ZHASALASH.KZ. "Қарызға батырған “сақалды" жоба" - Жуырда ғана Қазақстан билiгi қазан айының аяғында әлемдегi ең қымбат мұнай жобасына айналып үлгерген “Қашаған" кен орнында мұнай өндiру басталатынын жариялаған. Бұл жаңалық жылына 10 млн тоннаға дейiн қазақстандық мұнайды өз аумағы арқылы әлем нарығына жеткiзуге дайын отырған Әзiрбайжан үшiн де маңызды. Осындай мәнi ерекше оқиғаның алдында әзiрбайжандық “haqqin.az" басылымының журналистерi Қазақстаннан келетiн мұнай көлемi қанша және бiздiң көлiк әлеуетiмiз қанша көлемде мұнай тасымалдай алады деген сұрақтарға жауап iздеген. Алдымен “Қашаған" туралы ресми дерек жинаудан бастаған әзiрбайжан журналистерi не министрлiктен, не “Қазақ мұнай және газ институтынан" тұшымды жауап ала алмапты.
"Инфляцияның көкесiн келер жылы көремiз" - Апта басында қор биржасындағы сауда-саттықта бiр доллардың құны 331 теңге төңiрегiнде тұрақтады. Кешелi-бүгiнгi баға – 330 теңге. Бұған дейiн теңге-доллар бағамы 336-ға дейiн көтерiлгенiн көз көрiп жүрдi. Айдарынан жел есiп тұрған доллар сәл-пәл арзандап едi, отандық БАҚ-та “теңге тұрақтала бастады" деген хабар-ошар көбейiп кеттi. Сонда теңге шынымен де тұрақталып жатыр ма, жоқ әлде бұл Ұлттық банктiң қолдан жасап отырған әрекетi ме?
AZATTYQ.ORG. "Ақтау мен қаралау құралы кімнің қолында?" - Қандай да бір тұлғаға қарсы немесе жақтау тұрғысындағы ақпараттық кампаниялар қалай жасалады? Олардан қорғанудың жолы қандай? AzattyqLIVE сарапшысы - PR маманы Нұркен Халықберген.
"Музыканттың «Нобель» алуына жұрттың шаттануы мен таңдануы" - 2016 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы АҚШ музыканты Боб Диланға берілді. Диланға бұл сыйлық «АҚШ-тың әншілік дәстүріне жаңа поэтикалық мазмұн» әкелгені үшін берілді.
"Ата-аналар балаларының өлімі себептерін өздері тексеруге кіріскен" - Маңғыстау облысында қаза тапқан полицей келіншектің және кәмелетке толмаған баланың әке-шешелері «біз тұратын жерде балаларымызға жасалған қастандықты әділ тексерту мүмкін емес» деп мәлімдейді.
365INFO.KZ. "2017 жылғы Қазақстан бюджеті: келесі жылы жағдай қалай болмақ, не қысқарады?" - Ел бюджетін құтқару үшін болашаққа қор жинақтау мақсатында құрылған Ұлттық қор қаржысы ашықтан ашық күнделікті қажеттілікке жұмсалуда.
"«Тәуелсіз елсің, соған да тәубе де!». Қазақ неге «шүкіршіл» болу керек?!" - Байқайсыз ба, жиі еститін сөзіміз — «шүкір» болды. «Бұл күнімізге шүкір» деуді дағдыға айналдырдық. «Шүкір» мен «тәубеге» қарсы емеспіз, бірақ оның да шегі, жөн-жосығы болмас па еді…
ABAI.KZ. "«Пиары» әлсіз әкім..." - «Әкімде де әкім бар, «пиары» озып, «жар» салған» десем, бүгінгі күнге тән мақал болып шығатын түрі бар. Алайда, пиары озып тұрғанымен, ісі «тозып» тұруы, әбден, мүмкін. Соны бүркейді ме, әйтеуір, заманға орай, бәрі «тазы». Өсу үшін, бөсу керегін жақсы біледі. Бірі велосипедке, екіншісі комбайнға бұт артады, сөйтіп, халықтың «құлағынан тебеді». «Тепкіштердің» негізі – кезінде елдің ақшасына оқып келген «болашақтықтар».
"Франция Путинді халықаралық сотқа бермек" - Франция В.Путин мен Б.Асадты Сириядағы әскери операцияларға (қылмысты оқиғаларға) қатысты Халықаралық сотқа бермек. Бұл туралы Францияның Сыртқы істер министрі (СІМ) Жан-Марк Эйро мәлімдеді.
KORRESPONDENT.KZ. "Арыстанбектің абыройы неге сонша төгіле береді?" - Арыстанбектен абырой кетті. «Киноға бөлінген ақшаны қымқырып қалды» деген айыптан ақталып үлгермей жатып оған тағы бір кінә тағылды. Бұл жолы ауыр айып. Жүргенов атындағы өнер академиясының ректоры болып тұрған кезінде Мұхамедиұлы студент қыздарға қырғидай тиген бе деп қаласың. Ал, бұл мәлімдемелерді «арнайы тапсырыс» деген жоғары лауазым иелерінің өзі ойланып қалған сыңайлы. Өйткені, биліктің жоғарғы эшелонындағы кез келген тұлға тапсырыс құрбаны боп кетуі ықтимал.
"Қорғанысқа көңіл бөлмесек, қорғансыздың күйін кешуіміз мүмкін" - Қазақстанда жаңа министрлік құрылды. Енді елімізді жерде жүріп те, аспанда ұшып та, тіпті, ғарыштан да қорғайтын боламыз. Жаңа ведомствоның атауы да атандай – Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі. Әдетте мұндай мекеме өзінде ұшақ шығарып, космостық кеме жасайтын елдерде бар. Ал, бізде ұшақ түгіл ұршық та шықпайды. Ысқырығымыз жер жарып тұр. Бірақ, айдаған ешкіні санасақ...
QAMSHY.KZ. "Тіл тазалығы кірленбесін" - Қазақ тілі әлемдегі ең бай да әдемі тілдердің бірі. Оны тек қазақ қана емес, тілімізді зерттеген әлем ғалымдары да мойындап кеткен. Атап айтар болсақ неміс жерінде туып, бар өмірін Ресейде өткізген шығыстанушы В.Радлов: -Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды. Қазақтардың кез келгені тіпті сауатсыздарының өзі, ана тілінде Еуропада байқап жүргеніміздей тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлейді,-десе, тағы бір батыстық ғалым П. Милиоранский: - Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан ең бай, ең таза түркі тілдердің бірі етіп таниды,-деп тілімізге деген таңданысын жасырмаған.
ҚАЗТАГ. "Жаңа девальвациялық шошынудың жоғары қаупі неге сақталып отыр?" - Ұлттық валюта қыркүйекте нығаюға қарай жаңа тренд көрсетті. Қазан айының алғашқы күндері бұл үрдіс тек нығая түсті. Теңгеге мұнай бағасының өсімі мен Ұлттық банктің доллардың айырбас бағамының төмендеуіне қарсылық білдірмеуі қолдау көрсетті. Алайда үрдістің өзгеруіне және ұлттық валютаның кезекті құлдырауына алып келетін бірнеше фактор бар.
В Атырау +4