ZHASALASH.KZ. "Мұхтар Шаханов: Айқайымыздың тұмсығы тасқа тидi" - Сейсенбiде, Парламент үйiнде Жер туралы заң жобасы талқыланды. Оған қоғам өкiлдерi де қатысты. Ж.Дүйсенбин басқарған жұмысшы тобындағы жиында Қазақстанның Халық жазушысы, Түркi әлемi зиялылар одағының төрағасы, Жер комиссиясының мүшесi Мұхтар Шаханов сөз сұрады. Ұлт патриоттарының көшбасшысын сөйлетпеуге қанша тырысса да, айтылуы тиiстi жайттар депутаттар назарына бәрiбiр iлiктi. Ақын сөзiне сiз де көңiл аударыңыз, қадiрлi оқырман.
"Оралманға обал-аудейтiн пенде табылмай тұр" - Маңғыстаудың Қарақия ауданында тұрып жатқан оралмандар баспаналарының сапасыздығына шағымданады. Соңы құрдымға кеткен “Нұрлы көш" бағдарламасы бойынша салынған үйлердiң астын термит кернеп, қабырғалары жарылып, құлап жатыр. Баспананың құнын төлеп, жамап-жасқап алуға жұмыссыздық пен қаржының жоқтығы қолбайлау болып отыр.
AZATTYQ.ORG. "Сенатор Дариға Назарбаеваның құдасы Берік Имашев" - Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың қазасынан кейін іле-шала президент Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызының құдасы Берік Имашев орталық сайлау комиссиясы төрағалығына тағайындалды. Бірақ 2020 жылға дейін Қазақстанда ешқандай сайлау жоспарланбаған.Ал Дариға Назарбаева билік басына жақындап, сенат комитеті төрайымы болды.
"Расул Жұмалы: «Өзбек-тәжік қатынасы тұтас Орталық Азияға әсер етеді»" - Ислам Каримов қайтыс болғаннан кейін Өзбекстан-Тәжікстан арасында «жылымық» байқалды. Екі ел қатынасының Орталық Азияға әсері жайында Азаттыққа сұхбат берген сарапшы Расул Жұмалы оны уақытша деп бағалайды.
"Гуантанамо тұтқыны Семейдегі тірлігіне шағынады" - Батыс басылымдары Қазақстанға қоныстануға жіберілген, бірақ жат ортаға әлі бейімделе алмай жүрген Гуантанамо түрмесінің бұрынғы тұтқынының Семейдегі өмірін сипаттаған.
365INFO.KZ. "Оны жазып кәйтесің?! Дәурен Абаев журналистерді соттаудың тың тәсілін тауып алды" - Қазақстандағы шенеуніктер тағы бір заң ойлап тапты. Бұл заң қабылданса, шенеуніктер «мен бұл мақаланы жазуға жазбаша рұқсат берген жоқпын» деп, кез-келген журналисті соттата алады. Сотталып кетуден қорқатын журналистер енді қоғамдағы келеңсіздіктерді, шенеуніктердің шектен шығатын әрекеттері туралы жазуды қоюымүмкін.
"Әдеп кеңесінің құрылуы — депутаттарға жасалған әкімшілік қысым — саясаттанушы" - Мәжіліс жанынан Қуаныш Сұлтанов басқаратын, құрамында 7 депутаты бар әдеп кеңесі құрылды. Олар Мәжілістегі «әдепсіз» депутаттардың мәселесін май шаммен қарап, тіпті мандатынан айыруы мүмкін. Әрине, бұл арада «онсызда қой аузынан шөп алмайтын Мәжіліске әдеп кеңесін құрудың қаншалықты қажет болды?» деген заңды сұрақ туындайды.
