AZATTYQ.ORG. "Өзбекстан неге «тату көрші» болғысы келе қалды?" - Өзбекстанның жаңа басшысы Шавкат Мирзияев бұл елдің Орталық Азия аймағындағы саясатына өзгеріс енгізіп жатыр. Бір айға толмайтын уақыт ішінде Мирзяев Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстанмен қарым-қатынасты жақсарта бастады.
"Мәдениет туралы заңды қалай жетілдірген жөн?" - Мәдениет туралы заң жобасы талқыланып жатыр. Қыркүйектің соңындағы талқылауға депутаттар, кино және театр мамандары, қоғам өкілдері қатысып, пікір таластырған еді. AzattyqLIVE хабарының бүгінгі сарапшысы - Ерлан Саиров.
"Дүйсенова: "Бұрғылау" басшылығы мен жұмысшыларына ұсыныс жасадық" - Үкімет Жаңаөзендегі "Бұрғылау" кәсіпорнының жұмысшылары мен басшылығына еңбек дауын шешудегі өз ұсынысын жасады деп хабарлады денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Тамара Дүйсенова.
ZHASALASH.KZ. "«Бук» иесi белгiлi. Ендiгi жағдай қалай өрбидi?" - Халықаралық тергеу тобы 2014 жылдың шiлдесiнде Донбасста құлаған малайзиялық Boeing ұшағын Украинаға Ресейден әкелiнген, кейiн керi әкетiлген “Бук" зымыран кешенi атып түсiрдi деген қорытынды жасады. Комиссияның есебi “аралық" деп аталса да, шын мәнiнде бұл түпкiлiктi тұжырым. Ресей аяқастынан өзiн ақтап алатын жаңа “бұлтартпас дәйектер" тапса да, ол айғақтары тергеушiлердiң шешiмiн өзгерте алмасы, яғни халықаралық қауымдастықтың бұдан басқа нұсқаны қарастырмасы анық.
NUR.KZ. "Еліміздегі министрлер миллион теңге жалақы алатын болып шықты" - Министрлер мен әкімдердің жалақысы қанша? Бұл халыққа соншалықты құпия ма? Қазір жариялылық заманы десек те, айлығын жұрттан жасыратындар да, оны құпия қылмай еркін айтатындар да бар. Бірақ халыққа олардың қанша алатыны қашан да қызғылықты деп жазады "Айқын" басылымы.
DALANEWS.KZ. "Кесір қайдан: ресурстан ба, әлде кадрдан ба?" - Қазақстан 1991 жылы мемлекеттік тәуелсіздігін алмас еді, егер 1936 жылы КСРО құрамынан шығу құқығы бар Одақтас республика мәртебесіне көтерілмесе. Қазақстан Одақтас республика мәртебесіне қол жеткізе алмас еді, егер 1920 жылы автономиялық республика болып құрылмағанда. Қазақстан автономиялық республика бола алмас еді, егер Ә. Бөкейханов бастаған алашордашылар ерен ерлік көрсетіп, жанкешті әрекеттерге бармаса.
ULT.KZ. "Айтулы күндерді қалай қарсы алар екенбіз?.." - Биыл жыл соңына қарай екі үлкен дата атап өтіледі. Бірінен екіншісі туындаған аса маңызды оқиғалардың алғашқысы – мызғымастай көрінген социалистік лагерь елдерінің басты ұйтқысы боп тұрған алып та қуатты кеңес империясының іргесін шайқалтқан қазақ жастарының көтерілісі. Оған алдағы желтоқсанда отыз жыл толады. Келесісі – тоталитарлық жүйенің көбесі сөгілуі нәтижесінде көгеннен босап, азаттықпен қауышқан елдер қатарында, біздің еліміздің де мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткізуі. Биыл жиырма бес жылдығы тойланатын осынау тарихи оқиға қаралы да қастерлі жастар толқуы басталған күннен тура бес жыл өткенде болды. Екеуі де қазақ тарихының мән-маңызы ерекше, елеулі белестері. Қалай қарсы алар екенбіз?
