Атырау, 5 желтоқсан 10:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

"Матаевтарға шығарылған үкiм – «Мұрагерлiк» операциясының басталғанын бiлдiре ме?", ""Бұрғылау" жұмысшылары бас акционермен келісе алмады", "Кинопрокатшылар қазақ тіліне қарсы шықты", "Сақал өсірем деп жұмыссыз жүргендер бар", "30 ел менiң не теңiм..."

1 999 рет қаралды

ZHASALASH.KZ. "Жаңаөзен жұмысшыларының талабы: Кiсi ақысын жемеңдер!" - Жаңаөзендегi “Бұрғылау" кәсiпорнының жұмысшылары өткен жұмадан берi ереуiл­деп тұр. Жалақыны көтерудi, жұмыс жағдайын жақсартуды, өздерi сайлаған кәсiподаққа қысым жасамауды талап еткен еңбекшiлердiң наразылығы күн сайын күш алып бара жатыр.

"Матаевтарға шығарылған үкiм – «Мұрагерлiк» операциясының басталғанын бiлдiре ме?" - Қазақстан Журналистер одағының төрағасы Сейiтқазы Матаев пен оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттiгiнiң бас директоры Әсет Матаев сот шешiмiмен алты және бес жылға сотталды.Астананың Есiл аудандық № 2 сотының судьясы Ақболат Құрмантаев үкiмдi бас-аяғы 15 минутта оқып шықты. Сот Сейiт­қазы Матаев­қа тағылған “қаржы жымқырды" және “салық төлеуден жалтарды" деген айыптар дәлел­ден­дi деп шештi. Сот үкiмiмен С.Матаевтың “қылмыстық жолмен тапты" деп саналған дүние-мүлкi тәркiленедi. Үкiмге сәйкес С.Матаев өмiр бойы мемлекеттiк және коммерциялық ұйымдарда ақпарат тарату саласындағы басшылық қызметiн атқару құқығынан айырылады.

"30 ел менiң не теңiм..." - Экономикасы қарыштап дамыған 50 елдiң қатарына енiп, “ендi өркениеттi 30 елдiң қатарына кi­ремiз" деп лепiрiп жүргенiмiзде сырттан суыт хабар жеттi. Мәссаған, бәсекеге қабiлеттi 50 ел қатарынан “абайсызда" шығып қалыппыз.

AZATTYQ.ORG. ""Бұрғылау" жұмысшылары бас акционермен келісе алмады" - Жаңаөзен қаласында төрт күннен бері наразылық танытып тұрған жұмысшылармен «Бұрғылау» кәсіпорнының бас акционері жолықты. Кездесуде екі жақ келісім жасай алмады.

"Жастарды қинайтын негізгі екі мәселе - баспана мен жұмыс" - Қоғамдық ұйым дерегінше, «Алматыда жастардың 14 пайызының ғана жеке баспанасы бар». Әлеуметтік сауалнамаға жастардың 35 пайызы «баспана мен жұмыс болмағандықтан, отбасын құра алмай жүрмін» деп жауап берген. Ал әкімдік өкілі жастар саясатына 2017 жылы бөлінетін қаржының жартысы жұмыспен қамтуға жұмсалатынын айтты.

ABAI.KZ. "Кинопрокатшылар қазақ тіліне қарсы шықты" - Шетелдік фильмдер тұтас мемлекеттік тілге тәржімалансын деген депутаттардың бастамасы оларды, тіпті, шошындырып отыр. Өйткені ондай киноның қалада көрермені жоқ екен. Қазақ тілді қауым, көбіне, ауылдарда деп сылтауратқандар қарапайым аударманы да «қазақтың сөзі көп» деп ауырсынуда.

"Мырзан Кенжебайдың жазушыларға үндеуі" - Әнебір кезде қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар, шығармалары талай елдің тіліне тәржімаланған белгілі-белгілі ақсақал қаламгерлер мен Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері бастаған бас-аяғы 200-ге тарта ақын-жазушылар Одақтағы осынау өте жайсыз жағдаяттардың себептері мен салдарларын атап көрсетіп, Елбасының атына хат жариялағаны белгілі.

KORRESPONDENT.KZ. "Сіз кімсіз, С мырза?" - Бүгінде ұмыт бола бастаған, есімі еске алына бермейтін Сергей Терещенко соңғы кезде тым лепіріп жүр. Бал ара өсіріп, омарташылар одағын басқарып жүрген экс-премьер өзінің бар екенін елдің есіне салғысы келді ме, әлде шемен болған шерін ақтарғысы келді ме, әйтеуір соңғы кездері тәуелсіз Қазақстанның дамуына қалай үлес қосқанын айтқан сөздері анда-мұнда жарияланып жүр. Тіпті Қазақстанның алғашқы-премьер министрі шынын айтам деп сырын айтып қойып та жүрген сәттері бар. Кісінің аузына қақпақ болудан аулақпыз, әрине. Айта берсін. Тек бізде экс-премьерге бірнеше сұрақ бар.

"Блогерлердің дені сарай бұлбұлына айналып кеткен" - Қателеспесек, биліктің әлеуметтік желілерге деген «махаббаты» осыдан 6-7 жыл бұрын оянды. Сол кезде жаппай планшеттену науқаны жүріп, кейбір депутаттардың «Твиттерден» өз аккаунтын, Үкімет мүшелерінің министрлік сайттарынан жеке блогтарын ашуы сәнге айналған еді. Тіпті экс-премьер Кәрім Мәсімовтің де «Twitter» мен «Facebookта» жеке парақшасы болды. Мұндай қадамға барар ма еді, бармас па еді, әлеуметтік желілеріңіз қоғамдық санаға ықпал етудің қуатты құралына айналып бара жатқан-тын.

QAMSHY.KZ. "Сақал өсірем деп жұмыссыз жүргендер бар" - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғұламалар кеңесінің мүшесі, доцент, дінтанушы ғалым Абдулла қажы Жолдасұлымен ел ішіндегі діни көзқарастар туралы аз-кем сұхбат құрған едік. Назарларыңызға ұсынып отырмыз.

DALANEWS.KZ. "Қазақ үшін жерін емес, руын қорғау маңызды" - Еліміздегі орыстілді басылымдардың көпшілігі «ресейшіл». Бұған кезекті рет көз жеткіздік. Көзқарасы қауіпті, көп жағдайда Кремльдің астыртын саясатын жұмсартып жеткізетін ресейлік сарапшы Александр СОБЯНИНМЕН әңгімелескен «Караван» газетінің мақсаты не? Мұны төмендегі мақаланы оқысаңыз түсінесіз.

AIKYN.KZ. "Миллион теңге алатын министрлер" - Министрлер мен әкімдердің жалақысы қанша? Бұл халыққа соншалықты құпия ма?




4 қазан 2016, 14:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.