Атырау, 5 желтоқсан 10:50
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Қазақ жұмыс іздемейді. Бізде жұмысқа жарамды азаматтар аз — Мұрат Әбенов", "Тәуелсiз Қазақстан президентi қалай казак атаманы болады?!", "Медициналық сақтандыру жүйесі қандай мәселені шешеді?", "Қытай кәсіпорындарын Қазақстанға көшіруге болмайды"

2 291 рет қаралды

AZATTYQ.ORG. "Сарказм" - Олжасын аузына көлденең тістеп, оны біреу тартып алатындай жедел жылысып бара жатқан сары ит (ай, итпісің деген!) анадай жерге ұзай бере, қайырылып, маған қарап... бір зәндемі сарказммен езуін ырситып күлді... Мейлі...

едициналық сақтандыру жүйесі қандай мәселені шешеді?" - Келер жылы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі» енгізілмек. Жарна төлегендер оны 2018 жылдан бастап пайдаланады. AzattyqLIVE тақырыпты Астана уақытымен сағат 15:00-де онколог дәрігер Мұхтар Төлеутаевпен талқылады.

"«Ауылымызда бүгін тағы бір адам жүрек талмасынан кетті»" - Бүгін Семей полигонында алғашқы жерасты ядролық сынақ жасалғанына 55 жыл толды. Полигон маңындағы халық сол сынақтардың зардабын әлі тартып келе жатқандарын айтады.

ZHASALASH.KZ. "Аты айғайлап тұр..." - Өткен аптада, аяқ астынан Қазақстанда жаңа министрлiк құрылды. Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсiбi деп аталатын жаңа министрлiкке Оңтүстiк Қазақстан облысын басқарған Бейбiт Атамқұлов жетекшiлiк етедi. Ресми хабарлама бойынша, министр­лiкке қорғаныс министрлiгiнiң қарауында болған қор­ғаныс өнеркәсiбi, инвестиция және даму жөнiндегi министрлiктiң құзырындағы ғарыш саласы және экономика министрлiгiне бағынышты болған мемлекеттiк материалды резервпен қамту iсi берiлдi. Жаңа министр­лiкке ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мiндеттерi де жүктеледi. Министрлiктiң құзыретi кеңейтiлiп, ол қорғаныс iстерiне қатысты тапсырыстарға, аэроғарыш өнеркә­сi­бiне және киберқауiпсiздiкке жауап бередi. Оның сыртында әскерге шақырумен айналысатын қорғаныс департаменттерiнiң (әскери комиссариат) қорғанысқа жұмылдыру функциясы да жаңа министрлiкке өттi. Бiрнеше ведомствоның құзырындағы салаларды жинақтаған жаңа құрылымның қалай жұмыс iстейтiнi, өзге министрлiктермен қалай өзара әрекет ететiнi әзiрге түсiнiксiз.

"Ненiң қызығын көп iздесең, соның күйiгiн бiр тартарсың" - Қазақстанда басы дауға жиi шатылатын бiр шендi болса, ол – Арыстанбек Мұхамедиұлы. Жуырда ғана режиссер Талғат Жәнiбеков оны “пара сұрады" деп айыптаған болатын. Белгiлi актер Тұңғышбай Жаманқұлов та А.Мұхамедиұлының Мәдениет министрiне “тән емес" бiрқатар “былықтарын" баспасөз бетiне шығарғаны есiмiзде. Ендi мiне – кезектi айыптау. Өнер академиясының бұрынғы студентi сол кездегi ректорды (А.Мұхамедиұлын) “қырындады", “қысым көрсеттi" деп жазғырып отыр.

"Тәуелсiз Қазақстан президентi қалай казак атаманы болады?!" - Алаш Арысы Халел Досмұхамедұлы: “Казачество құрыл­ғаннан бастап қазақ даласы Батыс өлкесiнiң 250 жылдық тарихы қанмен жазылды", – деп жаз­ған едi. Яғни, казачество құрылған кезден бастап Қазақ мемлекетiне басқыншылық шабуыл жасап келдi. Орыс тарихшысы Рябинин де бұл туралы былай деген: “…Жайық казактарының жалғыз ғана қас жауы болатын – ол қырғыздар (қазақтар-Ә.Ш). Жайық казактары оларға қарсы нағыз қатыгез соғыс жүргiздi". Тарихшы А.Б.Карповтың да “Уральцы: исторический очерк" атты еңбегiнде осындай сөздер кездеседi: “Ол қырғыз болса – демек жау, ата жау болғаны, түрi қырғыз болса жеткiлiктi: тұтас ауылдарды, қарттарды, әйелдердiң бәрiн казактар қырып, жойып салатын, балалар да, емшектегi сәби де өлтiрiлетiн. “Өссе - тiстейдi!" деп казактар оларға найза шаншып, көкке көтеретiн".

365INFO.KZ. "Қазақ жұмыс іздемейді. Бізде жұмысқа жарамды азаматтар аз — Мұрат Әбенов" - 10 жылдан кейін Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарында халықтың саны азаяды. Соның салдарынан еңбекке жарамды азаматтар саны 10-17 пайызға дейін төмендейді.

