AZATTYQ.ORG. "Үлескерлер мәселесінің шешімі бар ма?" - Қазанның 10-ынан бастап «Тұрғын үй құрылысына үлеспен қатысу туралы» заң күшіне енді. Заң аясында «Бәйтерек» холдингі үлескерлерге тұрғын үй құрылысын аяқтау үшін кепілдік беру жүйесін іске қоспақ. Осы тақырыпты AzattyqLIVE заңгер Жандос Тұяқовпен талқылады.
"АҚШ-та кейбір мұсылмандар кімге дауыс берерін білмейді" - Абдидің отбасы АҚШ президенті сайлауына түсіп жатқан Хиллари Клинтон мен Дональд Трамптың дебатын достарымен бірге тамашалады. Бірақ олар кандидаттардың позициясына күйінумен болды.
ZHASALASH.KZ. "Танымал атаудан неге жерiдiк?" - Елiмiздегi қазақ-түрiк лицейлерiнiң атауы “Бiлiм" инновациялық лицейлерi болып өзгердi. КАТЕV қоры таратқан ақпаратқа жүгiнсек, бұл бастаманы шәкiрттер мен олардың ата-аналары және лицей директорлары да қолдаған. Аталған бiлiм ошақтарының өзiндiк брендке айналған КТЛ атауы ел Тәуелсiздiгiнiң 25 жылдығына орай өзгертiлген-мыс.
"Путиннiң ойыны Сирияны қанға бөктiруде" - Француздарға өкпелеп Парижге бармай қойған Ресей президентi В.Путин “сабасына түсiп", Берлинде басталған Украина бойынша кезектi келiссөзге барды.Франция мен Ресейдiң қарым-қатынасы Францияның БҰҰ-ның Қауiпсiздiк кеңесiндегi Сириядағы Ресейдiң әрекетiн „әскери қылмысқа„ теңеген қарарынан кейiн нашарлап кеттi. Бұл қарарды Ресей мен Қытай қабылдатпай тастады. Жауап ретiнде Ресейдiң әзiрлеген қарарын да Батыс елдерi БҰҰ-ның қауiпсiздiк кеңесiнде өткiзбедi.
365INFO.KZ. "Әй, Activ-ай! Олар орысша білмейтін қазақ келсе, қиналып қалады екен!" - Жазылған жайдың жаңғырығы біраз жерге жететіні бар. Өткенде еліміздегі техникалық тауар сататын сауда орындарының бірінің басы дауға қалды. Мемлекеттік тілде сөйлеуден бас тартқан сауда орнының қызметкеріне тұтас қазақтілді аудитория ашу-ызасын төкті. Тыңдадық. Ұқтық. Қуандық. Қазақтілді орта өсіп-жетіліп келеді екен. Бұл — жақсы құбылыс. Осы жайға байланысты редакциямызға хабарласқан танымал блогер, мұғалім Тұрдыбек Құрметхан өз ой-пікірін білдіріп, басынан өткен жағдайды баяндап беріпті. Бермеске болмай тұр. Өзекті, өйткені.
KORRESPONDENT.KZ. "Үміт немесе Сағынтаев синдромы" - Бақытжан Әбдірұлының Үкімет тізгінін қолына алғанына да айдан асты. Бағаны реттеу қолынан келмейтінін біле тұрып базар аралайтын басшылардың әрекетін популизмге теңеп, ұзақ баяндамадан бас тартқан ол өзіне дейінгі премьер-министрлердің жұмыс тәсілін қаншалықты өзгерте алады? Орындалмай, омақа асқан мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асырамын деп Сағынтаевтың сағы сынып қалмай ма? Өйткені бір кездері өзі бағынышты болған шенділер енді Бәкеңе бағына қоймауы ғажап емес.
"Қыр астында – қымбатшылық" - Жаңа жыл жақындағаннан нарық атты нарқасқа асаулық танытып, мойнына құрық салдырмай кететіні бар. Жылдағы дәстүрінен жаңылмай, биыл да желтоқсан айы тумай жатып қымбатшылық жетті. Алдымен жанар-жағармайдың бағасы өседі. Кейіннен тасымалдау қымбатқа түсіп жатыр деген желеумен барлық заттың бағасына үстеме қосылады. Бұған қараша халық үйреніп те қалды.
ABAI.KZ. "Бақытбек нені былықтырып жүр?" - Күні кеше ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл «Еуразиялық ықпалдастық күні» деген жаңа мейрамды ҚР Мерекелер тізіміне енгізуді ұсынды.
"«Алаштан қорқады... Алаш десе, ұлтшыл деп түсінеді»" - Қыркүйек айының соңы мен қазан айының басында Астанадағы Ұлттық музейде М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры музейінің «Тарих толқынындағы театр шежіресі» атты көрмесі болып, көрме аясында Алаш қайраткері Қошке Кемеңгерұлының 120 жылдығы аталып өткен еді. Осыған орай Қошке Кемеңгерұлының шөбересі, филология ғылымдарының кандидаты, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті Қайырбек Кемеңгермен (суретте) әңгімелескен едік.
QAMSHY.KZ. "ЕАЭО мен Ұлттық көші-қон күні. Қайсысы маңызды?" - Бақытбек Смағұл мырза жерден жеті қоян тапқандай жаңалық ашты. Депутаттың айтуынша, 29 мамырды «Еуразиялық ықпалдастық күні» деп мерекелеуіміз қажет екен. Бір қызығы, осы депутат 1991 жылығы 18 қараша, «Басқа республикалардан және шетелдерден ауылды жерлерде жұмыс істеуге тілек білдіруші БАЙЫРҒЫ ҰЛТ адамдарын Қазақ КСР-іне қоныстандыру тәртібі мен шарттары» туралы Қаулыға Елбасы қол қойған күнді «Ұлттық көші-қон күні» ету туралы да Премьер атына хат жолдаған екен. Бұл мәселені ақын Ауыт Мұқибек те жазған болатын.
"1991 жылғы Орал оқиғасының тарихи бастаулары
ULT.KZ. "Сағадиев қоғам белсенділерімен ашық пікірталасқа түсуге дайын" - ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев «Жас Алаш» пен «Трибуна» басылымдары бас редакторларының Алматыда өтетін басқосуға шақырған хаттарына әлеуметтік желі арқылы жауап берді.
"Антиқазақ пиғылдан қашан арылар екенбiз?" - Қазақ тiлiндегi газет-журналдарды оқып отырамын ғой. Сондағы бiр байқағаным, мемлекеттiк газеттер соңғы кездерiс үштiлдiлiктi насихаттай бастады. Насихаттағанда да, кәдiмгiдей насихаттай бастады.
В Атырау +4