AZATTYQ.ORG. "Қазақстан үкіметіндегі ауыс-түйіс билік ауысуының басы ма?" - Орталық Азия (ОА) елдерінің билігі әдетте көп нәрсені жасырады. Жақында Нұрсұлтан Назарбаев Самарқанға барып, дүние салған өзбек әріптесі Ислам Каримовтің рухына тағзым еткенде де сол жағдай байқалды.
"Шекара түбіндегі ауылдың «қауіпті» әрі жұтаң тіршілігі" - Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Достық ауылы тұрғындары «шекара түбінде күн көру қауіпті әрі қиын» және өздерінің «түгел жұмыссыз» екенін айтты. Жергілікті билік «тұрғындардың күн көріс деңгейі орташа, оларды қазақ-өзбек шекарасынан көшіруге жер бөлінген» дейді.
"ОА-да орыс тіліне Қазақстан мен Қырғызстан ғана ресми мәртебе берген" - Осы аптада Қазақстан мен Қырғызстанда тіл мерекесі атап өтілді. Қазақстанда бұл шара «Тілдер мерекесі» деген атауға ие болса, Қырғызстанда «Мемлекеттік тіл» күні деп аталады. Бұл елдерде орыс тілінің мәртебесі Конституция деңгейінде бекітілген. Сарапшылар билік бұрынғы тілдік ортаны сақтауға тырысады дейді.
365INFO.KZ. "Елімізде жеңілдетілген автонесие көлемі артуы мүмкін — сарапшы" - Жеңілдетілген автонесиенің арқасында Қазақстанда жасалатын темір тұлпар халықтың барлық табы үшін қолжетімді бола бастады. Алайда сарапшылар оның көлемі шектеулі болуы әлі көп азаматтарымыздың қолын байлап отырғанын жасырмайды. Сондықтан егер осы бағытқа бөлінетін мемлекет қаржысы артса, таяу болашақта отандық көлікке деген сұраныстың әлі де арта түсуіне көп мүмкіндік бар екен.
ZHASALASH.KZ. "«...Сол сарбаздар түрмеден үйiне аман келмеген»" - Қарқара көтерiлiсi – Албан көтерiлiсi қолбасшыларының бiрi, Қарақолдағы түрмеде оққа ұшқан Қазыбек Шорманұлының ұрпағы таяуда Текес аулында еске алу жиынын өткiздi. Ұлт-азаттық көтерiлiсiнiң қаһармандары Жәмеңке Мәмбетовтiң, Ұзақ Саурықұлының, Қазыбек Шорманұлының ескерткiштерiне гүл шоқтарын қойып тағзым етуден, мешiтте Құран бағыштаудан басталған шара Мәдениет үйiнде, спорт алаңдарында жалғасты. Көтерiлiстiң 100 жылдығына арналған жиында тарихи оқиғаға, бабалардың бодандыққа, Ресей империясының отарлық езгiсiне қарсы ерлiк шайқастары туралы әңгiмелендi. Ән мен күйден арнайы байқау өткiзiлдi, оның қорытындысы бойынша талантты жастар марапатталды. Волейбол мен күрестен спорттық жарыстың ақтық сыны мәресiне жеттi. Мұндағы жеңiмпаздар да ақшалай сыйлықтарды иелендi. Үлкен ас берiлдi.
ABAI.KZ. "Мемлекеттің ақшасы «жалаңаш қыздарға» бөліне ме?" - «Платон менің досым, дегенмен шындық одан да қымбат». Сол қымбат шындықты қазақтілді ақпарат құралдарында қызмет ететін достардың көңіліне қарамай, ашып айтатын уақыт жетті деп ойлаймын. Бәріңіз білесіздер, қазақ тіліндегі санаулы ақпараттық порталдар қазір порнографиялық һәм эротикалық сипаттағы мақалаларды жиі жариялайтын індетке шалдықты. Бұған басты себеп - оқырман тарту. Оқырманы көп интернет басылымға мемлекет тарапынан да қомақты қаржы бөлінеді. Сол қомақты қаржы қазақ ұлтын аздыруға жұмсалып жатқанын бүгінде ешкім жоққа шығара алмайды.
"Тұңғышбай даудың артында министрлік тұрғанын мәлімдеді" - Жақында «Abai.kz» порталында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының атына жолданған үшбу хат жарияланды. Әлгі хаттың айтпағы - "Тұңғышбай Жаманқұлов жетекшілік ететін Қазақстанның театр қайраткерлері одаған қатаң тексеруден өткізу керек деген" уәж екен. Асанәлі Әшімов бастап, Меруерт Өтекешова қоштаған алматылық жеті қайраткердің Жаманқұловты жазғыра отырып жазғаны бұқаралық ақпарат құралдарында қызу талқыланды.
KORRESPONDENT.KZ. "Министрлік құрғаны – дінді қолға алғаны" - «Корреспондент» бұған дейін де Қазақстандағы қаптаған шенділерден қарапайым халыққа келетін пайданың төңірегінде ой қозғаған еді. «99 мың шешеуніктен 99 қайыр бола ма?» деген сауалға жауап іздеп болғанымызша елде тағы бір министрлік құрылды. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі деп аталатын бұл ведомствоның алдағы міндеті қандай болмақ?
"Оңтүстіктегі ең өзекті мәселе – жұмыссыздық пен қылмыс" - Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған өңір деп әдетте Оңтүстік Қазақстан облысын айтып жатады. Бұл аймаққа қойылған атау, берілген баға әдетте саналуан болып келеді. Елбасы «Бір-ақ рет берілетін өмірді Шымкентте сүру керек» десе, екінші біреулер оны қазақстандық Техасқа теңейді. Ең танымал өңірге қандай сипаттама лайық, сіздіңше? Қылмыс пен жұмыссыздықтың, мұң мен шарасыздықтың мекені ме, әлде даму мен өрлеудің, өркениет пен инновацияның тоғысқан тұсы ма? Бүгінгі әңгіме арқауы – осы аймақтың тыныс-тіршілігі.
BAQ.KZ.
QAZAQUNI.KZ. "Коллектор келе жатыр…" - Бұрындар тәртібі нашар, тілазар баланы «Қожа келе жатыр!» деп қорқытушы еді. Өйткені қожаның қалтасында пышағы болатынын, онымен құлағыңды, керек болса басқа да аса қажет мүшеңді кесіп алатынын барлық бала жақсы білетін. Қазіргі балалардың қожадан қорқатынын көрген емеспіз. Есесіне сол балалардың өзі енді ата-анасын «Коллектор келе жатыр!» деп қорқыта алады. Заман қалай өзгеріп, дүние қалай дөңгелейді десеңізші…
DALANEWS.KZ. "Заманбек" - Осыдан 10 жыл бұрын, 2005 жылдың 12 қарашасында мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов үйінен өлі күйінде табылды. Бұл Қазақстан кезекті «мерзімінен бұрын» Президенттік сайлауға дайындалып жатқан шақ болатын. Кеуде тұсынан екі, басынан бір оқ тиген Нұрқаділовтің өлімі қоғамда түрлі әңгіме туғызды. Тергеушілер оның өлімін «өз өзіне қол жұмсау» дегенімен, қоғамдық орта оның өлімі туралы шындық ашылған жоқ деп болжайды. Заманбек Нұрқаділов тірі болса 17 қаңтарда 72 жасқа толар еді.
В Атырау +4