ABAI.KZ. "Ағаштың тамыры қураса..." - Ақтөбе облысына Астанадан Бас прокурор Ж.Асанов бастап, екі жүзге жуық хұқық қорғау және басқа да әртүрлі сала қызметкерлері келіп, жұмыстарын бастап кетті. Халыққа заң, қаржы, медицина жағынан көмек көрсетілмек. Ақтөбе халқы ұғымсыз емес, жағдайды терең түсінеді. Үгіт-насихат негізінен интеллигенция, ардагерлер, мән-жағдайды терең білетін адамдар арасында жүріп жатыр. Ал қарсылыққа бейімділер өздерін бөлек ұстайды.

KORRESPONDENT.KZ. "Банктердің алатын комиссиясы заңсыз" - Несие алу үшін банк табалдырығын аттамаған жан кемде-кем шығар. Ондайда алдыңыздан пайызы жоғары несиенің неше түрі шығады. Бірақ, сонымен қоймай есепшотқа деп комиссия сұрайтынын қайтерсіз. Көп жыл бұрын мен де елдегі ірі банктердің бірінен 1 млн теңге несие алып, соның 60 мың теңгесін комиссия ретінде банкке тастап кеткен едім. Одан өзге, ай сайын есепшотыма деп белгілі бір сомада ақша ұстап отыратын боп келісті. Менеджерден «бұл ненің ақысы, онсыз да пайызын төлеп отырамыз ғой?» деп сұрағанымда «бұл – біздің жалақымыз» деп жауап бергені есімде. Алайда, сол комиссияңыз қаншалықты заңды?

"Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын «Олимп»" - Қай қалаға бармаңыз, дүкені мен дәріханасы жоқ болса да, зауыты мен фабрикасы қаңырап бос тұрса да, букмекерлік кеңселер кеңінен қанат жайып, күні-түні қыз-қыз қайнап, жұмыс істеп жатады. Өздері өте жиі орналасқан. Инбет дей ме, Олимп дей ме – толып жатыр. Тіпті, ешқашан оған бас сұғып, бәс тігіп көрмеген адамның өзі олардың атауын жатқа біледі. Кейде ойлайсың, басқа бизнес дамымай, кері кетсе де, дағдарыс бизнестің жағасынан алса да, халықты жұмыспен қамтымайтын, салық төлемейтін букмекерлік кеңселердің жаңа филиалдары ашылып, жауыннан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кететіні қалай?! Бұ пәлеге тосқауыл болар ешкім жоқ па?!

QAMSHY.KZ. "Ментальді арифметика туралы математиктер не дейді?" - Журналисі қазіргі таңда ата-аналардың көбінің қызығушылығын тудырып отырған ментальді арифметика туралы зерттеу жасады.

"«31-арнадағы» ит және қазақтың министрлері" - Қазақта «күшігінен таланып қалған» деген сөз бар. Бұл жастайынан өзінен үстем, күші басым біреулерге бағынышты болып, күнкөріс тіршілігі сол күштінің қас-қабағын қарап өтіп келе жатқан бейшара адамға қатысты айтылатын сөз. Ал өмір бойы осылай біреуге жалтақтап күн кешіп келе жатқан адам қолына аздаған билік тисе, өзінің қоластындағыларды отырса-опақ, тұрса-сопақ күйге түсіреді. Бүгінгі қазақ билігі Мәскеудегі басшылары алдында дәл әлгі «таланып қалғанның» күйін кешетінін жасырамын десе де жасыра алмайды. Ең қасіреттісі сол орыс патшасы заманында да, Кеңес заманында да Ресей басшылығы түшкірсе де «жәрәкімалла», үшкірсе де «жәрәкімалла» деп өскен қазақ басшылығы өзінің сол «таланып қалған» санасынан арыла алмағаны аздай енді қалың қазақты ашықтан-ашық басынуға шықты. Әйтпесе, бір шенеунік қасиетті Түркістан шаһарына барып мынаның бәрін қазақша жазып қойыпсыңдар, орысшасы қайда мұның деп зіркілдеуін қазақты басыну емес дей аласыз ба?

DALANEWS.KZ. "Тайжан: “Шеңгелдідегі “пияз дауы" жай емес, жоспарланған дүние"" - Қоғам қайраткері, саясаткер Мұхтар Тайжан Шеңгелдідегі атышулы пияз дауының қалай аяқталғанын айтып берді.

QAZAQUNI.KZ. "Марат Тоқашбаев: Қытай кәсіпорындарын Қазақстанға көшіруге болмайды" - Қытайда өткен G20 саммиті қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Синьхуа агенттігі мен басқа да ақпарат құралдарына сұхбат бере отырып, Қытайдан 51 кәсіпорын Қазақстанға көшірілетінін айтқан еді. Бұл Үкіметтің Елбасыға әзірлеп берген шалағай ұсыныстарының салдары деп ойлаймын. Қазақстанның келешегін ойлайтын болсақ, бұл мүлде жол беруге болмайтын жағдай!


12 қазан 2016, 14:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.