ZHASALASH.KZ. "«...Досаев пен Мәсiмов те жауап беруi керек»" - Атырауда қазанның 12-ciнде басталған азаматтық белсендiлер Макс Боқаев пен Талғат Аянның iсiн қарап жатқан процесте адвокат Төлепқали Аянов осындай талап қойды. Судьяның “прокурорлармен процессуалдық келiсiмге келесiңдер ме, айыбын мойындағандарға қолданар жаза жеңiл" деген ұсынысын қос батыр қабылдамады.
"Жемқорлықты жеңудiң жолы: Құлқынға қарай – марапат" - Бiз жемқорлықты жеңе алмадық. Керiсiнше, жемқорлық бiздi жеңдi. Жеңгенi сол – 2015-2016 жылдар аралығында жеңнен жеңге өткен қаржының жалпы сомасы миллиард теңгеден асып кеткен. Бұл – ел аузындағы жел сөз емес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл ұлттық бюросы таратқан мәлiмет. Және мұндағы миллиард – тек қолға түскендердiң уысындағы ақша ғана. Ешқашан ұсталмайтын, қайта оларға қарсылық бiлдiргендердiң өздерi ұсталып кететiн дөкейлердiң алған-бергенi мен жеген-жұтқаны бұл дерекке кiрмеген. Ал оның мөлшерiн қалай бiлуге болады? Жалпы, жемқорлықты жеңудiң қандай тәсiлi бар? Қосылу-қосылмау еркiңiзде әрине, бiзге бiр ой келiп отыр: ең дұрыс жол – жемқорлықты ынталандыру.
"Ең төменгi күнкөрiс қоржыны: Итшiлеп өмiр сүресiз" - Статистикалық мәлiметтерге жүгiнсек, республика бойынша ең төменгi жалақы Солтүстiк Қазақстан және Жамбыл облыстарында екенiн көремiз. Терiскейдiң төрiндегi аймақ – астықты өңiр. “Ас атасы – нан" қымбат болса да, аймақ тұрғындарының еңбекақысы өте төмен. Ауылдағы ағайын мал ұстап, құс өсiрiп, бау-бақша салып күн көредi, ал қала халқы негiзiнен жалақыға жан сақтап, күнелтедi.
AZATTYQ.ORG. "Ақтөбедегі шабуылға күдіктілердің соты басталды" - Бүгін Ақтөбеде маусым айындағы қарулы шабуылдарға қатысты күдікке ілінген 29 адамның үстінен соттың алдын ала тыңдауы болды. Тыңдау Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық жағдайда өтті.
"Қырғыз-өзбек шекарасы жөнінде келіссөздер қайта жалғасты" - Қырғызстан мен Өзбекстан шекарадағы даулы аймақ туралы келіссөздерін қайта жалғастырды. Екі елдің ресми өкілдері даулы деген 55 аймақты зерттеді. Келіссөздер аяқталған соң хаттамаға қол қойылады деп жоспарланған, ол хаттаманың мазмұны әзірге белгісіз.
"Сыншы" - ... "Сенесіз бе, сенбейсіз бе, мен - осы елдегі жалғыз әдебиет сыншысымын... Жалғыз болғандықтан, аса көрнекті сыншы болып есептелем. Жалғыз болғандықтан, әдеби қауым мені сирек құбылыс, ұлттық құндылық ретінде алақандарына салып, аялап отыр десем болады.
365INFO.KZ. "Сарапшылар: Қазақстанды құтқаруға Қашағанның қауқары жете қоймас" - 16 жыл бойы өңделген және 50 млрд доллар көлемінде инвестиция құйылған Қашаған кеніші алғашқы мұнай партиясын экспортқа шығарды.
"ҰҚШҰ-ның әскері Сирияға орналастырылуы мүмкін. Бұл ұйымға мүше Қазақстан енді қайтеді?" - Ереванда жабық есік жағдайында өткен Ұлттық қауіпсіздік шарты ұйымында 20-дан аса құжатқа қол қойылды, бірақ оның біреуі де құпиялылығына байланысты ашып айтылмады. Алайда саммит Ереван үшін әбүйір әпермегендіктен, Арменияның кейбір ашуланған басылымдары ондағы бірқатар деректерді бергі жаққа алып шықты.
