Атырау, 5 желтоқсан 10:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"ValueWalk: Кремль Қазақстанға «интервенция» жасауы мүмкін", "Қашағанда мұнай өндіру баға құлдырағанда басталды", "Өзбекстан мәжбүрлеп мақта тергізуді қашан тоқтатады?", "«51 кәсіпорын 51 «Чайна-таунға» айналып кетпесін»"

2 400 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. "Өзбекстан мәжбүрлеп мақта тергізуді қашан тоқтатады?" - Өзбекстанда жыл сайынғы мақта жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеде 550 мың тонна мақта мен дайын мата сатуға шарттар жасалып, келісімдердің құны 1 миллиард доллардан асқан. Алайда Өзбекстан халықты мәжбүрлеп мақта тергізуін тоқтатпай келеді.

"Қашағанда мұнай өндіру баға құлдырағанда басталды" - Батыс баспасөзі Save the Children халықаралық үкіметтік емес ұйымы зерттеуіндегі «АҚШ-қа қарағанда, Қазақстан мен Алжирде «қыз балаларға көбірек мүмкіндік жасалған» деген жайтқа назар аударған. Қашаған кеніші мұнай бағасы құлдыраған тұста іске қосылды.

ZHASALASH.KZ. "Астықтың бағасы белгiлендi одан арғысы не болмақ?" - Биылғы ерекше жаңбырлы жаз Арқа өңiрiндегi ағайынды бiраз әуре-сарсаңға салды. Күндiз-түнi толассыз жауған жауынның әсерiнен талай жылдар арнасы қаң­сып қалған өзендер мен өзекшелер алай-дүлей тасып, өткел бермей қойды. Қырдағы ауылдардың өзiн су алып кетiп жатты. Бұл шын мәнiндегi табиғи апат едi.

365INFO.KZ. "Халел Досмұхамедов: Қазақ тілін бұрау жұқпалы ауруды таратқанмен тең күнә" - Қазіргі кез келген проблеманы алсаңыз, қазақтың даналары мен зиялылары оны өткен заманда жілік-жілігіне шағып, талдап кеткен. Мысалы, кеше ғана жаңадан құрылған Дін істері министрі ортаға тастаған бір ұсынысы қазақты қырықпышақ қылды.

ABAI.KZ. "ValueWalk: Кремль Қазақстанға «интервенция» жасауы мүмкін" - Жақында «ValueWalk» журналы «Ресейдің Қазақстан мен Белоруссияға жасайтын жаңа шабуылы» (Russia's New Threat to Belarus and Kazakhstan) атты мақала жариялады. Онда АҚШ-тағы Президент сайлауынан кейін Ресейдің Қазақстан мен Белоруссияға саяси қысым жасайтыны туралы баяндалған. Батыс сатарпышалырың бажайларын "Abai.kz" порталы назарларыңызға ұсынады.

"Алжирдегі араптандыру саясатының ақыры немен тынды?" - Алжирде шамасы 40 миллион жан саны бар. Арабтар бірнеше этникалық топпен аралас тұрады: араб тілділер, берберлер мен күрділер, тағы басқалар. Африкалық араб мемлекеттері 130 жылдай Францияның отары болды. 130 жыл отаршылдықта болған халық сан рет көтерілістерге шықты. Соңғы кезеңдегі 12 жылдық революция 1962 жылы егемендіктің орнауымен аяқталды.

KORRESPONDENT.KZ. "«51 кәсіпорын 51 «Чайна-таунға» айналып кетпесін»" - Қыркүйектің басында Қытайда өткен G20 саммиті кезінде «Синьхуа» агенттігі мен басқа да ақпарат құралдарына сұхбат берген Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытайдан Қазақстанға 51 кәсіпорын көшірілетіндігін хабарлаған болатын. Жобалардың жалпы құны – 26 миллиард АҚШ долларына тең. Бұл қандай кәсіпорындар және олардан Қазақстанға төнген қауіп бар ма?

"Мектептер мұғалімсіз қалуы мүмкін" - Қазақстанда дүниеге келген балалардың әрбір бесіншісі – Оңтүстіктің тумасы. Бүгінгі таңда аталмыш облыста 585 мыңнан астам оқушы бар болса, оларға 63 мыңнан астам педагог сабақ береді. Бірақ жыл сайын жүйкесі тозып, баланы ұратын, айлығын азсынып өзге салаға бет бұратын ұстаздардың қатары ұлғаймаса, кемімей тұр.

QAMSHY.KZ. "Дін киім үлгісіне емес, амал мен мазмұнға сүйенеді" - Қазақтың қас батыры Бауыржан Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген аталы сөзі бар. Яғни, заңын, ереже-тәртібін сыйламаған елдің болашағы бұлыңғыр деген сөз. Қазақстан өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет екенін Конституция арқылы бекітіп, мемлекет пен діннің арақатынасын реттейтін зайырлылық қағидаттарына сүйенеді. Конституция мен ұлттық заңнамалар республика азаматтарына барынша кең құқықтар берумен қатар, бір мезгілде олардың мемлекет пен қоғам алдындағы міндеттерін де айқындап беретіні анық. Осы тұрғыдан алғанда, соңғы жылдары қоғамда зайырлылық пен жалпыға ортақ тәртіпке, заңға қатысты біршама түсініспеушіліктер де орын алып отырғаны жасырын емес. Соның бірі – мектептегі, яғни оқушылар арасындағы хиджаб мәселесі.

TURKYSTAN.KZ. "Алимент төлемейтіндердің 97 пайызы – ер адамдар" - Әке көрмеген бала, алимент төлемеген әке бүгінгі қоғамның ауыр шындығына айналды. Алимент әке болмайды, әрине. Бірақ бауыр еті баласын жоқшылық пен таршылық көруге мәжбүрлеуге барған безбүйректер тайраңдай бере ме? Әкеден айрылған бала, сүйеуінен қоса айрылады. Халқымыз әке – асқар тау, ана – беткейдегі бұлақ деп әкенің қадір-қасиетін асқақтатпаушы ма еді?! Бүгінгінің әкесі асқар тау болып жүр ме? Кейбір көкек әкелер мен көкек аналардың бала-шағасына берешегі 2 миллиард теңгеден асыпты. Бұл қарыз бөтен біреуге емес, өз баласына беретін ақша екенін айтқымыз келеді.

QAZAQUNI.KZ. "Салафизмге заңмен тыйым салынбайтын болды ма?!" - «Cалафизм ұйым емес. Ол – діни ағым, көзқарастар жүйесі», – деді Нұрлан Ермекбаев.


17 қазан 2016, 14:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.