Атырау, 5 желтоқсан 10:50
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Мемлекетте саяси дағдарыс бар", "«Аэроғарыш» министрлігін құру не үшін қажет болды?", "Әміржан Қосанов: "Мәдениет – бастықтар алдында қойылатын гала-концерт емес"", "Өзбекстандағы «жылымық» айы ғұмырлы ма?"

2 665 рет қаралды

ZHASALASH.KZ. "Мемлекетте саяси дағдарыс бар" - “Матаев iсi" бо­йынша ақпарат құралдарында, әлеуметтiк желiлерде пiкiр бiлдiрушiлер көп. Солардың iшiнде саясаттанушы, танымал сарапшы Дастан Қадыржановтың жазғандары өзгешелеу көрiндi. Оқып көрiңiз.

"Азғындарға аяушылық жасау да – қылмыс" - Соңғы уақытта дүйiм жұрт­ты дүрлiктiрiп жүрген жайттың бiрi – қоғамдағы зорлық-зомбылық. Бұрын, негi­зiнен, отбасындағы әлiмжеттiк туралы ғана сөз болатын. Күйеуi соққыға жыққан әйелдер, анасы немесе әкесi қол жұмсаған балалар мәселесi көтерiлетiн. Ал қазiр зорлық-зомбылықтың түр-түрi шықты. Ұл-қыз демей, жас балаларды жаппай зорлау, соққыға жығу, жоғарғы қабаттан лақтыру, бiр үйлi жанды үлкен-кiшi демей, тү­гел­дей бауыздау, ату сияқты, жан түршiктiрерлiк оқиғалар жиiледi. Болар-болмас ақшаға бола, үйiне басып кiрiп, қарттарды тонау, өлтiру, жасы ұлғайған кейуананың да етегiн түру тәрiздi тағылық әрекеттер кеңiнен етек алды.

AZATTYQ.ORG. "«Аэроғарыш» министрлігін құру не үшін қажет болды?" - Қазақстанда қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылмақ. Жаңа министрлік құру не үшін қажет болды және бұл мекеме елдің киберқауіпсіздігін қамтамасыз ете ала ма? AzattyqLIVE қонағы - саясаттанушы Досым Сәтпаев.

"Алексиевич: "Біздікі - милитаристік мәдениет"" - Соғыстың қарапайым құрбандары туралы жазған көркем шығармасы үшін Нобель сыйлығын иеленген Беларусь жазушысы Азаттықтың Прага кеңсесінде қонақта болып, сұхбат берді.

"«Бұрғылау» басшылығы ереуілшілер талабын орындауға келісті" - Жаңаөзендегі «Бұрғылау» жұмысшылары өз талаптарын орындауға жұмыс беруші мен билік өкілдері уәде берген соң ереуілді тоқтатты.

365INFO.KZ. "Путин Назарбаевқа қандай өтініш айтты? — сарапшы" - Қазіргі таңда Владимир Путин көптеген саяси мәселелерді тек Нұрсұлтан Назарбаевтың көмегімен шеше алады.

ABAI.KZ. "Әміржан Қосанов: "Мәдениет – бастықтар алдында қойылатын гала-концерт емес"" - Таяуда парламент мәжілісінде мәдениет саласына қатысты заңнамаға енгізілетін өзгертулер мен толықтырулар талқыланды. Оған белгілі саясаткер Әміржан Қосанов та қатысқан еді. Азаматтық қоғам өкілдерін парламенттік жұмысшы топтарға тарту үрдісіне байланысты мән-жайды білу үшін Әміржан мырзамен сұхбаттасқан едік.

"«Шиаяқ» қыз-келіншектер немесе қытай тарихының "құбыжық" кезеңі" - Қытай тарихында қазіргі заман адамдарының көзімен қарағанда мүлдем түсініксіз жағдай орын алған. Ол әйелдердің аяғын орау деп аталады. Ондай адамдарды қазақтар «ши аяқ» деп атап кеткен. Мұндай салттың пайда болуын ғалымдар 937-978 жылдары өмір сүрген оңтүстік Таң патшасы Ли Яумен байланыстырады. Аңыздарда айтылуынша ол кішкене аяқты қыздарды сұлу деп бағалайтын көрінеді.

KORRESPONDENT.KZ. "Газ қоры мол болғанымен, қызығын көре алмай отырмыз" - Қазақстанда табиғи газ ХХ ғасырдың басында ғана өндіріле бастапты. Қазір ол еліміздің құнды табиғи байлықтарының бірі саналады. Калориясы жоғары, тасымалдануы жеңіл, бағалы химиялық шикізат өндірісте пластмасса, химия талшықтарын, синтетикалық каучук, азот тыңайтқыштарын алуда қолданылады.

BAQ.KZ. "Көк тудың тарихы: Күннің орнына шаңырақ, аққу немесе киіз үй" - Тәуелсіздігін жариялаған ел үшін басты міндеттердің бірі, әрине, мемлекеттік рәміздерді қабылдау екені талассыз. Өйткені мемлекеттік рәміздер кез келген елдің егемендігі мен біртұтастығының берік негізі. Ендеше, 1992 жылғы 4 маусым – ел тарихында алтын әріптермен жазылатын күн. Осы күні ресми түрде мемлекеттік ту, елтаңба және әнұранымызды қабылдадық.

AIKYN.KZ. "Өзбекстандағы «жылымық» айы ғұмырлы ма?" - Өзбекстанда «жылымық» басталды деуге болады. Осылай демеске амал жоқ.

"Орыстар ойыннан іске көшті" - Қазір біз ғана емес, ТМД аумағындағы барлық елдер дерлік ер мұғалімдерге зәру. Осы жерде «білім босағаларындағы әйелдердің көптігі қоғамға қаншалықты зиян немесе пайдалы?» деген сауал туындайды.

QAMSHY.KZ. "Айдос Сарым: салафиттердің депутатынан бастап қатардағы белсендісіне дейін аты-жөндерін атау керек" - Алматы қаласының әкімдігі «Экстремизм мен терроризмге қарсы тұрудағы бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі» тақырыбында өткізген дөңгелек үстелде саясаттанушы Айдос Сарым осындай ой тастады.

"Жаңа министрлік не үшін құрылды, портфель кімге бұйырады?" - Кеше Президент Жарлығымен қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі құрылды. Қазақ тіліндегі атауына қарап бұрынғы қорғаныс министрлігі таратылыпты деп түсініп жатқандар да бар. Жаңа министрлікке бұрын қорғаныс министрлігінің құзырында болып келген қорғаныс өнеркәсібі, яғни, қару-жарақ, оқ-дәрі шығару, әскери техникаларды құрастыру мәселелері берілсе, 2014 жылғы Үкіметтегі құрылымдық өзгерістерден соң ми қойыртпақ болып кеткен «МИР» - Инвестициялар және даму министрлігінен ғарыш қызметі саласындағы өкілеттіктер берілді. Олардан бөлек, Ұлттық экономика, ақпарат және коммуникация министрліктерінің, Үкімет кеңсесінің қарамағындағы да біраз қызметтер жаңа министрлікке өтеді.




7 қазан 2016, 14:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.