ҚАЗТАГ. "Жангелді Сүлейманов: Егер Матаев бірнәрсені бұзған болса, ол заңды емес, келісімшартты бұзды" - Ұлттық баспасөз клубының басшысы мен Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевқа қатысты шығарылған үкім тек кәсіби журналистік ортада ғана емес, сонымен қатар заңгерлердің арасында да қатаң сынға алынды. Тергеу бұл істің С. Матаевтың кәсіби қызметіне қатысы жоқ және тек экономикалық сипатта деп отырғасын (ал оны алаяқтық пен салық төлеуден жалтарған деп айыптады) біз істің дәл осы тұсын экономикалық және салық саласының маманы, адвокат Жангелді Сүлеймановтан түсіндіруін сұраған едік.
ZHASALASH.KZ. "Ядролық соғыс, өрiк және газ" - Ресей президентi Владимир Путин Түркияға барған сапарында түрiк президентi Ережеп Ердоғанға арзанға газ сататын болып келiстi. Және түрiктiң өрiк-мейiзiн Ресейге әкелуге рұқсат еттi. “Бүгiн РФ үкiметi ресейлiк нарыққа бiр топ түрiк тауарын – ауыл шаруашылығы өнiмдерi: сүйектi жемiстер мен цитрус жемiстерiн кiргiзу туралы шешiм қабылдады", – дедi В.Путин.
"Араша түс, Парламент!" - 12 қазанда бiр топ қоғамдық ұйым жетекшiлерi Атырауда соты басталған қоғам белсендiлерi Макс Боқаев пен Талғат Аянның басындағы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Парламентiне үндеу жолдады. Әлеуметтiк желiде үндеу мәтiнi Қ.Тоқаев, Н.Нығматулин, Қ.Сұлтанов, Д.Назарбаева, М.Әшiмбаев, Ж.Жарасов секiлдi заң шығарушы орган мүшелерiне жолданғаны туралы хабарланды. Төменде сол үндеудi жариялап отырмыз.
"Президент сырқаттанып қалды. Оның сыры неде?" - Әдетте жасы ұлғайған адамдарға тұмау-сұмау үйiр келедi. Бiрер күн түшкiрiп-пысқырып, ары кетсе, екi-үш күн төсек тартып жатып, содан кейiн орнынан тұрып кету – егде кiсiлер арасында жиi кездесетiн жайт. Бiрақ “Назарбаев сырқат" деген ақпар талайдың үстiне суық су құйып жiбергендей әсер еттi. Оның басты себебi – президенттiң денсаулығына қатысты ресми ақпар алғаш рет айтылып отыр. Екiншiден, Каримовтың кеткенi кеше ғана. Өзбек басшысының топырағы суымай жатып, қырғыз президентiнiң жүрегi сыр бергенiн бiлесiз. Iркес-тiркес өтiп жатқан осы оқиғалар әркiмнiң көкейiнде “ендiгi кезек бiзге келген жоқ па?" дейтiн сауал тудырған тәрiздi.
AZATTYQ.ORG. "Екіұдай пікір туғызған тұжырымдама" - Ақпарат және коммуникация министрлігі талқылауға ұсынған тұжырымдама журналистер мен блогерлерге бақылауды қатайтуды көздейді деген сын айтылып жатыр. Министрлік қоғамдық сын-пікірлерді ескеруге уәде етеді.
"Левада: Ресей халқының көбі мигранттарды келтірмеуге бейіл" - Сауалнамаға қатысқан ресейліктердің үштен екісі «билік елге келушілерді тежеуі тиіс» деп санайды. Олардың 2-3 пайызы ғана мигранттарды сыйлайтынын және ұнататынын айтқан.
365INFO.KZ. "Өзбек өзгерді! Мирзиёев Өзбекстанды өркендетіп жатыр" - алай жыл ел басқарып, көш бастаған Ислам Кәрімовтен айырылған өзбек ағайындарымыз қалай өмір сүріп жатыр екен? Назар аударсақ, жағдайлары жаман емес сияқты — кәсіпкерлерге еркіндік беріле бастапты.
