Атырау, 13 қазан 05:22
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Кепілдік қоры бұған дейінгі үлескерлерге көмектесе алмайды – ҰЭМ

2 419 просмотра

Фото: baq.kzБүгіннен бастап коммерциялық тұрғын үйлер саласындағы үлескерлердің ақшасы жаңа шарттар бойынша тартылады. «Тұрғын үй құрылысына үлескерлік қатысу туралы» заңның аясында коммерциялық тұрғын үйлерді салудың нақты үш тетігі қарастырылған. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық экономика министрлігі экономиканың инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры Ұлан Жазылбек жаңа заңның нормаларын кеңінен түсіндіріп берді, деп хабарлайды Baq.kz.

Оның айтуынша, аталған құжат үлескерлердің құқықтары мен ақшаларын барынша қорғауды көздейді. Ол үшін коммерциялық баспанаға қаржы салған қазақстандықтардың ақшасын игерудің нақты жолдары қарастырылған. Енді, құрылыс компаниясы үш тәсілдің біреуін таңдай алады. Бірақ барлық тетіктер бойынша үлескерлердің қаражатын тиімді игеру мәселесіне баса назар аударылады.

«Бірінші тәселге сәйкес, құрылыс компаниясы Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қорына тиісті жарнаны жасап, қордың кепілдігін ала алады. Бұл ретте, компанияның құрылыс саласында кем дегенде үш жылдық тәжірибесі, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалаларда 18 мың шаршы метр үй салды деген көрсеткіші болуы қажет. Бұдан бөлек, соңғы екі жылда қаржылық шығындар тіркелмеуі тиіс», - дейді Ұ.Жазылбек.

Бүгінде «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі жанынан Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры құрылды. Әзірше оның жарғылық капиталы 10 млрд. теңгені құрап отыр. Алдағы уақытта аталған қор 200 млрд. теңгеден аспайтын соммаға кепілдік беретін болады. Үйдің құрылысы бітпей қалған жағдайда қор оның аяқталуына кепілдік беретін болады.

Екінші тетікке сәйкес, құрылыс компаниясы екінші деңгейлі банктен несие алып, үйдің қаңқасын салып бітіреді. Осыдан кейін жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен үлескерлердің ақшасын тарта алады. Ал үшінші тәсіл бойынша компания тұрғын үйдің қаңқасын өз ақшасына сала алады. Содан барып үлескерлердің ақшасын игерсе болады. Бірақ онда да жергілікті биліктің рұқсаты қажет.

Дереккөз: Baq.kz

10 қазан 2016, 11:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.