағұлға кейiн соғармыз деп ойлағанбыз. Бiрақ оған оқырман жан таптыратын емес. “Бақытбектiң қылығына қалай қарайсыңдар?", “Батыр жiгiттiң мұнысы несi?" дейдi бәрi. Онысы несi екенiн тап басып айтпағанмен, тездетiп өз топшылауымызды бiлдiрмесек, оқырманның көңiлi қоңылтақсып қалатындай көрiндi. Иә, сонымен Бақытбектiң бастамасы ненi бiлдiредi? Орашолақ ұсыныстың басқаның емес, Бақытбектiң аузымен айтылуында не сыр бар?
AZATTYQ.ORG. "«Шаңырақ ісі». Шартты жазамен ерте босауға қатысты қорқыныш пен үміт" - «Шаңырақ ісі» бойынша сотталғандардың бірі, түрмеде отырғанына 10 жыл болған Ерғанат Тараншиевтің шартты жазамен ерте босатуды сұрауға болатын мерзімі жетті. Тұтқынның туыстарының айтуынша, жуырда олар Тараншиев мемлекетке «қарыз» екенін естіген.
"АҚШ-тағы сайлау жүйесі қандай, нәтижені кім шығарады?" - АҚШ азаматтары президент сайлауына дауыс бергенде келесі президенттің кім болатынын тікелей анықтамайды. Бұл елдің президенті бүкілхалықтық дауыс беру нәтижесін ескере отырып шешім шығаратын бірнеше сатылы жүйе арқылы сайланады.
365INFO.KZ. "Бізді билік алдап жүр! Біз құлмыз ба, кімбіз?" - Бізді алдап жүр екен. Орыс академигі мемлекеттің халықтың қалтасын қалай қағатынын айтты.
"Қазақстанда жетімдердің несібесін де «жейтіндер» бар" - Бейнекамералар Шелектегі балалар үйінің емшектегі сәбилерді тамақтандырудан үнемдегенін көрсетті.
ABAI.KZ. "Біздің элита: тектіліктің бір қыры - кісілік
"Рәмізді қорлауды Ресейден үйрендік пе?" - Жақында әлеуметтік желіде Ресейдің Мемлекеттік туын қорлап, онымен қоқыс тасығандарды әшкерелеген бейне жазба пайда болды. Оқиға Ресейдің Волгоград қаласында болған.
KORRESPONDENT.KZ. "«Дольщик» атанбай тұрып, жақсылап ойлан" - «Бас прокурор ретінде үлескерлік құрылысқа ақша салмас бұрын екі құжатты талап етуге кеңес беремін. Ол – кепілдік қоры және жергілікті әкімдіктің келісімшарты», – деді Бас прокурор Жақып Асанов таяуда өткен алқа мәжілісінде.
QAMSHY.KZ. "Салафизмге заңмен тыйым салына ма?" - 24-25 қазанда, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Сауд Арабиясы Корольдігіне ресми сапары болып өтті. Сапары барысында Қазақстан Президенті Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз әл Саудпен келіссөз жүргізді. Осы жолғы сапарында Елбасы Қытайға немесе Еуропа елдеріне сапарындағыдай орасан келісімдер жасамады. Қомақты инвестициялар тартылмады. Миллиардтаған доллар инвестиция немесе ұзақ мерзіміді қарыз алып келетін Елбасы бұл жолы энергетика, тау-кен саласы, ауыл шаруашылығы, сауда-саттыққа қатысты жалпы құны 60 млрд теңгеден асатын бірқатар келісімге қол қойды. Шын мәнінде бұл үлкен қаржы емес, 200 миллионға да жетпейтін доллар. Мемлекет басшысының мұнайға ең бай елдердің біріне жасаған осы сапарының басқаша сыры бар ма? «Қамшы» тілшісі ізденіп көрді.
"Тобыр психологиясы. Ақпараттық қауіпсіздік тұрғысынан зерттеу" - «Тобыр» терминi әлеуметтiк психологияға XIX ғасырдың соңы — XX ғасырдың басында жұмысшылардың эксплуататорларға қарсылығы кезiнде енген едi. Ғылыми анықтамада «тобыр» — "өздерiнiң ортақ мүддесiн толығымен түсiне бiлмейтiн, тiптi арасында болатын қарама-қайшылықты эмоциялық жағдайымен және басқалардың көз тiгуiмен қанағаттандыратын адамдар жиынтығы" деп берiледi. Өз еңбегiнде Г. Лебон «Тобыр жел көтерiп, ұйытқытып, сосын жан-жаққа шашып тастаған жапырақтар сияқты» деп бейнелейдi.
TURKYSTAN.KZ. "Қоғамның сотқа сенімі бар ма?" - Еліміздегі құқық қорғау және сот орындау мекемелеріне халықтың сенімі қандай? Әділеттілікті ту етіп, қара қылды қақ жаруы тиіс сот басына іс түскен шарасыз жандардың көңіліне үміт отын жаға ала ма? Неге көп жұрт сот отырыстарының шешіміне разы емес?
"Клинтонша күрес, Трампша «төбелес»" - Биылғы АҚШ президентінің сайлауалды науқаны бұған дейінгі саяси науқандарға ұқсамайтын өзгешелігімен тарихта қалады. Науқанның көрігін қыздырған қос партияның үміткерлері – Хиллари Клинтон мен Дональд Трамптың «қолтаңбалары» осындай. 19 қазанда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында президенттікке үміткерлер арасында соңғы әрі шешуші теледебат болып өтті. Бұл дебатты британдықтар тікелей эфир арқылы түнгі сағат екіде тамашалады. Түн ұйқысын тек футбол чемпионаты үшін бөлетін ағылшындардың Трамп пен Клинтон «шайқасына» айрықша назар аударуының себебі бар.
В Атырау +4