ABAI.KZ. "Жаманқұлов әріптестеріне неге жақпай қалды?" - Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамәдиұлының басынан дау арылмай келеді... Сонау бір жылдары марқұм Рахат Әлиев салған лаң кезінде Арыстанбек мырза Әлиев деген фамилиясын Мұхамедиұлы деп өзгерткен еді. Содан бері талай елдің назарына түсіп, түрлі дау-шарға ілігіп, елдің күлкісіне қалып келеді. Тұзы жеңіл адам ба деп қаласыз... Енді міне, кезекті дауға килікті те кетті. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» болып шықты.
""Майдангер қазақ офицерлерінің саны 12 мыңға жетті"" - Сайтымыздың авторы, белгілі саясаткер ӘМІРЖАН ҚОСАНОВ өзі жиі сұхбат беретіні рас. Бірақ ол кісінің өзінің біреуден сұхбат алғанын көрмеппіз. Сол дәстүрін бұзып, Әбекең бізге мына сұхбатын жолдапты. Осы жолы ол танымал журналист, белгілі қоғам қайраткері, Атырау қаласында шығатын мемлекетаралық «Алтын ғасыр» газетінің редакторы, тарихшы ЖҰМАБАЙ ДОСПАНОВПЕН (суретте) өте бір қызық әрі маңызды тақырып төңірегінде әңгімелескен екен.
KORRESPONDENT.KZ. "Трансвеститтерді теледидардан көрсеткен дұрыс па?" - Тамыз айында «WhatsApp» мессенджері арқылы тарап кеткен трансвеститтер туралы бейнеролик есіңізде ме? Елді ұлардай шулатқан қыздарша киінген жігіттердің кейпі содан бері көзүйреншікті дүниеге айналғандай. Бүгінде «Хабар» арнасының «Біздің үй», ұлттық арнадағы «Әйел бақыты» сынды бірнеше бағдарламаларға қызтекелер «қадірменді» қонақ болуда.
QAMSHY.KZ. "Қуандық Шамахайұлы: ақпарат айдынында «қырғи-қабақ» соғыс аяқталған жоқ" - Қуандық Шамахайұлы - ҚР мәдениет қайраткері, филология ғылымының кандидаты, әдебиеттану саласының доценті, Мадридтегі халықаралық журналистер ұйымының мүшесі, халықаралық журналист.
TURKYSTAN.KZ. "Гендерлік шайқас немесе компромат соғыс" - Сайлауалды науқаны саясаттан аулақ жүретін адамдардың өзін таң қалдырып, аласапыран айтыстың қызуқанды көрерменіне айналдыра алады. Мұны АҚШ президентін сайлау науқанынан анық көріп отырмыз. Әу баста саны бір шоғыр болған үміткерлерден ақтық сайыста екеу-ақ қалып, бір-біріне «компромат» қазып, қарсыласы туралы жұрттың жағасын ұстататын дәйектер жариялап жатыр. Клинтон мен Трамптың айқасы – компроматтар шайқасы ма дерсің. «Жаптым жала, жақтым күйе» дегенде бірінен бірі қалыспайды.
"Кәрімовтың жолын кім жалғастырады?" - Талайдың көкейіндегі сұрақ осы. Ташкенттің іштей аңдысқан кландары үшін де, ертеңін уайымдаған қарапайым халық үшін де, алыс-жақын көршілері үшін де маңызы зор сұрақ. Құрлықтар мен мұхиттар, таулар мен теңіздер бөліп жатқан шалғай елдердің өзі қазір тың тыңдап, әр дүбірге құлақ түріп, сергек отыр. Себеп: жағрафия саясатқа кедергі емес, керісінше, төрткүл дүниенің бір бұрышында көбелек қанат қақса, екінші бір түкпірінде дауыл тұратыны жайлы пәлсапалық тұжырым ендігі өмірлік тәжірибеге айналды. Дүние тарылып, Жер кішірейіп барады.
В Атырау +4