ABAI.KZ. "Исламды саясиландырудан сақтау – зайырлылықтың басты міндеті" - Билік пен қоғам немесе мемлекет пен халық арасындағы ең басты ұстаным ол – құқық. Халық көбінесе бала сияқты өз құқы мен хақын біле бермейді. Оны білдіру мемлекеттің міндеті. Платон айтпақшы «мемлекет – әке, халық – бала». Мемлекет те нормаларының шегі мен шекарасын нақты айқындап беруі тиіс, зорлықпен емес, дәлелді уәжбен, ғылыми таным, зерттеулер негізінде алынған диалогтармен қабылдатуы керек. «Мынау дайын тұрған көршіміздің нормасы, соны пайдалана саламыз» деу әкелік емес, мемлекеттің құлдық психологиясын көрсетеді. Былайша айтқанда бұл әкенің өз отбасы алдындағы жауапсыздығын көрсетеді. Мына қоғамда кім хақын білсе, талап етсе, сұраса, ол адамда «мен» деген ақиқат көрініс тапты деген сөз. Ал егер біреу ешқандай хақын, не хұқын сұрамаса, онда «мен» деген ақиқаттың орнына тобырдың еркі, идеологияның қысымы, авторитаризмнің лебі бар екендігін білдіреді. Жалпы хақ сұрағандыкі, яғни оған қажет еткен талабын беру де бүгінгі зайырлы, демократиялық жүйенің басты шарты.
TURKYSTAN.KZ. "Мойнында қарызы бар кәсіпкерлер кәсіпқой бокс тамашалап жүр ме?.." - Мемлекет кәсіпкерлікке айтарлықтай жағдай жасап отыр. Мемлекет тарапынан берілетін субсидия, арнайы несиелендіру, салық жеңілдігі мен кәсіпкерлік мектепте тегін оқыту республиканың барлық аймағында жүзеге асырылуда. Әсілі, бұл шаралар шағын және орта кәсіпкерлікке ғана қатысты сияқты. Себебі ірі кәсіпкерлердің төленбеген салығы мен қарызы шаш-етектен болса да, шаруасы түгел.. Кейбір ірі кәсіпорын қожайындары қоластындағы жұмысшыларына айлап жалақы бермеуді шығарған. Соған қарамастан, отандық кәсіптің иелері шетел асып, ойын-сауық құруды сәнге айналдырса керек. Қарағанды облысының басшысы Нұрмұхамбет Әбдібеков аймақтың Еңбек инспекциясы басқармасы мен әкімдеріне жұмыс берушілердің бетін бері қаратып, түрлі ойын-сауық бағдарламалар мен Геннадий Головкиннің жекпе-жегін тамашалаған басшыларды ауыздықтауды тапсырды.
QAMSHY.KZ. "Сирия АҚШ пен Ресейдің соғыс алаңына айнала ма?" - Сирия мәселесіне қатысты АҚШ пен Ресейдің арасындағы келіссөздер сәтсіздікке ұшырады десе де болады. Екі ел арасындағы соңғы дипломатиялық пікір алмасулар оң нәтиже бермеді. Сарапшылар күн сайын АҚШ пен Ресей енді дипломатиялық даудан ашық әскери қақтығыстарға көшеді дегенді жиі айтуда.
KORRESPONDENT.KZ. "Шіренген шенеуніктерді тобасына келтіруге болады" - Бір қарағанда біздің шенеуніктер төбесімен көк тіреп тұрғандай, Сырдың суы тобығынан келіп, заң-зәкүніңізге пысқырып та қарамайтындай көрінетіні бар. Бірақ ол – алдамшы көрініс қана. Шын мәнінде мемлекеттік қызметшінің әрбір әрекеті заңмен реттелген, қадамын қисық басуына жол жоқ. Сондықтан өзіне жалақы төлеп отырған халықты ұмытып, қарақан басының қамын күйттеген, өзін астам ұстап, елірген кез келген ақ жағалыны тоба қазығына таяуға болады. Міне, осы ниетпен еліміздің телегей-теңіз заңдардың ішіне сүңгіп, қалың бұқараның игілігіне жарайтын тұстарына біршама тоқталып өткенді мақұл көрдік.
DALANEWS.KZ. "Ғалымжан" - 2006 жыл. 15-ші қаңтар. Алматыдағы екінші вокзалға жиналған халық пойыз күтетін шағын алаңға сыймай, көпірге шығып кеткен. Полицейлер болса «көпір көтермей қалады» деп алаңдаулы. Олардың бәрі бір адамды күтіп тұр…
В Атырау +4