AZATTYQ.ORG. "Орталық Азия елдерінде сенім еркіндігі тарылып барады" - Орталық Азия елдері үкіметтерінің қатты қорқатын дүниесі - дін. Бұл аймақта қазір зайырлы оппозиция жоқ, оның орнын діни оппозиция басқан.
"Сексуалдық бопсалаудың жауапкершілігі қандай?" - Мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын бірнеше әйел «жыныстық бопсалау жасады» деп айыптады. Мұнан соң «министрдің ар-намысын қорғау үшін сотқа жүгінетіні» хабарланды. AzattyqLIVE тақырыпты құқық қорғаушы Маржан Аспандияровамен талқылады.
ZHASALASH.KZ. "“Алтын алқа" иесi алақан жайып жүр. Бұл мемлекетке ұят емес пе?" - Қызылордалық Назерке Кадированың есiмi “Фейсбук" әлеуметтiк желiсiн пайдаланушыларға жақсы таныс. Осыдан 4 жыл бұрын, небәрi 34 жасында 7 баланың анасы атанып, “Алтын алқа" таққан ол, өмiрдiң қиындығын көрудей көрiп-ақ келедi. Жол апатына ұшыраған жұбайы жұмысқа жартылай жарамсыз. Екi перзентiнiң тумысынан мүмкiндiгi шектеулi. Олардан басқа тағы екi баласы түрлi сырқаттармен дәрiгерлiк арнайы есепте тұрады.
365INFO.KZ. "Жетімді жылатты. Балалар үйінің директоры қарауындағы бүлдіршіннің мүлігін сатып жіберді" - Балалар үйінің пысықай басшысы жетім қыздың мүлігіне салынған аресті алып тастап қана қоймай, оны сатып, түскен ақшаны қалтасына басқан.
TODAY.KZ. "Мұхамеджан Тазабеков: Қоғам діниленбеу керек" - Today.kz интернет-порталының тілшісінің сұрақтарына "Асыл арна" телеарнасының басшысы Мұхамеджан Тазабеков мырза жауап берді.
KORRESPONDENT.KZ. "Бизнестің тамырына балта шапқан – тендер" - Отандық бизнестің дамуына кедергі жасайтын факторлар жетіп артылады. Соның ішінде мына бір кедергі жайлы көп айтыла бермейді. Ол – тендер. Әрине, бизнесті дамыту үшін ойлап табылған мемлекеттік тапсырыс деген құрал қазір керісінше, оның тамырына балта шабуда. Қалай дейсіз бе? Жауап беріп көрейік.
"Әкім қандай болуы керек: «хозяйственник» әлде саясаткер?" - «Қазақстан билігіндегі кадрлық саясат ашық-жарқын жүргізіледі және ол елдің бәріне бірдей түсінікті сипатқа ие» десеңіз, қателесесіз. Мысалы, қалың бұқара облыс тұрмақ аудан әкімдерінің нендей критерийлер бойынша тағайындалатынынан бейхабар. Бір білетініміз, әйтеуір технарь мен экономист шенеуніктер тесік моншақтай қашанда жерде қалмайды. Сонда әкім дегеніңіз қандай лауазым? Ол шаруаның адамы ма, әлде саясаткер ме?
ABAI.KZ. "Ұрпағымыздың тағдырын ойыншық еткізе алмаймыз" - «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын талқылаған қоғамдық тыңдауға қатысушылар үндеу жариялады.
"Қазақ - «жақсы» ұлт па, «жаман» ұлт па?»" - Мансап, билік, лауазым, атақ, даңқ, қошемет пен құрмет – басқа ұлттарды қайдам, мына біздің Қазақтың танымал деген адамдарын, тұлғаларын кісі танымастай етіп, қатты өзгертіп жібереді екен. Мұндай осалдық біздің бәрімізге де тән қылық сияқты ма, қалай?..
QAMSHY.KZ. "Орал казактарының хаты Елбасына ұсыныс па, «Ескерту» ме?" - Үш күн бұрын Ресейлік бір сайтта «Екі ағайынды халық татулығына сызат түспекші» деген тақырыппен материал жарық көрді. Орал казактарының Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлына орыстың тарихи атауларының қазақшаға аударылуына жол бермеуге өтініш айтқан хатын қазақтың жоғын жоқтауды мақсат тұтқан qamshy.kz порталы ел назарына, ел талқысына ұсынады.
"Дос Көшім: Біз шыдамды халықпыз, бірақ «Алла, жуастың ашуынан сақта» деген..." - "Қамшы" порталы білікті саясаткер, ұлт жанашыры Дос Көшімді 61 жасқа толған мерейлі күнімен құттықтайды! Саясаткер Досмахамбет (Дос) Қалмаханұлы Көшім 1955 жылы 21 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келген. 1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақтың Мемлекеттік Университетін бітірген.Саясаттанушының саяси жолы Кеңес Одағында-ақ, Алматы қаласындағы жиындар мен шерулерді ұйымдастыруға араласумен басталған. Ол 1992 жылы Алматыдағы ашаршылықты еске түсіру жиынын, 1992 жылы «Азат» қозғалысы ұйымдастырған 6 күндік пикетті ұйымдастырушылардың бірі. 2002 жылы Өзбекстанға қазақ жерін бермеу үшін ұйымдастырылған «Бағыс» митингісіне қатысушы. «Шаңыраққа тірек» қоғамдық комитеттің төрағасы, Шаңырақ оқиғасына қатысушы 25 азаматты қорғаушылардың бірі, т.б. Демократиялық, ұлттық бағытта АҚШ, Германия, Түркия, Филиппин, Польша, Израиль, т.б. елдердегі жиындар мен конференцияларда Қазақ елінің саяси-қоғамдық жағдайы туралы баяндамалар жасады.
ULT.KZ. "Мұхан Исахан: теріс ағымға ерудің әлеуметтік-психологиялық себептері бар" - Бірнеше жылдан бері діни радикализмнің алдын алу мәселелері бойынша еліміздің бірқатар өңірлерінде жұмыс жасап келем. Өңірлердегі діни ахуалды зерделеу барысында аңғарғаным әрбір аймақтың тек өздеріне тән қуанышы мен қасіреті, жетістігі мен кемшілігі бар. Сондай-ақ, өңірлер баршамызға ортақ қазақстандық жетістіктердің шарапатын да көрмей отыр деп айта алмаймыз. Дегенмен, базбір өңірлердегі діни радикализмның өрістеуіне локальді ерекшеліктер ықпалын тигізіп отыр.
В Атырау +4