Атырау, 5 желтоқсан 10:50
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Максим Рыбников: Ұлттық қордың ары қарай сарқылуы Қазақстанның тәуелсіз рейтингіне теріс әсер етуі мүмкін", "Кім кінәлі? Қазақтар неге парақор болып кетті?", "«Діни саясат», «дін саясаты», «саяси дін» – үш ұғым", "Қазақ күшінен айырылды ма? Ядролық қару"

2 409 рет қаралды

ҚАЗТАГ. "Максим Рыбников: Ұлттық қордың ары қарай сарқылуы Қазақстанның тәуелсіз рейтингіне теріс әсер етуі мүмкін" - Қазақстанның тәуелсіз рейтингі қысым астында қалуда. Мұнай бағасының жоғары болмауы, қазақстандық экономиканың күрт бәсеңдеуі мен монетарлы саясаттың тиімділігінің төмендігі мемлекеттің рейтингтік бағасына кері ықпал етуде. Дағдарыстың ары қарай күшею мүмкіндігі елімізге рейтингтердің ары қарай төмендеу қаупін тудыруда. Қазақстанның рейтингтік бағаларының болашағы туралы және оған не ықпал етуі мүмкін екені туралы біз S&P Global Ratings халықаралық рейтингтік агенттігінің «Тәуелсіз рейтингтер» бағытындағы жетекші сарапшысы Максим Рыбниковтың әңгімелеп беруін сұрадық.

AZATTYQ.ORG. "Айтысты айтқандар ақиқатты жоқтады" - Айтыскер Ринат Зайытов әріптестерін «сценарийден шыға алмай қалды» деп айыптайды. Айтыстың сапасы әлсіреп бара жатқанын мойындаған ақындар оның басқа себебі барын айтады.

"Билік партиясы президентті сайлағысы келеді" - Грузия сайлауында жеңген партия жетекшілері "мемлекет басшысын енді депутаттар сайлау қажет" деген пікір айта бастады. Заңға сәйкес жеңімпаз партия премьер-министр кандидатурасын бекітіп, үкіметті жасақтайды.

365INFO.KZ. "Қазақ күшінен айырылды ма? Ядролық қарудан бас тартпағанда Қазақ Елі қандай болар еді?" - Биыл Семей полигонының жабылғанына 25 жыл болды. Полигонның жабылуы Тәуелсіздің ең алғашқы жарқын шешімдерінің бірі болды, дейді біреулер. Алайда арамызда «Әу баста ядролық қарудан бас тартпауымыз керек еді» деп айтып жүрген азаматтар баршылық. Бұл уәж қаншалықты орынды?

"Кім кінәлі? Қазақтар неге парақор болып кетті?" - Шынында да қазіргі қазақ қоғамы парақорлыққа әбден батқан. «Бұдан құтылар бір ғана жол бар.Демократиялық құндылықтар орнығып, билік халықтың қолына көшсе, жемқорлық өздігінен жойылады» депатақты француз философы Шарль Луи Монтескье айтқан екен.

ABAI.KZ. "«Діни саясат», «дін саясаты», «саяси дін» – үш ұғым" - Зайырлы мемлекетте дін және саясатқа қатысты ұғынылуы шарт танымдар мен тіркестер бар. Олар мыналар "діни саясат", "дін саясаты", "саяси дін". Бұлар мемлекет пен дін қатынастарынан туындайды. Мемлекет пен дін – ұлт болмысы қабатынан орын алған ерекше институт. Екеуі де өзара қоғамдағы орны мен рөлін мойындай отырып, құқықтық, демократиялық ұстанымды басшылыққа алады. Бұл жерде дін құбылысы да мемлекет сияқты (теократиялық емес), құқықтық, демократиялық ерікке бой ұсынып, халықтық билікке бағынады.

"«Қазақ Елі» көрерменді таң қалдыратын сериал болады" - Ел іші елеңдеп күтіп жүрген «Қазақ елі» телесериалы дәл биыл экранға жол тартпақ. Бүгін аталған жобаның бас продюсері Арман Асенов мырза Abai.kz порталына сұхбат беріп, аталған сериалдың нақты қай күні жарық көретіні туралы әңгімелеп берді.

"Абай орысшыл емес" - Facebook-тегі Олжас Әбіл есімді қолданушы «қазіргі тәуелсіз қазақтың бас идеологы, философы, идеялық ұраны — Абай емес, Мағжан боп келеді» деген пікірін жариялады. Сол-ақ екен, ненің - ақ, ненің - қара екенін таразыламайтын көп сайттар жерден жеті қоян тапқандай әлгі жазбаны жариялап жатыр.

AIKYN.KZ. "Бейбарыс пен Берке" - Ұлы даладан ұлы перзенттер көп шықты. Соның ірілері Жошының ұлы Берке хан (1209-1266) мен Жамақтың ұлы Бейбарыс (1223-1277) сұлтан еді.

QAZAQUNI.KZ. "Өскемендегі оралмандар қыс алдында баспанасыз қала ма?" - Кеше кешкісін «Нұрлы көш» бағдарламасы бойынша салынған Шығыс ауылындағы тағы бір үйдің күлі көкке ұшты. Бұл – қаңқасы да қалмай жанып кеткен төртінші үй. Бір шүкіршілігі – адам аман.

QAMSHY.KZ. ""Маған қырындады" деген қыздың мәлімдемесіне орай министр Мұхамедиұлы "Қамшы" порталына пікір білдірді" - БАҚ беттерінде жиі сынға ұшырайтын Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты кешелі бері тағы бір шу шықты. Кезінде Мұхамедиұлы ректорлық жасаған Алматыдағы Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының түлегі Еңлік Сыдықова министрді студент «қыздарға қырындап, мәдениетсіздік танытатын» деп айыптады.



11 қазан 2016, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.