AZATTYQ.ORG. "Дінде де тіл мәселесі шыға бастады" - Тәжікстанда Құран сүресінен басқа дұғаларды тәжік тілінде оқуға ұсыныс жасалды. Әзірге оған ашық қарсылық байқалған жоқ. Мәселенің тарихи жағына назар аударған сарапшылар оны экстремизм қаупінің алдын-алу әрекеті ретінде де бағалайды. Ал Қазақстанда уағызды орыс тілінде оқу бастамасы дауға ұласты.
"Клинтон мен Трамп дебатта бірін-бірі аямады" - АҚШ президент сайлауына демократтар атынан түсіп жатқан Хиллари Клинтон мен оның республикашыл қарсыласы Дональд Трамп бетпе-бет тұрып пікір таластырды. Трамп жеңген жағдайда Демократтар лидерін «түрмеге түсіретінін» айтса, Клинтон Трамптың оғаш қылықтарын меңзеп, «ол президент болуға лайық емес» деп мәлімдеді.
ZHASALASH.KZ. "“Иесiз үйдiң итi осырақ"" - Егемен елiмiздегi әсiресе, солтүстiк облыстарындағы заңдылығы күмәндi “Орыс – славян және казак ұйымдары қауымдастығы" әр жылдарда дүркiн-дүркiн доқ көрсетiп, ұлттар арасына ши жүгiртумен келедi. “Күмәндi" деген сөздi неге ауызға алып отырмын? Орыс-славяндардың этникалық ұлт өкiлдерi ретiнде өздерiнiң мәдениетiн, салт-дәстүрлерi мен тiл, дiлiн дамытып, қастерлеу мақсатында ұлттық мәдени орталықтарын құрып, әрекет етулерi, әрине заңға қайшы емес. Ал сақалдары сапсиған, погондары жарқыраған сарыала әскери мундир киiп, белдерiне салақтатып қылыш асынып, ел аман, жұрт тынышта қоқақтап жүрулерiне не жорық? Япырмау, “казак" деген ұлт та емес, этнос та емес, әскери құрылым емес пе?!
"Кiмге сенесiз?" - Газетiмiздiң өткен санында Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаевтың соттағы соңғы сөзi мен онда есiмдерi аталған Қазақстан парламентi мәжiлiсiнiң төрағасы Нұрлан Нығматулиннiң және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ұлттық бюросының басшысы Т.Татубаевтың мәлiмдемелерiн жариялап, кiмнiң сөзiне сенудi оқырманның өз ықтиярына қалдырғанбыз. Бүгiн осы мәселеге қатысты көзқарастарын бiлдiрген құқық қорғаушы Е.Қалиев пен журналист Ж.Мамайдың пiкiрiн назарларыңызға ұсынып отырмыз.
365INFO.KZ. "Қазақстанда заң жұмыс істемейді. Дүкендерде ойын автоматтары самсап тұр" - Соңғы кездері елімізде психологтың көмегіне жүгінген ойынқұмарлар саны күрт артқан.
SN.KZ. "ҚазҰӨУ түлегі министр А.Мұхамедиұлының студент қыздарды қалай азғырғанын айтып берді" - Қазақ ұлттық өнер университетінің бұрынғы ректоры, қазіргі Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын аталған ЖОО-ның түлегі Еңлік Сыдықова жеңгетайлықпен айналысып, студенттерді азғырды деп айыптауда.
KORRESPONDENT.KZ. "46 миллиардты жұтқан Egov.kz қашан дұрыс жұмыс істейді?" - Биыл Egov.kz сайты 10 жасқа толды. Электронды үкімет құрылғалы оған бюджеттен 46 млрд теңге жұмсалыпты. Дегенмен, 240-тан астам қызмет түрін көрсететін бұл порталдың саннан сапаға көшетін кезі әлі келмеген сыңайлы.
ABAI.KZ. "Сабыржан Махметов: біз – байырғы және бүгінгі қазақ жерінің қожасымыз" - Менің намысыма тиіп жүрген мәселе – соңғы кездері бізде «сабырлы, төзімді, көнбіс болайық» деген ұрандардың жиі айтылуы. Жаратқан адамға малдан ерекше болсын деп өзіндік көзқарас, сана, ұстаным берді емес пе?
"Дос Көшім. Арылуға шақырамын" - Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы қарсаңында бейбіт шеруге шыққан қазақ жастарын аса қатыгездікпен жазалаған, ұрып-соққан, жұмыстан, оқудан шығарған, жасанды сотқа тартып, әділетсіз жазалар берген адамдардың Халық пен Ұлттың алдында кешірім сұрап, күнәдан арылу қажеттігін естеріне саламын. Сендер 30 жыл бойы үндемей келдіңдер; мүмкін біреулерің «заман солай еді» деп, іштей ақталатын да шығарсыңдар, ал енді біреулерің «біз басшымыздың айтқанын істедік қой» деп, сүттен – ақ, суден – таза болғыларың келер. Мен үндемегендерден қорқамын.
AIKYN.KZ. "Ресейге әскери база не үшін қажет?" - Ресей ояну үстінде. Әсіресе соңғы кезде Мәскеу жалпақ ғаламға өзінің әскери қуатын кеңінен танытуды, дұрысы мойындатуды қолға алды. Бұған бір себеп, әлемдегі халықаралық геосаясттың тым ушығуы.
ULT.KZ. "Шерхан Талап. Өз тарихын өгейсіткен ұлт немесе Әлихан неге лайықты ұлықталмады?" - «Алаш» тақырыбына келгенде біздің билік аузын буған өгіздей үнсіз қалатыны несі осы? Олардың тарихымызды қайта түлетуге құлықсыздық танытуы – бодандық бұғауынан босамаған саналарының қорқыныш қамытынан әлі ажырмағанынан хабар беретіндей. Иә, рас, олар бәрін өзінен бастағысы келеді... Тек олар өз тарихын өгейсіткен ұлттың ұрпақ алдындағы күнәсі ауырлай түсетінін ойласа ғой бір сәт...
"Қазақтың 8 мың жылдық тарихы бар" - Ал біздің археолог-тарихшыларымыз Қазақстан жерінде ежелгі адамның қазынды қалдықтары әзірге кездесе қоймағанына қарамастан, олардың мекен еткен аудандарының бірі – Қаратау жотасы болғанын анықтап отыр. Арыс өзені жағасындағы Кіші Қаратау жотасының солтүстік-шығыс бөлігінде жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде ертедегі адамдардың еңбек құралдары болып табылатын. Ірілі-ұсақты шақпақ тастардың табылуы осыған айқын дәлел бола алады. Қаратаудың алғашқы тұрғындары от жағып, оны сөндірмей ұстай білген. Олар аң аулаумен, тамақ болатын өсімдіктерді жинаумен шұғылданған. Орталық Қазақстан жеріндегі қазбаларға қарағанда, осы маңда орналасқан ежелгі адамдар еңбекке тас құралдарын кеңінен пайдаланған. Олар тастарды үшкірлеп, үлкен-үлкен қырғыштар, әртүрлі дөңгелек құралдар жасап, қажеттеріңе жарата білген.
QAMSHY.KZ. "Сұрамасақ сөз бостандығын кім береді?" - Соңғы уақытта қызу талқыланып жатқан тақырыптардың бірі – бұқаралық ақпарат құралдары саласына қатысты бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жайы.
"Ерболат Беделхан: Мәселе шаш пен сырғада емес. Бастысы – өнер мен музыка" - «Орда» тобының жетекшісі, «Ninety One» тобының продюсері, белгілі музыкант Ерболат Беделхан осылай дейді.
В Атырау +4