ABAI.KZ. "Лукашенко: ҰҚШҰ-ны ешкім мойындамайды" - Өткен аптада Армения Астанасында өткен Ұжымдық қауіпсіздік шартты ұйымының кезекті жиынында ұзын-ырғасы жиырмаға жуық құжат қабылданған. Жабық есік жағдайында өткен Ереван саммитінде көтерілген негізгі мәселе – Сириядағы соғыс пен Қарабах жанжалы болды.
"Амангелді – Кенесарының сарбазы болған Иман батырдың немересі" - Қызыл империя кезінде ең болмағанда жылына бір дабыралатып қоятын тарихи оқиғалардың бірі 1916 жылғы Орталық Азия халықтарының ұлт-азаттық көтерілісі болатын. Коммунистік идеяның оң жамбасына келгендіктен ол оқиғалар жалаң ұранмен болса да жарнамаланды. Иә, насихаты мен деректерінің мазмұны тек жарнаманың деңгейінде болды. Терең зерттеліп, түпкі мәні халыққа мәлім етілмеді және билік оған мүдделі де емес еді. Халық санасы мен ұлттық рухтың оянуы ол кезде ешкімге керек болған жоқ.
KORRESPONDENT.KZ. "Ұялы байланыс операторларының табысы азайып барады" - Жыл өткен сайын ұялы байланыс операторларының табысы барынша азайып келеді. Былтыр олардың қоржынына келіп түскен таза кіріс 657,1 млрд. теңге болды. Бір жылда байланыс қызметінің кірісі 13%-ға төмендеп, ғаламтордан түсіп отырған пайда 15%-ға артқан. Қайта IP-телефония, байланыс операторларының трафигі, техникалық қызмет, желінің жұмысын қамтамасыз ету сияқты салалардың табысы көбейіп жатыр. Бұл салалардағы өсім 34%-ды құрады.
QAMSHY.KZ. "Назарбаевтың тұмауы және Ресей ықпалындағы әскери одақтың болашағы" - 1992 жылы құрылған, құрамыне Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Армения кіретін Ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарты ұйымына сарапшылар сан түрлі баға береді. Біреулер бұл құрылымның әскери-саяси мүмкіндіктерін жоғары бағалап, аймақтық дауларды шешудегі, өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әлеуетті күш санаса, енді бірі ұйымды халықаралық қауымдастықта мойындалмаған, жұмыс тетіктері жетілдірілмеген һәм өзі ішінде кейбір мәселелер бойынша келіспеушіліктері жоқ емес одақ деп санайды.
TURKYSTAN.KZ. "Жұмыссыздық жан күйзелтер" - Жұмыс таппай жүргендерді статистикадан іздеудің қажеті жоқ. Өз маңайымызда да дипломы бар жұмысы жоқ, іні-қарындас, әпке-бауырлардың бары жасырын емес. Кейбірі өз мамандығы бойынша жұмыс іздеп жүр, тағы бірі екі қолға бір кәсіп іздеумен әлек. Жуырда кәсіпкерлерге бос жұмыс орны туралы жергілікті жұмыспен қамту орындарына жылына екі рет мәлімет беріп отыру міндеттелді. Олай болса, алдағы уақытта жұмыс іздеушілердің айы оңынан туып, жұмыссыздық дертін азайтуға септігін тигізетіні анық.
"Дамир Дәулетбаев; Қатерлі ісік кішкентай сәбилерде де кездесуде" - Онкологиялық сырқатпен күрес күшейген сайын, қатерлі ісікке шалдыққандардың қатары жасарып келеді. Бұған басты себептің бірі – қоғамдағы қатерлі ісікке деген қате көзқарастың қалыптасып қалғандығынан. Яғни, жаман аурудың атын естігенде жаны түршігетін азаматтар тегін тексерулерден өтуге қашқалақтап, тіптен бармайтын да көрінеді. Алматыдағы 65 жылдық тарихы бар онкологиялық орталықтың бас дәрігері Дамир Дәулетбаевпен өткізген сұхбатымыз көпшілікке ой салар деген үмітіміз жоқ емес.
В Атырау +4