Атырау, 28 қараша 10:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Бұл балаларға қашан да көмек қажет

2 838 просмотра

«Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры балалардың церебралды сал (БЦС) ауруына шалдыққан балаларды оңалтуға жағдай жасауға бағытталған «Дені сау балалар» атты жаңа жобаны іске қосты.

Осы тақырып бойынша «БолашақК» қоғамдық қорының ғимаратында баспасөз конференциясы өтті. Қазір Атырау облысында БЦС ауруына шалдыққан 800-ден астам бала бар. Олар аяқтарынан тұрып, қалыпты өмір сүру үшін оларға тұрақты түрде ұзақ мерзімді оңалту жүргізу қажет. Қазір елімізде бірнеше оңалту орталықтары бар, іс жүзінде бала ол жерге кезектілік тәртібі бойынша тек жылына бір рет қана бара алады. Ал көпшілігіне қолдаушы ем-домдарын тоқсан сайын, тіпті үнемі алып отырулары керек.

Енді Атыраудан БЦС ауруына шалдыққан балаларды оңалту орталығы ашылуда. «БолашақК» қоғамдық қоры жоба әкімшісі болып табылады. Орталықта 21 күнге созылатын оңалту курстары жүргізілетін болады. Әрбір курсқа реабилитологтың, невропатологтың кеңестері, емдік дене шынықтыру нұсқаушысымен, логопедпен, эрготерапевтпен, дефектологпен, психологпен жеке шұғылдану кіреді. Меймандар қор қызметкерлерімен танысуға, балалар мен мамандарды әдеттегі жұмыс жағдайында көруге мүмкіндік алды. Ал «БолашақҚ» бойынша жасалған шағын экскурсия Валида Исанованың әдістемесі бойынша кондуктивті терапиямен аяқталды. Алайда қатысушыларға аналардың жоспардан тыс сөйлеген сөздері ерекше әсер қалдырды. Олар бұл уақытта балаларымен шұғылдануды аяқтап, баспасөз конференциясына қатысқылары келген еді.

- Біздің отбасымыз өз қиыншылығымен жеке өзі қалды. Жобаға қатысу мүмкіндігіне қуандық. Маған үйдегідей жайлы жағдай, жоғары білікті мамандар әсер етті. Әрине, қызымның да оңалтудың тағы бір курсынан өткенін қалар едім, - дейді Айсана САЯСАТТЫҢ анасы Венера.

Мамандар бір ай оңалтудың БЦС ауруы бар балаға берері аз деп есептейді. Болмашы ғана нәтиже болады. Оңалту жүйелі және тұрақты болуы тиіс. Ата-аналар бұған міндетті түрде қатысуға тиіс. Балаларын ықылас пен қамқорлыққа бөлеп қана қоймай, олармен үнемі шұғылданып отырулары қажет. Бірінші курс ақыл-есі кем балаларға арналған облыстық интернат қабырғасында өткізілді. Бір ай ішінде 27 бала кешенді оңалтудан өтті. Нәтижесінде оларда қозғалыс машықтары жақсарып, бастарын көтеріп отыруды, бұрылуды, отыруды үйренді, жүру кейпі жақсарды, ұсақ моторика дамыды. Олар анағұрлым коммуникабельді болды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

29 қыркүйек 2016, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.