AZATTYQ.ORG. "Қазақстан Түркиямен бірлескен оқу орнын «құтқаруға» кірісті" - Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлері енді «Білім-инновация лицейі» деп аталады. Демеушілер атау өзгергенмен, оқу жүйесі бұрынғыша қалатынын мәлімдеді. Сарапшылар лицей идеологиясын сынап, атауын өзгертудің астары бар екенін айтады.
"Сеніміне бола қайта жерленген әйел" - Қырғызстанның Жалалабад облысы Сары Тал ауылы тұрғындары мен имам ауылдастары Қаныгүл Сатыбалдиеваның мәйітін жергілікті зиратқа жерлеуге рұқсат бермей қойған. Бұған марқұмның христиан дінін ұстануы түрткі болған.
ABAI.KZ. "Салауат Ізмұхамбетов: әкемді мазалай бермеңіздер" - Бұрынғы әкім, бұрынғы депутат, Мәжілістің бұрынғы төрағасы, ал, бұл күндері республикалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақытқожа Ізмұхамбетовтың ұлы Салуат БАҚ арқылы көпшілікке «Әкемді мазалай бермеңіздер», - деген өтініш айтып отыр. «Әкемді мазалай бермеңіздер, бәріне мен өзім жауап беремін», - дейді ол. Салауатпен nur.kz сайтының тілшісі жолығып, сұхбат жасады.
"ЖОО басшылығын жемқорлар жайлап жатыр ма?" - БҒМ саласында Ерлан Сағадиевтің реформалары жалғасын тауып жатыр. Біз оның әлі сөйлеу және ойлау қабылеті қалыптаспаған 6 жасар бүлдіршіндерге «Үштілдікті» биылдан бастап тыпқылағанын көріп отырмыз. Тарихты «пұшық» қылып, біздің мемлекеттігіміз тек қана 1991 жылдан «басталатынын» дәлелдеу үшін «Қазіргі заман Қазақстан тарихы» пәнін биылдан бастап ЖОО-ға еңгізгеніне де куә болдық. Ал енді не істер екен деп жүргенімізде, ол кезінде пара алып, жемқорлықпен аты шыққан адамдарды жетелеп апарып ЖОО ректорлығына тағайындауға кірісті.
KORRESPONDENT.KZ. "Нұркентті не үшін салып жатыр?" - Қазақстанда жаңа шаһар бой көтеріп жатыр. Алматы облысындағы Панфилов ауданының Қытаймен шекаралас аумағында орналасқан қала, жоспар бойынша, келешекте ірі сауда-экономикалық орталық қана емес, жаңа Жібек жолының ошағына айналуы тиіс. Әрине, бүгін немесе ертең емес. 20 жылдан кейін. Елдімекеннің халқы сол кезде 100 мыңға жетеді деп күтілуде. Өз кезегінде үлкен сауда орталықтары, қонақүйлер, тұрғын үй кешендері, офистер, тіпті зауыттар салынбақшы. Және бәрі бірыңғай стильде һәм жаңа технологиямен жүзеге аспақ.
QAMSHY.KZ. "Қос қалада соты болып жатқан радикалдардың бостандықта жүрген жақтастары кімдер?" - Ақтөбе мен Алматыдағы лаңкестік оқиғаларға қатысты тергеу аяқталып, іс сотқа жетті. Кешелі бері қанды қылмысқа қатысты сот отырыстары өтуде.
AIKYN.KZ. "Баланыңыз не істеп жүр?" - Сол құндылықпен қарадомалақтарды ғасырлар бойы жақсылыққа тәрбиелеп, олардың үлкен азамат болуына септігімізді тигізіп келеміз. Алайда соңғы жылдары рухани байлықты балаларға ұғындыра алмайтындай жағдай қалыптаса бастады. Өмірге ентелей енген интернет, басқа да құбылыстар қазақ баласын салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптан алыстатып барады.
"Ауылыңызға «Ақбұлақтың» суы барды ма?!" - Ауылды қысқа мерзімде ауыз сумен қамтамасыз етуге бола ма? Ол үшін не істеу қажет? Бұл салада қордаланған қандай мәселелер бар?
ҚАЗТАГ. "Ержан Қоңырбаев: Мемлекет өзінен туристерге қатысты жауапкершілікті алып тастап жатыр" - Туристер құқығын қорғау бойынша «Туристік Қамқор» корпоративтік қорын құру нарықты туркомпаниялар тарапынан болуы мүмкін алаяқтықтан жеткіліксіз қорғайды. Отандық туристерді бұл әркелкі жағдайға қалдырып отыр, ал бұл ҚР инвестиция және даму министрлігінің жағдайын жеңілдетіп отыр, деді ҚазТАГ-қа берген сұхбатында «Сақтандыру төлемдеріне кепіл беру қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Ержан Қоңырбаев.
"ЕДБ проблемаларының күшеюі фонындағы Ұлттық банктің антинесиелік саясаты" - Ұлттық банктің «қаржылық пирамидасымен» банк секторынан алынып отырған өтімділік көлемі артуын жалғастыруда. Назар аударарлығы бұл реттеушінің үнемі базалық мөлшерлемені төмендеткеніне қарамай орын алып отырғанында. Нәтижесінде Ұлттық банктің монетарлық саясаты банк жүйесіндегі стагнацияның ең басты себептерінің бірі болып қалып отыр және елдегі экономикалық өсімнің тежеуіш болуда.
SN.KZ. "Мұрат ӘБЕНОВ: «Жемқор шенеуніктер енді Бас прокурорға ашық қарсылық көрсетеді»" - Жақында ғана тағайындалған Қазақстанның Бас прокуроры Жақып Асанов билікті жайлаған сыбайлас жемқорлықпен күресуге білек сыбана кіріскен секілді. Бас прокурор кәсіпкерлердің ісіне түрлі кедергі келтіріп, себепсіз тексеретін шенеуніктердің соңына шам алып түспекші. Бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті қызметкерлерінің былығын ашқан Асанов оларды Мемлекеттің саясатына қарсы шығып отыр деп айыптады. Жай айыптап қойған жоқ, міндетті түрде қатаң шара көрілетінін де ескертті.
QAZAQUNI.KZ. "Әзімбай Ғали: Қазақша сұрақ қою – соғыс ашумен тең болған заман-ай" - Автобуста планшетімді жоғалтып келесі планшетті сатып алуға Сулпакқа келгем. Планшет бағасы 75 мыңнан 160 мыңға дейін екен. Менеджер сатушыдан планшеттердің сипаттамасы туралы сұрадым, қазақша әрине. Әлгі менеджердің қазақша сауалым үшін “скандал" жасағаны.
В Атырау +4