Атырау, 5 желтоқсан 10:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Кулагиннің «қайығы» неге шайқалмайды?", "Шығыстан жер алған компания «Сапарбаевты білмейтінін» айтты", "Қазақ болып тудық, қайтеміз енді? Сол үшін кінәліміз бе?!", "Діни сеніміне бола үш қайтара жерленген әйел"

2 248 рет қаралды

ZHASALASH.KZ. "Төрт түрлi жарнама" - Әлеуметтi әртүрлi ойға жетелеген бiр мәселеге Дариға Назарбаева нүкте қойғандай болды. Дәлiрек айтсақ, ол өзiнiң электр энер­гиясын үнемдейтiн құрылғыға қатысты жарнамаға еш қатысы жоқ екенiн мәлiмдедi. Алайда сенат депутатының бұл пiкiрiн “нүк­те" емес, “үтiр" деп қабылдайтындар көп. Себебi президенттiң қызы “бұл мәселе­нiң мән-жайын тексеру керек" дейдi. Ал нүкте­нiң әманда қорытынды шыққаннан кейiн қойылатыны белгiлi.

"Ауыз майлайтын бағдарлама" - Су – тiршiлiктiң көзi. Сусыз ешкiм өмiр сүре алмайды. Сондықтан халық ауыз сумен 100 пайыз қамтылуы тиiс. Бiздiң елде осы мүдденi көздейтiн тәп-тәуiр, аты жақсы “Ақ бұ­лақ" бағдарламасы бар. Бiрақ баяғы серiлер заманындағыдай “Айналайын Ақ бұлақ, асып-тасып жатасың" (Сегiз серi) дей­тiндей деңгейде емес. Өйткенi бiздiң елде асып-тасып жатқан ауыз су жоқ. Қазақстанның қай қиырына барсаң да су тапшы. Соңғы кездерi суы жоқ ауылдардан халық үдере көшiп жат­қаны да жасырын емес. Сапасыз, борсыған су­ды мiсе тұтып отырған елдiме­кен­дер қаншама. Күнi кеше Б.Сағынтаев үкi­метi осы “Ақ бұлақ" бағдарламасының жай-күйiне тағы бiр жиын арнады. Қателеспесек, жылына екi-үш басқосуда осы “Ақ бұлақ" туралы айтылып, мәселе қозғалып жатады. Бiрақ одан шығып жатқан қорытынды аздау. Себебi әлеуметтiң әле­уе­тiн арттыратын бағдарламаның орындалу барысында бы­лық-шылық өте көп. Өйткенi оған бюджеттен миллиардтаған қаржы бөлiнедi. Ал ақша жүрген жерде... аузын майлағысы келетiндер аз болмайтыны айдай анық.

"Бәрiн сапырылыстырды" - Айталық, Атырауда қазақ жерiнiң тұтастығы үшiн азаматтық ұстанымдарын бiлдiрiп, алаңға шыққан Макс Боқаев пен Талғат Аянның соты өтiп жатыр. Маусым айындағы Ақ­төбеде болған лаңкестiкке байланысты сот 18 қазанда басталды. Айыпталушылар – 29 адам. “Алматы атқышы" атанған Руслан Күлiкбаевтың соты бұдан бiр күн бұрын бас­талған едi. Басында 14 қыркүйекке белгi­ленiп, кейiн әртүрлi себептермен кейiн шегерiлген “әйел сабағыш" Бақыт Есентаевтың да соты 18 қазанмен тұс­па-тұс келдi. Отбасылық кикiл­жiң есе­бiнде аталғанымен, бұл сот­қа да ел ерекше құлақ түрiп отыр. Себебi Баян Есен­таева (қазiргi Мақсатқызы) елге танымал продюсер, телевидение, кино саласында аты мәлiм адам. Әрi күйе­уiнiң асқан қаты­гез­дiгi жұрт­тың жағасын ұстатты.

AZATTYQ.ORG. "Шығыстан жер алған компания «Сапарбаевты білмейтінін» айтты" - Астана соты әкім Сапарбаевтың белсенді Егеубаевқа қарсы шағымын қарап жатыр. Бүгінгі сотта ондаған мың гектар жерді жалға алған компанияның құрылтайшысы да сөйледі.