"Иманғали Тасмағамбетовтың "нестандартный" стандарты" - Жиырма бірінші ғасыр жаңа басталған болатын. Біз Жапон елінде жүрміз. Құрлықтан алыс, толқыған мұхиттың үстінде, бірнеше аралда тірлік кешетін жапондарды, өмір бойы бір сұрақ мазалап келеді. Біз кімбіз, қайдан келдік? Олар өздерінің қанын, днксын корейлермен, қытайлармен, тіпті, алыстағы вьетнам мен малайлықтармен де салыстырып көрді. Бәрібір көңілдегідей болмады. Біраз этнографтардың айтуынша, жапондар Алтай тауынан тараған жұрттың жұрнағы. Өйткені, жапон отбасында дүниеге келген әрбір нәрестенің құйымшағында көк таңба болады. Әлем ғалымдары бұл таңбаны моңғол таңбасы деп атайды. Бұл таңба басқа нәсілдерде кездеспейді. Тек Алтайдан тараған – түркі баласы мен жапондарда. Әрине, алыстағы Алтай тауынан шыққанбыз деген ұстаныммен келіспейтін этнографтар да көп еді Жапонияда ол кезде. Сондықтан, бұл нұсқа, бұл тұжырым, ол кезде ресми дүниеге айнала қоймаған. Имекең тура осыны жапондардың жүрегіне жақындаудың жолы етіп алыпты. Қандай жапон ұлымен сөйлесе қалса, «ана», «әке», «нан», «су», «жер», «аспан» деген қарапайым сөздердің аудармасын сұрап бастайды.
ABAI.KZ. "Назарбаев пен Путин қандай кино көрді?" - Ресей көшбасшысының Қазақстанға жұмыс сапары Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің «Жиырма сегіз панфиловшы» фильмін бірге көруімен аяқталды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Кинотуынды А.Бектің «Волоколамск тас жолы» шығармасы негізінде түсірілген. Оның оқиғалары Панфилов дивизиясы атқыштар батальонының командирі Бауыржан Момышұлының атынан әңгімеленеді.
TURKYSTAN.KZ. "Газет оқымайтын «оқырман» интернеттен бар керегін таба ала ма?" - Америкалық NOP World компаниясы жуырда әлем халықтарының ақпарат арналарына деген қызығушылығын салыстырып, ең оқымысты елдердің ондығын атады. Көш басында – Үндістан. Үнділер аптасына 10 сағат уақытын кітап, газет-журнал оқуға арнайды екен. Өкінішке қарай, оқу мәдениеті дамыған елдердің қатарында Қазақстанның аты атаусыз. Қазақ баспасөзінің дәурені аяқталуға жақын деген «көреген» болжамдардың болашағы қандай?
"Өзбектің алтыны өзгелерге бұйыра ма?" - Өзбекстан – Орталық Азияда өз орны бар мемлекет. Аймақта халқының саны жөнінен бірінші орында тұрса, экономикалық дамуы жөнінен де артта емес. Саяси ұстанымдарына байланысты әлемдік экономикалық үдерістерден тысқары, оқшаулау – өзіндік даму жолымен ерекшеленеді демесек, бұл елдің жерінде табиғи ресурстар мол. Атап айтар болсақ, бүкіл Орта Азиядағы газ конденсатының 74 пайызы Өзбекстанның үлесінде. Алтын қоры жөнінен ол әлемде 4-орынды иеленсе, жез қоры бойынша 11, уран қоры бойынша 8- орында. Ал мақта дақылын өсіруден әлемде 5-орында, сондай-ақ оны экспортқа шығару жөнінен 2-орында. Демек, әлемдік экономикада өзінің лайықты орны бар деген сөз.
"Жаңаөзенде жұмысшылар жұмысқа шығудан бас тартуда" - Жаңаөзенде ереуілге шыққандардың жалақысы бір миллионға дейін барған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. Жаңаөзенде бұрғылау компаниясының жұмысшылары осымен бесінші күн ереуілге шығып жатыр. Ереуіл 30 қыркүйекте басталған. Қазіргі уақытта оған «Бұрғылау» ЖШС-ның 2000-ға таяу жұмысшысы қатысып жатыр. Айта кетейік, бұл кәсіпорын «ӨзенМұнайГаз» АҚ-ның мердігер ұйымы. Ереуілге шыққандардың айтуынша, жұмысқа шықпай қоюларының себебі — төмен жалақы және кәсіподақ ұйымының төрағасын қудалау. Қазіргі уақытта ереуілшілердің алып отырған жалақысының көлемі 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін екен.
KORRESPONDENT.KZ. "46 миллиардты жұтқан Egov.kz қашан дұрыс жұмыс істейді?" - Биыл Egov.kz сайты 10 жасқа толды. Электронды үкімет құрылғалы оған бюджеттен 46 млрд теңге жұмсалыпты. Дегенмен, 240-тан астам қызмет түрін көрсететін бұл порталдың саннан сапаға көшетін кезі әлі келмеген сыңайлы.
В Атырау +4