"Діни сеніміне бола үш қайтара жерленген әйел" - Қырғызстанда қайтыс болған әйел діни сеніміне бола үш мәрте жерленді. Оның себебін жергілікті билік «тұрғындар арасындағы келісімді сақтау үшін қажет болды» деп түсіндіреді.

365INFO.KZ. "Қазақ болып тудық, қайтеміз енді? Сол үшін кінәліміз бе?!" - Кінәлі болмауымыз керек еді. Кінәміз жоқ, себебі. Белгілі бір орынға барып, белгілі бір жерден өзіне қазақша қызмет көрсетуді сұраған (талап еткен демейміз) адам неге айыпты болуы керек? Ол не жазды?

ABAI.KZ. "Салқын тиіп қалған жоқ. Салқындап барады" - Қазақ әдетте жел-құз жабысып, тұмау қармаса, «суық тиіп қалыпты» деп жатады. «Салқын тиіпті», «салқын тиді» дейтін де ағайын бар. Жә, қайсысы болса да, қазақтың сөзі, біз сол «салқын тиіптімен» тарта берейік.

"Діни министрліктің құрылуы - жақсылықтың нышаны" - Санаулы күн бұрын Елбасы тапсырмасымен құрылған Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған құзіретті органның негізгі ұстанымдары мен мемлекеттің дін саласындағы саясатының басым бағыттары туралы айтқан болатын. Министрдің брифингте айтқан баяндамасындағы мәселелерге қатысты «Асыл сөз» шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, филология ғылымдарының кандидаты, дінтанушы Асылбек ӘУЕЗХАНҰЛЫ пікірін білдірген еді.

KORRESPONDENT.KZ. "Кулагиннің «қайығы» неге шайқалмайды?" - Классикалық кеңестік номенклатураның өкілі саналатын Сергей Кулагин еліміздің солтүстік өңірі үшін «незаменимый» кадрлардың бірегейі болып табылады. «Незаменимый» болмаса, Ақмола облысын екі мәрте басқару бақыты бұйырмас еді. Бәлкім, мұның сыры оның «местный» екендігіне де байланысты шығар (Атбасар қаласында туылған). Қостанай облысын да аз басқарған жоқ, табаны күректей 8 жыл отырды (2004-2012 жылдар). 60 жасқа қадам басқан шағында Мемлекет басшысының жарлығымен Сенат депутаты болып тағайындалуын «зейнеткерлікке қамданып жатыр екен ғой» деп топшылай бастап едік, 2014 жылдың мамырында өзі туып-өскен аймақтың «қожайыны» болып қайта оралды.

"Әр аурудың емі бар, бірақ..." - Әбу Хурайра жеткізген хадисте Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) «Алла өзі жіберген кез келген аурудың шипасын да жібереді» дегені жайлы айтылады. Яғни, кез келген дерттің дауасы бар деген сөз. Десе де, кей сырқаттардың емі табылса да, ол жайлы ақпарат жеткілікті деңгейде таралмай, құзырлы ұйымдар көбінде ол жайлы үнсіз қалатыны туралы әңгімелер ел арасында көп айтылады. Кейде осы айтылған әңгімелер рас-ау деп қаласың.

TURKYSTAN.KZ. "Немереге ертегі айтатын әжелер неге азайды?" - Көрші пәтерде тұратын әжені таңертеңгісін есіктің алдынан күнде көремін. Ертемен жұмысқа шыққанда, ол немересінің бірін мектепке шығарып салады да, екіншісін жетектеп үйге қарай беттейді. Әжесімен амандасқанымда, тілі былдырлаған бүлдіршін сөзімді қайталап: «сәлеметсіз бе?» деп сықылықтап күледі. Тұлымы желбіреген қыз қайда барса да көлемі өзімен бірдей ертегі кітабын қолынан тастамайды. Әжесі екеуінің ермегі – сол.



20 қазан 2016, 15:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.